Шабылдау әрекеттері бар ойындар. Дене шынықтыру, 2 сынып, сабақ жоспары.


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша дене

шынықтыру пәнінің қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ №

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Бастаушы және күрделі қозғалмалы ойындар.

Ортақ тақырып: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахметов Б.С.

Сынып:

Қатысқандар cаны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шабылдау әрекеттері бар ойындар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.3.1 Дене қасиеттерін дамытуға қарапайым жаттығуларды орындау және түсіну.

2.2.4.1 Рухани -адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді талқылау.

 Сабақ мақсаттары

Қарапайым жаттығуларды белсенді орындау, топтық жұмыстарда адамгершілік құндылықтар және патриоттық сезімді талқылау.

 Жетістік критерийлері

Ойындар барысында қарапайым жаттығуларды дұрыс пайдаланады, белсенді қимылдайды, адамгершілік құндылықтар, патриоттық сезімді түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Тілге қатысты оқу дағдыларын оқыту (мысалы: жүгіру, жүру,

төменнен лақтыру, соққы, айналу сөздік дағдылары).

 Құндылықтарды дарыту

 

Ойын барысында өзгелер көзқарасына құрмет және жеке, жұпта, командада жұмыс істеу қабілеті.

 Пәнаралық байланыстар

Өзін-өзі тану, жас өспірімдер физиологиясы.

 АКТ қолдану дағдылары

АКТ (әсіресе ғаламторды) байланыс, істестік, мазмұн жасау, дене тәрбиесі саласында көмек сұрау мен ақпарат табу үшін басты құрал ретінде қолдану.

Алдын ала білу керек

Бұл бөлім оқушыларға қимыл-сын дағдыларын дамытуға бағытталған бірқатар ойын әрекеттері арқылы координацияны дамытуға көмектеседі. Бұл дағдылар олардың болашақтағы белсенді әрекеті үшін негіз болады (қанша және қаншалықты жақсы қатысады).

Жоспарлардағы әрекеттер.

Б = бүкілсыныптық жұмыс. Жж = жұптық жұмыс.

Тәж = оқушы тәжірибесі. Ф = формативті бағалаудың мүмкіндіктері.

Т = топтық жұмыс. Ж = жеке жұмыс. К = оқытушы көрсетеді.

Сабақ барысы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Уақытты жоспарлау:

Дайындық бөлім: 8-10 мин.

Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар. Мәнерлі жүрістер.

Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.

Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды, бұлшық еттерді негізгі қимыл-қозғалыстарды орындауға дайындау.

Әрбір әрекет түріне арналған үлкен, бос кеңістік. Мұғалімге арналған ысқырық.

Сабақтың ортасы

(И, К, Г) Сыныптағы оқушылардан екі жүргізуші таңдалады. Жетекшінің бұйрығы бойынша оқушылардың міндеті ойын алаңында әртүрлі бағытта жүгіру болса, жүргізушілердің міндеті алаңдағы ойыншылардың кез келгенін қуып жету, оларды ұстау болып саналады. Жүргізушілер ұстаған оқушы да жүргізуші болады, ойын барлық ойыншылар жүргізушілер болғанша жалғаса береді. Содан кейін, ойынды қайтадан бастауға болады. Ойыншылармен шабуыл жасайтын ойыншылардың қателерін және келесі ойында осы қателерді қайталамауды талқылау.

(И, Г, Э) «Күн мен түн». Ойыншылар алаң ортасында бір-біріне арқасымен тұратын екі топқа бөлінеді, олардың аралығы 1,5 м. Бір топқа «Күн» атауы, екінші топқа «Түн» атауы беріледі. Әр топтың өз алаңында (10—12 м) үйі бар. Мұғалім кенеттен топ атауының біреуін атайды, мысалы «Күн!» Осы топтың ойыншылары өз үйлеріне жылдам жүгіріп барады, ал басқа топ қуып жетіп, оларды ұстайды. «Ұсталған» ойыншылар басқа топқа өтеді және т.б. Ойын бірнеше рет өткізіледі, содан кейін бірдей жүгірісте (үш немесе төрт) әр топтан ұсталған ойыншылар саны саналады.

Көбірек ойыншыларды ұстаған топ жеңеді.

Үлкен ашық кеңістік, мұғалімге арналған ысқырық.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Теориялық және практикалық жаттығуларда мұғалім командалық ойындарды ойнаған кезде, әдеттегі қателерге, жетістіктерге назар аударады анықтамалар береді. Оқушылар таңдаған белгілі ойындарға балалардың қызығушылықтарын қолдап және дамытып, дағдыларын дамытуға нұсқаулар беру, бақылау. Осы ойындарға байланысты басқа да баламалы нұсқаларды ұсынуға ұсыныстар жасау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды, жүйелі жаттығулар жинағының үйлесімділігін көрсетеді. Жаттығуларды барынша белсенді орындау, қозғалмалы ойындарды жалпылау. Командалық ойындардағы тапсмырмалардың күрделі тұстарына мән беру. Қабілеті жоғары оқушылар ойындардағы қимыл-қозғалыс әрекеттерін қайталап, орындалуын өз бетінше, нұсқаларын көрсету.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен белсенді жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Ойындар барысында бейресми қалыптастырушы бағалаулар. Күрделі тапсырмаларды орындауға бейім болу. Талаптарға сай орындалуына көңіл бөлу.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Жабдықтардың талапқа сай болуын қамтамасыз ету.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.