Мендель зерттеулерінің генетика ғылымындағы ролі. Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3D Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Мендель зерттеулерінің генетика ғылымындағы ролі. Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

9.2.4.1 генетиканың дамуы мен қалыптасуындағы Мендель зерттеулерінің рөлін бағалау

9.2.4.2 - моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару

 Сабақтың мақсаттары

Генетиканың қалыптасуы мен дамуындағы Г. Мендель зерттеулерінің рөлін анықтау, моногибридті будандастыру бойынша есептеулер жүргізу.

 Бағалау критерийлері

    • Менделдің генетиканың дамуына қосқан үлесін көрсетеді.
    • Генетиканың дамуындағы алдыңғы қатарлы көзқарастарды атап өтеді.
    • Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдейді.
    • Моногибридті будандастыруға есептер шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар Г. Менделдің генетиканың қалыптасуы мен дамуындағы рөлі, моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін пайдалана отырып зерттейді және генетикалық есептерді шешеді

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

аллель, доминантты, толық емес, рецессивті, генотип, фенотип, гетерозигота, гомозигота, моногибридті будандастыру, гамета, ұрпақ, ара қатынас, аралық белгісі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Күтілетін ара қатынасы …

Х рецессивті белгі, себебі…

Y-доминантты белгі, себебі …

Жынысы… анықталады.

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Генетикалық есептеулер жүргізу арқылы математика пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары: 7 және 8 сыныптар.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

Жаңа сабақтың тақырыбына шығу мақсатында оқушыларға сұрақ қойылады:

-Суретте тірі ағзаларға тән қандай қасиеттер көрсетілген?

-Осы қасиеттерді зертейтін ғылым саласы қалай аталады?

Осы сұрақтар арқылы оқушыларға жаңа сабақ тақырыбы, мақсаты, осы тақырып арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсатын ортада мұғалім таныстырады. Оқушылар оқу мақсаты негізінде бағалау критерийлерін мұғаліммен бірлесе отырып анықтайды.

  • слайд

2-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

3-10 мин

11-20 мин

21- 27

Оқушының өз бетімен білім алу кезеңі:

1. Генетика ғылымы нені зерттейді?

2. Будандастыру дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

3. Генетика ғылымының негізінің қалануы не себепті Мендель есімімімен байланысты?

  • Гибридологиялық әдістің негізгі ерекшелігі неде?

5. Мендель зерттеу нысаны ретінде бұршақ өсімдігін алуының себебі неде?

6. Моногибридті будандастыруда Мендель бұршақ өсімдігінің қандай белгілерін басшылыққа алып зерттеу жүргізді?

7. Моногибридті будандастыруда бұршақта қандай түс доминантты/рецессивті белгі болды?

9. Мендель зертеулері негізінде қандай заңдарды ашты?

10. Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін түсіндіріңіз.

Сабақ ресурстарын пайдалана отырып, оқушы өзбетімен сабақ тақырыбын зерттейді.Уақыт аяқталған соң мұғалім

оқушылармен бірлесе отырып сұрақтарды ортада талқылайды.

Мұғалім моногибридті будандастыруға жүргізілетін есептеулерді жүргізу тәртібімен, есептеу жолдары, есептердің түрлерімен оқушыларды таныстырады.

Оқушылар алған білімді практикада қолдану мақсатында моногибридті будандастыруға бірнеше есеп үлгілерін өз беттерімен шығарады. Мұғаліммен бірге ортада талқылайды.

Қосымша1

Бейнематериалдар

5-13 слайдтар

Есеп үлгілері

28-36 мин

Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау ұсынылады.

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Мен сабақтан...түсіндім.

Менің алдағы уақытта өз өмірімде қолданатын ақпаратым....

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

  • Оқушының қабылдау стилі бойынша аудиал, визуал, кинестетиктерге арналған оқу материалдарын ұсыну арқылы
  • Оқушылардың өздігінен зерттеу жүргізулері арқылы
  • Зерттеу нәтижелерін өздері қалаған формада рәсімдеулері арқылы

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Зерттеу жүргізе білулері арқылы

Зерттеу нәтижесін рәсімдеулері арқылы

Өз жұмыстарын қорғаулары арқылы

Сұрақтарға жауап бере білулері арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.