Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдері. Биология, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3C Эволюциялық даму және селекция негіздері.Тірі ағзалардың көптүрлілігі.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жер бетінде тіршіліктің даму кезеңдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.1 Жер бетінде тіршіліктің қалыптасу кезеңдерін және сызбаларын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

  • Тіршіліктің даму кезеңдерін атай алады;
  • Кезеңдерді ерекшеліктеріне қарай сипаттай алады;
  • Кезеңдерге мысал келтіре алады;
  • Кезеңдердегі сәттілік пен сәтсіздіктерге талдау жасай отырып, қорытындылай алады.

Бағалау критерийлері

Тіршіліктің даму кезеңдерін атайды;

Кезеңдерді бір-бірінен ажырата отырып сипаттайды;

Мәтіннің көмегімен кезеңдерде кездесетін барлық ерекшеліктерді сурет арқылы бейнелейді;

Өздері бейнелеген кезеңдерді критерийге сай қорғайды;

Басқа жұмыстарға талдау жүргізе отырып, бағалайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:Мәтіндегі заман кезеңдерін, сурет арқылыбейнелейалады.

Пәнге тән лексика мен терминология: Архей, Протерозой, 

Кембрий, Ордовик, Силур, Девон,Тас көмір, Пермь, Триас, Юра, Бор, Палеоген, Неоген, Антропоген және т.б.

Диалог/ жазбада қажетті сөз тіркестері:

Прокариоттардың пайда болуы........

Өрмекшітәрізділердің құрлыққа шығуы……

Адамтәріздес маймылдардың пайда болуы.....

Құндылықтарды дарыту

 

 

Жұпта, топта, топпен жұмыс істей білу, қоршаған ортаның пікірлеріне құрмет және басқалардың алдында өз міндеттері үшін жауапкершілігін түсіну. Басқа оқушылардың пікірін және әрбір идеяның құндылықтарын ескере білу.

Пәнаралық байланыстар

География пәнінен алған дағдыларын тиімді пайдалана білу.

АКТ қолдану дағды лары

Оқу үрдісін активтендіру бейнебаян көру үшін интерактивті тақталарды пайдалану.

Бастапқы білім

Тірі ағзалардың көп түрлілігі: 6, 7, 9- сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-05 мин

(Ұ) Оқушыларға бейнебаян көре отырып, сабақтың тақырыбын, мақсатын ашады. Күтілетін нәтижелерді анықтайды.

https://www.youtube.com/watch?v=AMt869NgEsc

Сабақтың ортасы

05-23 мин

23-33 мин

33-38 мин

Оқушылар кезең бойынша топқа бөлінеді. Ол үшін оқушылар замандар аттары жазылған таратпа қағазалады.

1- Криптозой

2 - Палеозой

3- Мезозой

4- Кайнозой

(Т) (ҚБ) Оқушылар жердегі тіршіліктің дамуының замандарына зерттеу жүргізе отырып, сол заманның кезеңдерінде болған ерекшеліктерді бейнелеу үшін уақытша шкала құрады. Жұмыс барысында әр топқа мәтін ұсынылады(кейбір оқушыларға бейнебаян, суреттер ұсынылады). Кейбір жетелеуді қажет ететін оқушыларға презентация мен суреттер ұсынылады.

Оқушылар мәтінді оқи отырып, сол заманды қағаз бетіне түсіріп сипаттайды.

Жұмыс критерийі:

- заманға енетін барлық кезеңдердің ерекшелігі;

- кезең ұзақтығы;

- климаты, орта жағдайының өзгеруі;

- жануарлар дүниесінің дамуы;

-өсімдіктер дүниесінің дамуы;

Оқушылар жұмыстарын басқа топ алдында қорғайды. Қорғалған жұмысты критерийге сай бағалайды.

(Ұ) Оқушылар қорғап болған жұмыстарын жіптің бойымен қабырғаға іледі.

(Ж) (ҚБ) Оқушыларға әртүрлі кезеңдердің суреттері беріледі, олар заманның кезеңдеріне сәйкес реттілікпен орналастыра отырып, атауларын сәйкестендіреді.

Мәтін https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/ehvolyucziya/zherdegi-tirshilikting-pajda-boluy/lesson/zherdegi-tirshiliktikting-pajda-bolu-teoriyasy

Мәтін, А3 парақ, маркерлер, ноутбук

РРТ, Суреттер

Таратпа суреттер, кезең атаулары

Сабақтың соңы

38-40 мин

Шаршыны лақтыру

шаршы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Тіршіліктің даму кезеңдерін атай алады;

Кезеңдерді ерекшеліктеріне қарай сипаттай алады;

Көптеген оқушылар: Кезеңдерге мысал келтіре алады;

Кейбір оқушылар Кезеңдердегі сәттілік пен сәтсіздіктерге талдау жасай отырып, қорытындылай алады.

Оқушылардың суреттерді кезеңдермен сәйкестендіру барысында; топтық жұмыс кезіндегі ойларын бақылау арқылы;

Кезеңдердегі сәттілік пен сәтсіздіктерге талдау жасай отырып, қорытындылаубарысында бағалау

Топтық жұмыста, замандар мен кезеңдерден жіптің көмегімен геохронологиялық кестежасаубарысында оқушылардың қозғалысын қамтамасыз ету

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

https://foxford.ru/wiki/biologiya/vozniknovenie-zhizni-na-zemle



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.