Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік. Дене шынықтыру, 3 сынып, дидактикалық материал. 33 сабақ.


№33 сабаққа арналған дидактикалық материалдар және керекті құрал-жабдықтар.

3 бөлім: Акробатика негіздерінде гимнастика.

Тақырып: Гимнастикалық жаттығулардағы реттілік.

Тақырыпқа сай оқушы іс-әрекеті:

Тапсырмалар

Гимнастикалық жаттығулардан кешенді жаттығулар жиынтығын көрсету.

1. артқа аунау

2. жауырынға тұру

3. көпірге тұрып бір аяқ немесе бір қол көтеріп аударылып түсу

4. шпагатқа отыру (түрлі әдісте)

5. секіріп алға аунау

6. колесо жасау

7. жартылай сальто айналу

Осы жаттығуларды ұлдар және қыздар бірге орындап, көрсету қажет. Әр оқушы жекелей жұмыс жасап, кешенді жаттығулардың кем дегенде 4-5 түрін қосып көрсету. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Бір-біріне жаттығудың орындау әдістері бойынша көмек көрсетеді.

Бағалау:

Қызыл түс - жаттығуды орындауда кемшіліктер бар;

Жасыл түс – жаттығуды орындалу техникасына сай көрсетеді

Әр оқушы неғұрлым жасыл түсті стикерге иелік етсе соғұрлым жоғары ұпайға ие болады.

Уақыт қалса, шағын топта гимнастикалық жаттығулардан эстафеталық ойын ойнату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.