Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 74 сабақ.


74 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

№ 6 бөлім: Топтық ойындар элементтері

Тақырып: Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар

Тақырыпқа сай іс-әрекеттер:

Оқушы сабақтың басынан мұғалім айтқан ережелерді ескере отырып, мақсатқа сай тапсырмаларды мұқият орындауы қажет.

Кіріспе бөлімде қауіпсіздік ережелерін мұқият есте сақтап, денені қыздыру жаттығуларын орындайды. Жалпы дамыту жаттығуларын орындауда мұғалім айтан нұсқаулықтарды ескере денені созу жаттығуларын орындайды.

Негізгі бөлімде оқу мақсатына сай іс-әрекеттер жасайды. Мұғалім берген тапсырмалар немесе қимыл-қозғалыс ойынын ережемен ойнау қажет. Құрал-саймандармен жұмыс жасауда мұқият болу керек.

Сабақтың қорытынды бөлімінде өткізілген сабаққа қорытынды жасап, кері байланыс беру қажет.

Бағалау: Оқушылар тарапынан берілген ақпаратқа мадақтау арқылы қолдау көрсету.

Негізгі бөлім: «Топтағы шығармашылықты дамытуға бағытталған ойындар»

Оқушыларға топта ойын кезіндегі қауіпсіздікті ескерту. Бір-бірлерінің ойын тыңдап, идеялармен бөлісуді дағдыландыру. Түрлі тапсырмаларды орындау кезінде қолайлы оқу ортасын құрып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойын кезінде құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс жасауды үйрету.

«Қызыл жалау» ойынын ойнату

Оқушылар тең екі командаға бөлінеді. Әр топтың өзінің жалауы болады. Алаң ортасынан үлкен сызық сызылып, екі топ екі алаңға орналасады. Әр топтың міндеті қарсы бетке өтіп, қарсы топтың жалауын өз алаңына алып келу. Ойыншылардың мақсаты алаңдарындағы белгілі аймақтағы өз жалауларын қорғау, қарсы топқа алып кетуге кедергі болу. Егер ойыншылар қарсы алаңға кіріп, сол алаңның ойыншылары ұстап алса, онда ол ойыншы жансызданып, жерлеп отырады. Оған өзінің командасының ойыншысы келіп, қол беру арқылы ойынға қайта қоса алады. Ойын уақытқа ойнатылады.

Ойын оқушылардың жылдамдық, ептілік, шапшаңдық дағдыларын дамыту мақсатында ойнатылады. Ойыншылар бір-бірін қуып жету арқылы жүгіру дағдылары дамиды.

Дискриптор:

  • Ойында ережені мұқият ұстанады;
  • Көшбасшылық қабілетін көрсете алады;
  • Шапшаңдық, жылдамдық қабілеттерін көрсете алады.

«Шатасты шеш» ойынын ойнату.

Жүргізуші таңдалады. Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңбер құрайды. Жүргізуші теріс қарап тұруы керек. Сол кезде оқушылар шеңберді бірінің үстінен бірі өтіп шатастырады. Оқушыларға ұстаған қолдарын үзуге тыйым салынады. Осыдан кейін жүргізуші шеңберді үзбей, бастапқы қалыпқа қайтаруы керек.

Қорытынды жасау. Бағалау.

Ойын аяқталған кейін, ойынды қорытындылау. Яғни, ойын барысындағы кемшіліктерді, қателіктерді ортаға салу. Оқушылардың іс-әрекетін, шағырмашыл қабілеттерін бағалау. Мақтау, мадақтау сөздері арқылы оқушыларды ынталандыру, қызығушылықтарын ояту.

Сұраңыз: Қандай ойындар сіздердің көңіл күйілеріңізге және өздеріңізді сергек сезінуге көмектеседі?

Қалыптастырушы бағалау сабақ барысында қалай жүргізіледі.

Оқушылармен тақырыпқа сай іс-әрекет жүргізу барысында, тапсырманы орындауда әр кез қалыптастырушы бағалау жүргізу. Тапсырманы орындауда қателіктерді айтып, үнемі кері байланыс беріп отыру. Оқушылар тапсырманы орындау кезінде мақтау, мадақтау сөздерін айтып, ынталандырып, талпындырып отыру. Оқушыларының өздері арасында шағын топтармен жұмыс барысында өзара бағалау жүргізіп, бір-бірін бағалауға дағдыландыру. Тапсырманы немесе қандай да бір қимыл-қозғалыс ойыны ойнатып болғаннан кейін, ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырманы орындауда қандай дағдылары дамығанын немесе қандай қиыншылықтар кездескендігі бойынша да кері байланысты үнемі жүргізіп отыру қажет.

Керекті құрал-жабдықтар

ысқырық дартс, дротик

доптар жеңіл доптар

кеглилер кәрзеңке

секіртпе кіші доптар

шығыршықтар

секіртпе қапшығы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.