Темір құймалары: шойын мен болат. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Келісілді:

Бірлестік жетекшісі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3А Металлдар және құймалар

Мектеп: Өскемен қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Темір құймалары: шойын мен болат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.16 темір құймасы: шойын мен болатты және олардың құрамындағы көміртектің пайыздық үлесін білу;

 Сабақ мақсаттары

Темірдің құймасы – шойын мен болатты, сондай-ақ олардағы көміртектің пайыздық мөлшерін білу

 Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді:

  • Шойын мен болат темірдің құймасы болып табылатынын білсе;
  • Олар құрамындағы көміртек мөлшері мен қасиеттері бойынша ерекшеленетінін атап, сипаттай алса

 Тілдік мақсаттар

 

қазақ

ағылшын

орыс

Болат

Сталь

Steel

Легирленген болат

Легированная сталь

Alloy steel

Шойын

Чугун

Cast iron

Домна пеші

Доменная печь

Blast furnace

Құйма, қорытпа

Сплав

Аlloy

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Физикамен байланыс: оқушылар «Молекулалық физика» тарауындағы «Қатты денелер мен сұйықтықтардың құрылымдарын салыстыру» қатты және газтәрізді заттар құрылысындағы ерекшеліктері туралы білімін қолданады.

 АКТ қолдану дағдылары

https://r7.whiteboardfox.com/7331215-5306-5970, презентация, видеокөрсетілім

Бастапқы білім

Қарапайым химиялық реакциялар. (7.2B)

Металдардың белсенділік қатары ( 8.2А)

Металдардың химиялық белсенділігі (8.1В)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Оқушылардың зейінін шоғырландыру

Ынталандырушы сұрақ қою арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру: «Әрбір үйде совет үкіметінен келе жатқан суреттегідей шойын табалар, қазандар бар. Дәл осыған ұқсас алюминий құймаларынан құйылған табалар болады. Үй жағдайында таба шойын құймасынан әзірленгенін қалай дәлелдеуге болады?» Оқушылар магнитпен анықтауға болатынын болжауы мүмкін. Не себепті магниттік қасиетке ие екендігін сұрау арқылы шойынның ферромагниттік қасиетке ие темір құймасы екендігін айқындау.

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

- сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау

Презентация

1-3 слайд

Сабақтың ортасы

6-12 минут

13-16 минут

Бекіту

17-18 минут

4 слайдты оқушылардың өздеріне жеке оқуларын ұсыну. Оқып болғаннан кейін Шойын мен болаттың қайсысы бірінші алынғандығын сұрап, жауап нұсқаларын бағыттау. 5,6,7 слайдты, видеороликті пайдаланып шойын мен болаттың құрамын, ерекше қасиеттерін түсіндіру.

.

Жеке жұмыс, бірін-бірі бағалау: №1 тапсырмадағы реакция теңдеулерін жазу арқылы шойынның алыну үрдісін меңгереді.

Сәйкес химиялық реакция теңдеулерін құрастырып, теңестіреді.

Әрбір оқушы өзіне тиесілі реакция теңдеуін жазады, екі оқушы жасыл түсті қаламсапты таңдап реакция теңдеулерін тексеріп, қателерді (жауаптың үстінен) түзейді. 8-ші слайдқа оқушылардың есімдерін жазып қою керек, С деңгейіндегі екі оқушы (топта 12 оқушы болса) тексеріп қателерін түзейді, мұғалім түзетулер мен толықтырулар енгізеді.

Жеке жұмыс:

Оқушылар сілтеме бойынша тапсырманы орындайды.

Презентация

4-7 слайд

видеокөрсетілім:

1. Шойын

2. Болат

3. Домна пешінде болатты өндіру (уақыт жеткіліксіз болса, оқушыларға үйден көруге ұсынуға болады)

https://r7.whiteboardfox.com/7331215-5306-5970

Қалыптастырушы бағалау №1

Шойынды домна пешінде өндіру үрдісі

https://learningapps.org/display?v=pyx02xmgk21

Сабақтың соңы

19-20 минут

Оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне оралу.

Сабақты қорытындылау, кері байланыс беру

Үйге тапсырма: Химия: 9-сыныпқа арналған оқулық, 111 бет, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Кері байланыс алу.

11-12 слайд

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру