Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі. Дене шынықтыру, 3 сынып, презентация. 91 сабақ.
7 бөлім: Ойын арқылы әлеуметтік дағдылар
Тақырыбы: Топтық қозғалыс әрекетінің прогресі
3-сынып
Оқу мақсаттары:
3.1.6.6 Қозғалыс қызметін оқытудың түрлі кезеңдерінде тәуекелдердің туындауын қысқарту және қиындықтарды еңсеру шеберлігі мен машықтарын жетілдіру
Оқу бағдарламасына сілтеме
1.6. Қозғалыс қабілеттерін жақсарту үшін оқудың әр кезеңдерінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді
Сабақ мақсаты:
Дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді еңсеру шеберлігін түсінеді және көрсетеді
Бағалау критерийлері:
денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;
жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді жетілдіреді.
Күтілетін НәТИЖЕЛЕР:
- Жарыс элементтері бар ойындар оқушылардың шапшаңдық, икемділік, шыдамдылық, ептілік, күш-жігер дағдыларын дамытады;
- Жарыс элементтері бар ойындардың тигізетін әсерін біледі;
- Жарыс элементтері бар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қолданады.
Барлық жарыс элементтері бар ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.
Оқушы тез, тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.
Сонымен қатар ойыншыны
а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезінде қосымша жаттығулар орындауға үйрету.
ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.
Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.ң икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.
Жарыс элементтері бар ойындар
Қозғалмалы ойындарды өткізу кезіндендегі қауіпсіздік ережелері
1. Ережелермен танысқан, дәрігерлік тексеруден өткен, денсаулығы жарамды оқушылар қатыса алады.
2.Қозғалмалы ойындар кезінде спорт ережелерін бұзбау керек.
3.Қозғалмалы ойындарды өткізу кезінде оқушыларға төмендегідей қауіпті факторлар әсер етуі мүмкін:
4.Соқтығысып қалған кездегі алған жарақаттар;
5.Ойын шартын бұзған кездегі жарақаттар;
6.Құлаған кездегі алған жарақаттар.
7.Оқыс жағдайда зиян шеккен оқушылар бірден мұғалімге керек
8.Сабаққа, ойынға оқушылар міндетті түрде спорттық киіммен, табаны таймайтын резеңке аяқ киіммен қатусуы керек.
Ойын алдындағы техника жқауіпсіздік ережелері
1.Спорттық киім және аяқ киім болуы керек.
2.Оқушылар міндетті түрде қозғалмалы сергіту жаттығуларына қатысуы керек.
Ойын кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері
1.Ойынды тек мұғалімнің командасымен баста және аяқта
2.Ойын кезінде ойын ережесін қата сақта
3.Бір-біріне соқтығысып қалудан сақтан.
4.Құлаған жағдайда өзіңе жарақат алмауға тырыс.
5.Ойын кезінде спорттық құралда ақау бар екенін байқасаңыз, ойынды тоқтатып, мұғалімге ескертіңіз.
Тапсырма
(C, Ж, ҚБ) «Күзетшілер мен барлаушылар». Ойыншылар екі топқа бөлініп арақашықтығы 20 метрде бір біріне қарама қарсы орналасады. Алаң ортасында шеңберде волейбол добы қойылған. Командадағы ойыншылар қатармен есептеледі. Барлаушылардың міндеті-допты өз сызықтарына алып кету. Бекетшінің міндеті оған тосқауыл қою. Мұғалім ойыншының номерін айтатын болса допқа жүгіріп барады. Барлаушы бекетшіні озып допты алып кетуге әрекет жасайды. Егер барлаушы допты алып кетсе бектеші барлаушының тобына қосылады. Ал егер бекетші барлаушыға жетіп қолын тигізсе барлаушының тобына қосылады. Ойын кезінде ойыншылар рольдерімен ауысады. Ойын соңында басқа топтан келген ойыншылар саны саналып қайта орындарына қосылады Ең көп ойыншылар өз топтарына қабылдаған ойыншылар жеңіске жетеді.
«Күзетшілер мен барлаушылар» ойыны.
Дескриптор:
- Шеңбер ішіндегі қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Жүгіру кезіндегі қозғалыс әрекеттерін жасайды.
- Ойынның ережесін біледі.
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім?
- нені толық түсінбедім?
- игеру үшін не қажет? деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.
Оқушылар сабақты үш тілде бағалайды.
Үй тапсырмалары беріледі;
Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады).
Рефлексия
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру