Күкірт. Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістері. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3А 17 (VII), 16 (VI), 15 (V), 14 (ІV)-топ элементтері және олардың қосылыстары | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 9 | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Күкірт. Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістері | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.2.1.11-16 (VI)-топ элементтерінің жалпы қасиетін сипаттау 9.2.1.12-күкірттің аллотропиялық түрөзгерістерінің физикалық қасиеттерін салыстыру және күкірттің химиялық қасиеттерін көрсететін реакция теңдеулерін құрастыру | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - аллотропия ұғымын қайталау - күкірттің аллотропиялық түрөзгерісін салыстыру - күкірттің химиялық қасиеттерін білу | |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы біледі:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Оттегі және күкірттің аллотропиялық түр өзгерістері қасиеттерін ауызша және жазбаша сипаттайды, айырмашылық және ұқсастық қасиеттерін айтады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Аллотропия, аллотроптық модификация/түрөзгеріс, ромбалық, моноклинді, пластикалық күкірт Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Аллотропия – ............ бірнеше ................... зат түзу қабілеті . Бір элементтің бірнеше жай зат түзу қабілеті ...................... деп аталады. Аллотропия құбылысы негізделген.. … | |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Зертеушілік ( мәтінмен жұмыс арқылы). | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Биология, география | |||||||||||||||||||||||||||||
Дағдылар | Креативті және сын тұрғысынан ойлау (үш аллотропты түрөзгерісті сипаттау арқылы) | |||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі 8.3В Химиялық байланыс түрлері | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 2-4 мин | Ұйымдастыру кезеңі (С, Т) «аллотропия», «аллотропиялық түр өзгеріс» түсініктері анықтамасын қайталаңыз. «Ыстық орындық» Аллотропия, оттегі, озон, графит, алмаз, халькогендер.
(М) Ой шақыру кезеңінде «халькоген» түсінігін енгізу қажет. Сабақ тақырыбымен таныстыру. Сабақ мақсаттарын оқушылармен бірге құрастыру. | Презентация 1-2 слайд | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4-15мин 15-18мин 18-35мин | Жаңа тақырыпты меңгеру. (С) Оқушыларға күкірт атомының құрылысын, электрондық және электронды-графикалық конфигурациясын қарастыруды ұсыныңыз. Атом құрылысы негізінде күкіртке тән мүмкін болатын валенттігін, тотығу дәрежелерін анықтап, әр түрлі тотығу дәрежелі күкірттің тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиетінің айырмашылығын түсіндіруді сұраңыз. (М) Оқушылармен топта жоғарыдан төмен қарай элементтердің тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің өзгеруін талқылаңыз (М) Оқушылармен топта жоғарыдан төмен қарай элементтердің тотықтырғыштық және тотықсыздандырғыштық қасиеттерінің өзгеруін талқылаңыз. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтін негізінде кестені толтырады.
Таратылым. Аллотропия күкіртке де оттегіге сияқты тән. Күкірттің көптеген циклді және сызықты құрылымды түрөзгерістері белгілі. S8 молекулаларынан тұратын ромбты күкірт деп аталатын ең тұрақты түрөзгеріс. Оның кристалдары қырлы бұрыштары бар окттадраға ұқсайды. Олар лимон - сары және мөлдір, балқу температурасы 112.8 ° C. Барлық басқа модификациялар осы модификацияға бөлме температурасында ауысады. Мысалы, балқыманың кристалдану кезінде S8 күкіртінің моноклинді күкірт бірінші кезекте шығарылады (күрен сары инелер, балқу температурасы 119,3 ° C), содан кейін ромбалық болады. Моноклинді күкірт 96 ° C температурада ғана тұрақты. Күкірт бөліктері сынауықта қыздырылған кезде сары сұйықтыққа айналады. 160 ° C температурасында сұйық күкірттің қарая бастайды және ол сынауықтын ішінен тіпті құйылмай, қалың әрі тұтқыр болады, алайда жылытуды жалғастырсақ өте жоғары жылжымалы сұйықтыққа айналады, бірақ сол қара-қоңыр түсті сақтайды. Егер оны суық суға құйса, ол мөлдір резеңке тәріздес масса түрінде қатып қалады. Бұл пластикалық күкірт S∞. Ол жіптер түрінде алынуы мүмкін. Алайда, бірнеше күн өткеннен кейін ол ромбтық күкіртке айналады. Жұпта өзара тексеру. Қортындылау. Талдау Күкірттің химиялық қасиеттері. Оқушылардан күкірттің металдармен, сутекпен, оттекпен, фтормен әрекеттесетінін көрсететін реакция теңдеуін құруды сұраңыз. Реакция өнімдерін атаңыз. Дескрипторлар:
Мұғалім күкіртке тән химиялық реакциялар теңдеулерін слайдқа кезекпен түсіреді. Оқушылар осы теңдеулерді аяқтау керек және кестенің қай бағанында бұл теңдеуді жазу керек екенін анықтайды. Мұғалім кейбір оқушыларды өз болжамдарын ақтауға шақырады. Күкіртің химиялық қасиеттері: Күкірт сілтілік металдармен бөлме температурасында әрекеттеседі: 2Na + S → Басқа металдармен жоғары температурада ( Au, Pt- дан басқа): 2Al + 3S → Zn + S → Cu + S → Кейбір бейметалдармен күкірт бинарлы қосылыстар түзеді: H2 + S → 2P + 3S → P2S3 C + 2S → CS2 оттегімен: S + O2 → 2S + 3O2 → галогендермен ( йода басқа): S + Cl2 → SCl2 қышқылдармен: S + 2H2SO4(конц) -> 3SO2 + 2H2O S + 6HNO3(конц) -> H2SO4 + 6NO2 + 2H2O Топта өзара тексеру. Күкірт реакцияларда қандай рөл атқарады? Қорытынды: күкірт реакцияларда тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш рөлін атқарады. | Жұмыс парағы 4 слайд Презентация 5-8 слайд Сөздер кескіндері Тақтада тексеру Халькогендердіңжалпысипаттамасы http://www.chem.msu.su/rus/teaching/spiridonov/1.html http://prosto-o-slognom.ru/chimia/VI_gruppa.html https://docplayer.ru/41931805-Obshchaya-harakteristika-via-gruppy-halkogeny-kislorod-harakteristika-elementa-rasprostranyonnos t-v-prirode-fizicheskie-i-himicheskie-svoystva.html (https://clck.ru/EeiZq) күкірттің мырышпен әрекеттесуі https://www.youtube.com/watch?v=dWzCNxPcLvE күкірттің алюминиймен әрекеттесуі https://www.youtube.com/watch?v=oIniO99WUjg күкірттің темірмен әрекеттесуі https://www.youtube.com/watch?v=MUEerUsFKns | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: өз жұмысында нені жақсарта алар едің? Үй тапсырмасы: (ҮТ) Үй жұмысы есебінде оқушыларға «Бейметалдар аллотропиясы» постер дайындауды ұсыныңыз (оттек және күкірт мысалында). | |||||||||||||||||||||||||||||
Дифференциация | Бағалау – оқушыларды қалай тексересіз | Денсаулық пен қауіпсіздік ережелердің сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Үш аллотропиялық түрөзгерісін біледі, физикалық қасиеттерді болжай алады. | Оқушылардын сабақта жасаланатын жұмысы бойынша бағаланады. Бір бірін бағалау | Денсаулық физикалық активити арқылы сақталады | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? | 1: 2: 3: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? | 1: 2: 3: | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу | 1: 2: 3: |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру