Алкиндердің алынуы. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Бөлім атауы: 11.1В Карбонильді қосылыстар | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Сынып : 11 |
| ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Алкиндердің алынуы | ||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.2.26 алкиндердің гомологтық қатарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, алыну әдістерін қарастыру | ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | ацетилен (этин) және оның туындыларының алыну әдістерін қарастыру | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Пәнге тән лексика мен терминология: алкиндер, үш еселі байланыс, еселі байланыстың орны бойынша изомерия, кальций карбиді, ацетилен, дигалогеналкантуынды, дегидрогалогенирование Диалог және жазуға арналған пайдалы сөз оралымдары: Сәйкес алкандар дегидрленгенде алкин түзіледі Кальций карбиді сумен әрекеттескенде ацетилен мен кальций гидроксиді түзіледі Алкандардың дигалогентуындыларынан дегидрогалогенденеді, нәтижесіндң алкин түзіледі. | ||||||||||
Құндылықтар | Достастық, өзара сыйластық (топта жұмысты орындау) Өмір бойы оқыту | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика (дегидрлеу реакцияның жүру жағдайлары), математика (есептеулер) | ||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | 11.4.2.26 алкиндердің гомологтық қатарын, физикалық және химиялық қасиеттерін, алыну әдістерін қарастыру | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттері | Дереккөздер | |||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Амандасу. Жоқ оқушыларды белгілеу (Ж, Б) Оқушылардың білімдерін тексеру Оқушыларға 1-5 тапсырмалар парақтары таратылады, қалаулары бойынша 1, 3 немесе 2,3 тапсырмаларды орындайды (қосымша 1) Дайын жауаптар арқылы өз-өзін тексеру, мұғалімнің кері байланысы ( 4,5 тапсырмалар жұмысты ерте аяқтаған оқушылар орындайды немесе үйде орындауға болады) | Ж- жеке жұмыс Жж – жұппен жұмыс Т топпен жұмыс С – сыныппен жұмыс К - көрсетілім М – мұғалімнің түсіндіруі Б бағалау
| |||||||||
Сабақтың ортасы 3 минуты 7 минут 5 минут 5 минут 7 минут | (К) «Карбидтен ацетиленді алу» видеобейне көрсету арқылы тақырыпқа шығу http://orgchem.ru/chem2/vid/CaC2_H2O.htmmу оқушыларға реакция теңдеуін аяқтай тапсырмасы ұсынылады СаС2 + Н2О = С2Н2 + Са(ОН)2 (слайд 1) Ацетиленді көмірсутектерді алу тағы қандай әдістері бар? нәтижесінде оқушылар сабақ тақырыбы, оқу мақсаты және бағалау критерийлерін талқылайды. (1-5 слайдтар) (П) оқұлықпен жұмыс жұп санды жұптар өнеркәсіпте және зертханада ацетиленді алу әдістерін қарастырады (реакция теңдеулерін дәптерлеріне жазады) тақ санды жұптар ацетиленнің туындыларын алу әдістерін қарастырады (реакция теңдеулерін дәптерлеріне жазады) жұп құрамын өзгерту арқылы бір біріне жазылған реакция теңдеулерін қолданып қарастырған әдістерді түсіндіреді (М) мұғалім алкандардың дигалогентуындыларының дегидрогалогендену реакцияларын түсіндіреді Егер сілтінің спирттегі ерітіндісімен галоген атомдары бір көмірсутекте орналасқан дигалогентуындылар әрекеттессе,ацетилен қатарының көмірсутектері түзіледі, мысалы 1,1-дихлорэтан (6 слайд ) СНCl2‒ СH3 +2KOH (спирт.ер-ді ) → СН ≡ СH +2KBr + 2H2O Бекіту және тексеру мақсатында оқушыларға тапсырмалар парақтары таратылады (қосымша 2) Дескрипторлар: 1. нәтижесінде ацетилен түзілетін этанның дегидрлену реакциясының теңдеуін жазады 2. қосылыстардың артық мөлшердегі калий гидроксидінің спирттік ерітіндісімен 2-3 реакция теңдеулерін дұрыс жазады 2. түзілген көмірсутектерді халықаралық номенклатурасы бойынша дұрыс атайды Жауаптар парақтары арқылы оқушылар өз жұмыстарын тексереді, мұғалімнің кері байланысы | Презентация Powerpoint | |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақтың соңыдағы рефлексия: Бағалау критерийлері қайтып оралу (6 слайд) (критерийлерге сәйкес оқушылар іс-әрекетерінің рефлексиясын жасайды) -нені білдім, неге ұйрендім; Үй/т: алкиндердің алыну әдістері, есептердің біреуін шығару Есептер 1. 10% қоспасы бар 400 г кальций карбидін сумен әрекеттестіргенде түзілетін газдың көлемі қанша (ст.ж.)? 2. Құрамында 95% метан бар табиғи газдың 20 м3 термиялық ыдырауы кезінде түзілетін ацетиленнің көлемі қанша (қ.ж.)
| ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманы орындау барысында барлық реагенттер мен өнімдерді көрсетіп реакция теңдеулерін жазады және оттек атом санының өзгеруі бойынша тотығу процесін түсіндіреді | бір бірін бағалау топтық бағалау мұғалімнің кері байланысы | Интерактивті тақтаның жұмысы 15 минуттан аспауын қадағалау | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқу мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? ОМ барлық оқушылар жетті ме? Егер жетпесе, онда неге? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт бойынша кезеңдері сақталды ма? Сабақтан жоспарынан тыс өзгерістер болды ма және неге? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? | |||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру