| А. ядро көлемі үлкейіп, хромосомалар ширатыла бастайды, екі центриоль жасуша орталығы жасушаның полюстеріне ажырайды. Хромосомалар ширатылып, жіпшеге айналып, ядрошық бұзылады. Ядро қабықшасы ыдырайды.Жасуша орталығының центриольдері жасуша полюсіне тартылып, олардың арасындағы микротүтікшелері бөліну ұршығын түзеді. | В. центромерлер бөлінеді де, осы кезеңнен бастап ахроматин жіпшелеріне бекінген хроматидтер бір-бірінен ажырап, жеке хромосомаларға айналады. Центромерлерге бекітілген жіпшелер хромосомаларды жасуша полюстеріне тартады, ал хромосома иықтары центромерлерге карай енжар түрде ілеседі. Сонымен бұл кезеңінде екі еселенген хромосомалара хроматидтерге айналып, жасушаның полюстеріне ажырайды. | Г. Интерфаза дегеніміз-жаңа пайда болған жасуушаның өсіп және бөлінуге дайындық кезеңі.Интерфаза жасушаның бүкіл тіршілік мерзімі-жасушалық айналымның 80% алады.Интерфаза кезінде ДНҚ репликациясы жүреді.Кезеңдері:G1, S, G2 | Д. хромосомалардың ширатылуы күшті жүреді, полюстерден бірдей қашықтықта орналасқан қысқарған хромосомалар жасуша экваторына бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі аяқталады. Хромосомалардың центромерлі бөліктері белгілі тәртіппен бір жазықтық бойына орналасады. |
|
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.