Ынтымақтастық және әділ ойын. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 48 сабақ.


48 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

4 бөлім: Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындары

Тақырып: Ынтымақтастық және әділ ойын

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Қыздырыну жаттығуларынан кейін оқушыларды шағын топтарға бөліп, ұлттық, көше немесе қимыл-қозғалыс ойынын ойнату. Ойын ойнау барысында сұрақ-жауап арқылы оқушылардың ойынды игерудегі мақсаттарын түсіндіру. Қимыл-қозғалыс ойындары арқылы икемділік, ептілік, жылдамдылық, тез ойлап шешім шығару дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырма

Асық ату ойынын ойнату.

Оқушылардың мергендік, дәлдік қабілеттерін арттыру мақсатында асық ойыны ойнату. Оқушыларды шағын топтарға бөліп, кезекпен асық ату әдістерінен жарыстыру.

"Ортаға түспек"

Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту.

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінеді. Он-он бес метрдей жерге меже белгіленеді. Әр топтан қолдарында бірдей түзу таяғы бар екі-екіден ойыншы ортаға шығады да, қатарласа тұрып, таяқты алға созады. Бастаушы қос таяқтың үш жағына бір қарыстай тақтай қояды да, оның үстіне сүйемдей жұмыр таяқшаны немесе қуыршақты тігінен тұрғызып орналастырады. Сонан соң ойынды бастауға белгі беріледі. Әр топтың ойынды жүргізуге қатысқан ойыншылары таяқтарын тең ұстап, оның үстіне қойылған заттарды құлатпай, межеленген жерге дейін барып, қайта оралуға тиіс. Таяқ үстіндегі заттар құласа, ұпайдан құр қалады. Әр кезектің жеңімпаз ойыншысы өз тобына ұпай алып береді.

Осы әдіспен ойынды жеке-жеке жалғастыруға да болады. Жеке ойыншы екі қолына екі қарыстай түзу шыбық алады. Ұшына сіріңке қорабы қойылып, оның үстіне адам бейнелі кішкене қуыршақ орнатады. Сөйтіп, әлгі межеге дейін барып, қайта оралады. Қай топ көп ұпай жинаса, сол жеңіске жетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу