Күкірт оксидтері. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар бөлімі:

9.3А Күкірт қосылыстары

Мектеп: ФМБ НЗМ Алматы қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күкірт оксидтері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.1.13 – күкірт (IV) және (VI) оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру, олардың адам ағзасына физиологиялық әсерін зерттеу.

9.4.2.1 – қышқыл жаңбырлардың пайда болу себептерін және қоршаған ортаға экологиялық әсерін түсіну

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- күкіртің аллотропиялық түр өзгерісін, оның оксидтерінің физикалық және химиялық қасиеттерін біледі;

- бақылаған реакцияларынан қорытынды шығара алады;

Көп санды оқушылар:

Қышқыл жаңбырлардың пайда болу себептерін және оның қоршаған ортаға әсеріне талдау жасай алады

Кейбір оқушылар:

Күкірттің қолданысы мен өндіріс саласына тигізетін зиянын зерттей келе, болашақтағы өз қадамын ұсынады.

 Бағалау критерийлері

  • - күкірт оксидтерінің химиялық қасиеттерін көрсететін реакцияларды жаза алады;
  • - қышқыл жаңбырдың түзілуі, қоршаған ортаға әсері туралы диаграмма құрастырады;
  • - күкірт оксидтерінің адам ағзасына физиологиялық әсері туралы диаграмма жасай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

 Құндылықтарды дарыту

Өзін-өзі жетілдіру мен дамыту қажеттілігі

 Пәнаралық байланыстар

Физика (атом құрылысы), экология

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

4-7 мин

8-10 мин

11-14 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Зейінін шоғырландыру сатысы:

Видео материал көрсетіледі. Қазіргі кездегі басты экологиялық проблемалар күкірттің қолданылуына байланысты.

Осы видеоны көру арқылы оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастыруға болады. Ол үшін әрбір оқушыға бірнеше сұрақтан тұратын таратпа қағаздары беріледі:

1. Ауаның ластану себептері?

2. Танымал ауа ластаушылары?

3. Ластаушы газдар адам ағзасына қалай әсер етеді?

4. Ластаушы газдар қоршаған ортаға (өсімдіктерге, жануарларға, топыраққа, ғимараттарға) қалай әсер етеді?

5. Ауаны ластанудан сақтау үшін болашақта қандай шаралар жасау керек?

Бағалау: Әрбір оқушы жауапты жазып болғаннан кейін, тақтадағы дұрыс жауаппен өз жауабын салыстыра отырып өзін-өзі бағалайды (өзін-өзі бағалау жүзеге асады).  Бағалау критерийі (бағдаршам әдісі):  5 жауап дұрыс болса – жасыл стиккер, 3 жауап дұрыс болса – сары стиккер, 

1 немесе ешқандай жауап дұрыс болмаса – қызыл стиккер беріңіз. 

Бүгінгі сабақтың мақсатын немесе тақырыбын болжау.  (Оқушылар көрсетілген видео мен өткен сабақтағы тақырыпты байланыстыра отырып сабақ мақсатын анықтау қажет)

Бағалау критерийлері таныстырылады Мұғалім тарапынан кері байланыс беріліп отырады. 

Бейнебаян

https://twig-bilim.kz/kz/film/pollution-air

таратпа қағазы

Сабақтың ортасы

15-20 мин

21-27 мин

28-36 мин

Күкірт екі түрлі оксид түзеді. Олардың физикалық және химиялық қасиеттері төмендегі кестеде көрсетілген.

Оқушылар жұппен келесі жаттығуды орындайды:

Әр жұп бірін-бірі бағалайды. Ол үшін жауап жазылған дәптерді келесі жұптың дәптерімен алмасады. Слайдта көрсетілген дұрыс жауаптармен сәйкестендіреді.

Бағалау критерийлері:

Барлық жауап дұрыс болса – «өте жақсы»

4 жауап дұрыс болса – «жақсы»

3 дұрыс жауапқа дейін болса – «қанағаттанарлық» деп дәптерлеріне жазып береді.

Оқушылар топтасып, яғни 3 топқа бөлінеді де «күкірт оксидтерінің адам ағзасына физиологиялық әсері мен қоршаған ортаға зиянды әсерлерін» А3 форматты қағазға диаграмма, кесте, суреттер сызу т.б. арқылы түсіреді. Сол арқылы басқа топтарға өз жұмыстарын түсіндіреді.

Дескриптор:

1. Адам ағзасына қандай зиянды әсер әкелетінін нақты түрде көрсету қажет.

2. Қоршаған ортаға әсерін нақты көрсету керек.

3. Диаграмма информация беретіндей болуы қажет.

Бағалау екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша бағаланады.

Слайд

Әр жұпқа 1 үлестірмелі қағаз

А3 форматты қағаздар

Сабақтың соңы

38-40 мин

Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Бүгінгі сабақтың сіздер үшін маңыздылығын бағалаңыз!  

1. Сабақ сіздерге түсінікті болдыма а) иә; б) жоқ. 

2. Сабақтың қай кезеңі сізге қызықты өтті: а) бағалау кезеңі; б) тапсырмалардың деңгейі; в) сабақта алынған білім 

3. Бүгінгі сабақта мақсатқа қол жеткіздім деп ойлайсыз ба: а) иә; б) жоқ; в) жартылай 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру