Т. Морганның хромосомалық теориясы. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 2

Есептер.

1. Сұр денесі және қалыпты қантты (доминантты белгілер) дигетеразиготалы дрозофиланың аталық шыбынын, қара денелі қанаты қысқарған (рецесивті белгілер) аналық дрозофила шыбынымен шағылыстырған. Есеп шығару схемасын құрыңдар. Ата-аналардың генотиптерін, сондай-ақ F1 ұрпақтарының ықтимал генотиптерін және фенотиптерін анықтаңдар, егер осы ерекшеліктердің доминанты және рецессивтік гендері жұптаса тіркескен болса және жыныстық жасушалардың пайда болуы кезінде кросинговерге ұшырамаса. Алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.

2. Тегіс тұқымды, мұртшалары бар дигетерозиготикалық бұршақ өсімдігін тұқымы әжімді, мұртсыз өсімдікпен шағылыстырған. Екі доминантты генде (тегіс тұқымдар мен ұртшаларының болуы) бір хромосомада локализацияланғаны белгілі, кроссинговер болған жоқ. Есеп шығару схемасын құрыңдар. Ата-аналардың генотиптерін, ұрпақтарының фенотиптері мен генотиптерін анықтаңдар, әртүрлі генотиптері мен фенотиптері бар даралардың қатынасын. Бұл қандай заңдылықты көрсетеді?

3. Жүгері өсімдігінде «түйінаралығының қысқарған» (b) рецесивті гені «дамымаған шашағы» (v) рецесивті генімен бір хромасомада орналасқан. Оны түйінаралығы қалыпты және дамыған шашағы бар өкілімен талдаушы шағылыстыру жүргізген кезде барлық ұрпақ ата-аналардың біріне ұқсас болды. Алынған гибридтерді бір-бірімен шағылыстыру кезінде 75% өсімдіктер түйінаралығы қалыпты және дамыған шашағы бар ал 25% түйінаралығының қысқарған және дамымаған шашағы бар өсімдіктер болды. екі шағылыстыру нәтижесінде ұрпақтардың және ата-аналар генотиптерін анықтаңыз. Есеп шығару схемасын құрыңдар. Алынған нәтижелерді түсіндіріңіз. Екінші жағдайда тұқым қуалаушылықтың қандай заңы көрінеді?

4. Ашық реңді гүлі және мұртшалары бар бұршақ өсімдігін, боз реңді гүлі және мүртшалары жоқ (гендер тіркескен) өсімдігімен шағылыстырғанда F1-де барлық өсімдіктер Ашық реңді гүлі және мұртшалары бар болған. F1 гибридтерін өзара будандастырғанда келесі өсімдіктер алынды: ашық реңді гүлі және мұртшалары бар, боз реңді гүлі және мүртшалары жоқ. Есеп шығару схемасын құрыңдар. Ата-аналардың, F1 және F2 ұрпақтарының генотипын анықтаңдар. Бұл шағылыстыру барысында тұқым қуалаушылықтың қандай заңы көрінеді? F2-дегі екі фенотиптік топтың пайда болуын түсіндіріңіз.

5. Сұр денесі және қалыпты қантты (доминантты белгілер) дигетеразиготалы дрозофиланың аналық шыбынын, қара денелі қысқарған қанаты (рецесивті белгілер) аталық дрозофила шыбынымен шағылыстырған кезде ұрпақтарында сұр денелі қалыпты қанатты және қара денелі қысқарған қанатты ғана емес сонымен қатар азнаулақ сұр денелі қысқа қанаттылары және қара денелі қалыпты қанаттылары да болған. Ұрпақтары мен ата-аналарының генотиптерін анықтаңыздар, егер осы белгілердің доминантты және рецессивтік гендері жұптасып тіркескен екендігі белгілі болса. Шағылысу схемасын құрыңдар. Алынған нәтижелерді түсіндіріңдер.

6. Тегіс боялған дәндері бар жүгері өсімдігін, әжімді дәндері боялмаған өсімдігімен будандастырған, F1-дегі барлық өсімдіктер тегіс боялған дәндері бар ұрпақ берді. F1 гибридтерін талдаушы шағылыстыру кезінде ұрпақтың төрт фенотиптік топтары болды: 1200 тегіс боялған, 1215 әжімді боялмаған, 309 тегіс боялмаған, 315 әжімді боялған. Есеп шығару схемасын құрыңдар. Екі шағылыстырудың ұрпақтарының және ата-аналарының геннотиптерін анықтаңдар. Екінші ұрпақта төрт фенотиптік топтардың қалыптасуын түсіндіріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.