Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 32 сабақ.


№32 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.

Тақырып: Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

1-тапсырма

Гимнастикалық жаттығулардан кешенді жаттығулар жиынтығын көрсету.

1. қарлығыш әдісіне тұрып, алға аунау

2. шалқалап жатып, жауырынға тұру

3. шалқадан жатып, көпірше жасау

4. жауырынға тұру

5. қолды тіреп баспен тұру

6. артқа аунау

Осы жаттығуларды ұлдар және қыздар бірге орындап, көрсету қажет. Әр оқушы жекелей жұмыс жасап, кешенді жаттығулардың кем дегенде 4-5 түрін қосып көрсету.

2-тапсырма

Өрмелеу әдісінің түрлерін көрсету.

1.Оқушылар кіші топтарда өрмелеп шығуға арналған тапсырмаларды құрастырады.

2.Оқушылар құрастырылған тапсырмаларды орындайды.

3.Оқушылар орындалған тапсырмалары талқылайды және бағалайды.

арқанға өрмелеу

швед сатысына өрмелеу

Бағалау:

Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;

Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді

Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.

Уақыт қалса, шағын топта гимнастикалық жаттығулардан эстафеталық ойын ойнату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу