Моногибридті будандастыру. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.3D Тұқымқуалаушылықтың және өзгергіштіктің заңдылықтары | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Моногибридті будандастыру | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 9.2.4.2 - моногибридті будандастырудың цитологиялық негізін дәлелдеу және моногибридті будандастыруға арналған есептер шығару | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар орындай алады:
| |||||
Бағалау критерийлері | 1. Оқушылар сурет бойынша моногибридті будандастыру сызбасын сипаттайды 2. Гаметалардың біркелкілік заңын қалыптастыру 3. Моногибридті будандастыруға арналған есептерді дұрыс рәсімдейді.
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Моногибридті будандастырудың цитологиялық негізін түсіндіреді. «Гаметалардың біркелкілік заңы» терминіне анықтама беру. Лексика және терминология: Гендер, альтернативті белгілер, доминантты белгі, рецессивті белгі, гомозигота, гетерозигота, аллель. Диалог құруға және жазуға арналған пайдалы сөйлемдер:Доминантты белгі болып саналады, егер……. Рецессивті белгі бұл…………….. Гетерозиготалы ағза………………. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ академиялық адалдық құндылығын дарыту, бірлік, топта жұмыс істей білу, ынтамақтастық, топта ережелерді сақтау, жауапкершілік, көшбасшылықты дамытуға бағытталған. | |||||
Пәнаралық байланыс | Математика – генотип және фенотип сандарын анықтауда, және бірінші ұрпақтардың пайыздың көрсеткіштерін анықтауда көрінеді. | |||||
Алдыңғы бөлім | Г.Мендельмен анықталған белгілерді тұқымқуалау заңдылықтары. Тұқымқуалауды зерттеудегі гибридологиялық әдіс. ( 9 сынып) | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Жоспарланатын қызмет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 мин | 1. Сәлемдесу.Оқушылардың сабаққа дайындықтарын қадағалау. « True or False».(оқущылар жеке орындайды) 1. Генетика (грек. genesis — шығу тегі), тірі ағзалардағы тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және оларды басқару тәсілдерін зерттейтін ғылым. 2. Ген (грек. genos — тұқым, тек), тұқым қуалайтын фактор, генетикалық материалдың функционалды бөлінбейтін бірлігі; ДНҚ молекуласының бөлшегі. 3. Генотип (genos және грек. typos — пішін, үлгі) – жиынтығында ағзанын барлық белгілері – оның фенотипін анықтайтын ағзаның гендері 4. Фенотип (грек. phaino — көріну және typos), генетикалық құрылым (генотип) және онымен байланысты сыртқы ортаның өзара әрекеттесуі процесінде қалыптасатын ағзаның барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы. 5.Рецессивті белгілер - бұл рецессивті аллельдердің басылыңқы болуынан белгілердің гетерозиготалы ағзаларда көрінбеуі 6.Доминантты белгілер – бірінші ұрпақта көрінетін айқын белгілер 7.Аллельді гендер – гомозиготалы хромосомалардың бірдей аймақта орналасқан гендердің әртүрлі формасы 8.Гомозигота – диплоидті ағза немесе жасуша, өзіне ие болатын бірдей аллельдердің (АА, аа) гомологты хромосомада орналасуы. 9.Гетерозигота - әр түрлі аллельдердің (АА, Аа) гомологты хромосомада орналасуы. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, слайдта дұрыс жауаптардың варианттары көрсетіледі. | Постерлер, маркерлер Қосымша1 видео: https://www.youtube.com/watch?v=Mehz7tCxjSE http://snapshotscience.co.uk/tag/gregor-mendel/ | ||||
6-8 мин | (Т) Проблемалық сұрақ: «Ата-ананың екеуі де қоңыр түсті көз болған, отбасында көгілдір көзі бар бала туылды.Осылай болу мүмкін бе?» (Оқушылардың жауаптары «ия» және «жоқ») Тақырыпты толықтыру және сабақ мақсаттарын құрастыру. |
| ||||
8-9 мин 9 - 20 мин 20-23 мин 24 – 38 мин | (Т) Ежелден ақ адам ұрпақтың ата-анасына ұқсайтынын атап отырған. Оң белгісі бар тұқым сақталатын. Алайда сол заңдылықтар құпия түрінде сақталатын. Белгілердің берілу заңдылықтарын бірінші зерттеген Г.Мендель. (W) Ақпаратты белгілеп оқу арқылы оқушылар ақпаратты түртіп алып оқиды. (2 Қосымша) 1. Бірінші ұрпақ гибридтерінің біркелкілік ережесі қандай? 2.Ажырау заңы қалай көрінеді? 3.Гаметалардың біркелкілік заңын сипаттау? Мұғалімнің фронталды бағалауы (Т) Моногибридті будандастыруға арналған генетикалық есептердің дұрыс рәсімделуін мұғалім түсіндіреді. Тапсырма: Екі гетерозиготалы қояндарды будандастырғанда фенотип және генотип бойынша қандай ұрпақ пайда болады? Берілгені: А-қара түс а – ақ түс ♀ Аа ♂Аа F1-? (G) Моногибридті будандастыруға арналған генетикалық есептерді шығару. Интеллектуалды қабілеті бар оқушылар есепті өздігінен шығарады, орта және төмен деңгейлі оқушыларға мұғалім көмектесіп отырады. Есеп №1 Адамда фенилкетонурия рецессивті белгі ретінде көрінеді. Осы белгі бойынша гетерозиготалы ата анасында ауру балалардың болу ықтималдығын анықтаңыз. Дескрипторлар:
Есеп №2 Қызанақта тегіс формасы –В, в- бұйра формасына қарағанда доминантты болады. Тегіс гомозиготалы формасы бар жеміс бұйра формасы бар жеміспен будандастырылған. Фенотипті және генотипті анықтаңыз. Дескрипторлар: 1.Есептің шарты дұрыс құрылған 2.Есептің дұрыс шешімі орындалған 3.Бірінші ұрпақтың генотипі және фенотипі дұрыс анықталған. Есеп №3 Жүні бұйра гомозиготалы қоянның әйел дарағы тегіс жүнді қоянмен будандастырылған. Бұйра жүн тегіс жүнге қарағанда доминантты. Ұрпақтың генотипін және фенотипін анықтаңыз. Дескрипторлар: 1. Есептің шарты дұрыс құрылған 2. Есептің дұрыс шешімі орындалған 3. Бірінші ұрпақтың генотипі және фенотипі дұрыс анықталған Есеп №4 Қарбызда жасыл түсті жеміс жолақ түсті жемістен қарағанда доминантты. аа және Аа генотипі бар тұқымдардан қандай ұрпақтар алынатынын есептеңіз. Дескрипторы: 1. Есептің шарты дұрыс құрылған 2. Есептің дұрыс шешімі орындалған 3.Қарбыздардың түстерін анықтады. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы | |||||
Конец урока 38-40 мин | 8. Рефлексия Сабақ мақсаты мен критерийлеріне оралу. Кері байланыс. Сабақты қорытындылау: - нені білдім, нені үйрендім; - не түсініксіз қалды; - немен жұмыс жасау керек. . | Стикерлер | ||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелері | ||||
Материалды қайталау бөлігінде оқушылар тапсырмаларды жекеше орындайды. Сабақта ақпаратты әр түрлі қабылдау типтеріне байланысты түрлі ақпараттар беріледі. | Өзара бағалау, дескрипторалар мен критерийлерге сай бағалау. Диагностикалық бағалау. | Оқушылардың сымбатын қадағалау | ||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.