Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 47 сабақ.
№47 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.
4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары
Тақырып: Ынтымақтастық және әділ ойын
Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:
Оқушыларды шағын топтарға бөліп, ұлттық, көше немесе қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Ойын ойнау барысында сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойынды игерудегі мақсаттарын түсіндіру. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы икемділік, ептілік, жылдамдылық, тез ойлап шешім шығару дағдыларын қалыптастыру.
«Ақсақ тырна». Екі топ бір бріне қарама қарсы сызықта тұрады. Оқушылар бір аяқта бір біріне қарай секіріп жылжып, бірін бірі қолымен (алақанмен) итереді. Қай топтын ойыншысы екінші аяғын жерге тигізсе ойыннан шығады. Қай топтың бір аяқта тұрған ойыншылары көп қалса, сол топ жеңіске жетеді.
Оқушылар топта «Ақсақ тырна» ойынына мысалында өздерінің ережелерін ұсынып ойнайды.
(Ж, Т, ҚБ) «Ақ сүйек» Ойынға қатынасушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне топ басшысын сайлап алады. Ойынды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқаларын беріп, сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады. Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бұрын тауып алса, сол көмбеге қарай жүгіреді. Қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады.
Топтың басқа ойыншылары да көмекке келеді. Ойын жалғасып қайталанып ойналады.қатарына қосылады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру