Екпе (вакцина) және вакцинацияның жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі. Иммундық жүйе аурулары, олардың алдын алу жолдары. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша
Иммундық жүйе аурулары, олардың алдын алу жолдары.
Аллергия
Аллергия — ағзаның бөгде затқа деген сезімталдығының әсері. Ол ауадан, күннен, шаң-тозаң, гүл, өсімдіктер, тағам, дәрі-дәрмектер, бояғыш заттардың денеге кері әсерінен пайда болады.
Себептері: аллергияның пайда болуына екі фактор әсер етеді. Бірінші фактор — тұқымқуалаушылық, екіншісі — жүре пайда болатын аллергия. Әдетте өсімдіктердің тозаңынан болатын аллергияның түрлері өте көп. Бұл — маусымдық поллиноз, аллергиялық коньюктивтің кең таралған түрі. Сонымен қатар темекі түтіні, қоршаған ортаның ластануы, жәндіктердің әсерінен де аллергиялық дерт жиі пайда болады.
Аллергия — жұқпалы ауру емес. Оның бір түрі — естен тану. Бұл екпе кезінде, сондай-ақ жәндіктердің шағуынан және аллергияны тудыратын тағамдарды тұтынудан болуы мүмкін. Анафиллактикалық естен тану әдетте бірнеше секунд арасында болады. Оларға шұғыл медициналық көмек талап етіледі. Пенциллин немесе өзге де антибиотиктерден кейін естен тану болуы мүмкін. Дүкен сөрелерінде самсап тұрған көптеген тағамдар аллергияны қоздыруы мүмкін. Аллергологтар аллергиядан зардап шегіп жүрген адамдарға күнделікті тұтынатын тағамдардың тізімін жазуды талап етеді. Кей жағдайда сынақ адамның терісіне жүргізіледі. Яғни, білекке бірнеше өсімдіктің жапырағын немесе сабағын қойып, неден пайда болғанын анықтайды.
Аллергологтар негізінен көкөністер мен цитрусты жемістерге шектеу қояды. Сонымен қатар шоколад, кофе, какао, қант және теңіз өнімдерінен де сырқаты қозып кететін адамдар да болады.
Аллергиямен ауыратын науқастарға дәрумендер жетіспеуі мүмкін. Сол себепті мамандар төмендегідей кеңес береді.
Мамандар кеңесі, яғни алдын алу шаралары:
— Күніне бір грамм С дәруменін қабылдау;
— Тағам құрамында нәруыз, май, көмірсутегі жеткілікті болуы шарт.
— Бөлмені желдетіп, ауасын жиі тазартып тұрған дұрыс.
— Науқас жататын бөлмеде кілем, палас, жұмсақ ойыншықтар мен басқа адамдармен ортақ заттардың болмағаны жөн.
Аллергияның белгілері: Науқастың көзі, мұрны және денесі дуылдап қышып, қып-қызыл болып қызарады. Мұрнынан су ағып, оның бітелуі, көп түшкіреді. Аяқ асты жөтел пайда болып, терісі бөртеді. Сондай-ақ, тыныс алуы нашарлап, өкпесі тарылады. Науқастың денесі ісініп, тамағы тітіркенеді. Аллергиялық естен тану болады.
Аллергияның алдын алу үшін өсімдіктердің гүлдену күнтізбесі бойынша, өсімдігіңіздің гүлденетін кезеңінде қасына жоламау керек. Далада таңғы сағат 6.00-ден 10.00-ге дейін жүрмеуге тырысыңыз, себебі сол уақытта өсімдіктер тозаңды көп бөледі. Шаңсорғышпен жұмыс істегенде ылғал дәкеден жасалған маска тағыңыз. Жұмысыңызды бітіргесін сол бөлмеден тозаң арылғанша шыға тұрыңыз. Құрғақ, ашық, желді күні далада жүрмеуге тырысыңыз. Тозаң киім мен шашта жиналатындықтан, киімді ауыстырып отырған дұрыс. Бөлмеңіз құрғақ әрі күн түсетін болуы керек және жиі желдетіп тұрыңыз.
Демікпемен (астма) ауыратын адамда тұншығу ұстамасы жиі болады. Белгілері: дем алысында, сыртқа дем шығарғанда, шуыл немесе сырыл болады. Ішке қарай дем тартқанда бұғана және қабырға арасындағы тері ауаны қиналып тартқаннан ішке қарай сорылып, жабысады. Егер науқасқа ауа жетіспесе, оның тырнақтары мен еріні көгереді, мойын тамырлары білеуленіп тұрады. Әдетте ыстығы көтерілмейді.
Демікпе көбіне бала кезден басталып, өмір бойы қол үзбей қояды. Ол жұқпалы емес, бірақата - анасы демікпемен ауыратын балаларда бұл ауру жиі кездеседі. Демікпеге тән нәрсе жылдың белгілі бір айында немесе түнінде өршиді. Ауру ұзаққа созылса, ол өкпе эмфиземасына ұласады.
Себептері: демікпе ұстамасы аллергиялық реакциялардың салдарынан да болуы мүмкін. Балаларда демікпе әдетте салқын тиюден басталады. Кейбір жағдайларда, көңіл-күйдің бұзылуынан да немесе мазасыз жағдайлардан да демікпе ұстамасы болуы мүмкін.
Демікпе алдында — тыныстың демікпесі болып өткен ағзаның жағдайында күшті жөтел ұстайды: көбінесе тыныс жолдарының қабынып, қызарып ауруы немесе ұзаққа созылған өкпенің қабынуы түрінде, мұрынның аллергиялық ауруы немесе мұрын ауруының қалыптан тыс ауытқуы түрінде дамиды
Емдеу жолдары:
Егер демікпе үйде өршитін болса, онда науқас сыртқа, ауасы таза жерге шығуы керек; өзіңіз сабырлы болыңыз, науқасқа майда сөйлеп, жігер беріңіз.Сұйықты барынша көп беріңіз. Ол шырышты сілекейді босатып, тынысты кеңейтеді. Буингаляциясын жасаудың да көмегі бар.Науқастың жағдайы тым ауыр болса,жедел жәрдем шақырыңыз. Температура көтерілген жағдайда немесе ұстама 3 күннен астамға созылса, тетрациклин немесе эритромицин капсулдарын беріңіз.
Егер сонда да науқастың беті бері қарамаса, онда дәрігерге барыңыз.
Алдын алу шаралары
Демікпемен ауыратындар өзінде тұншығу ұстамасын туғызатын заттардан аулақ болуға тиіс. Демікпемен ауыратын адамдардың үйі мен жұмыс орны таза болуы керек. Құсты немесе басқа да аңдарды үйде үстауға болмайды. Желдетіп алу үшін науқастың керуетін терезе алдына қою керек Кейде ашық ауада ұйықтау да жақсы. Сілекейді босату үшін күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз. Демікпемен ауыратын адамға ауасы таза жерге қоныс аударғаны жөн. Егер сіз демікпе болсаңыз, темекі шекпеңіз. Темекі шегу сіздің өкпеңізді одан сайын бұзады. Аллергия тудыратын заттардан аулақ болуымыз керек.Егер де шаңды жерде жұмыс істесеңіз респиратор қолдану керек.
Экзема (грек. eczema – теріге бөртпе шығу) – терінің созылмалы ауруы. Экзема көбінесе жүйке және эндокринді жүйелер қызметінің бұзылуынан, созылмалы жұқпалы аурулардың асқынуынан (тонзиллит, гайморит, т.б.), организмнің белгілі бір аллергенге аса сезімталдығынан, асқазан-ішек жолдарының ауруларынан, т.б. пайда болады. Себептері: Экзема, әсіресе, диатезбен ауыратын сәбилерде жиі кездеседі. Экземамен ауыратын кейбір науқастарда балыққа, жұмыртқаға, цитрусты жемістерге, т.б. тағамдарға, үйдегі шаңға, гүл тозаңына, гүл иісіне, химиялық заттарға (кір жуатын ұнтақтар, бояулар, т.б.) аллергия реакциялар байқалады. Кей жағдайда дәрілік препараттар да экземаның дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ экзема жазылмай ұзаққа созылған күйіктің, жараның айналасында (әсіресе аяқтағы) пайда болады, оны – микробты экзема деп атайды.
Аурудың алғашқы белгісі: ісінген теріде ұсақ, іші суға толы көпіршіктер, қызғылт түсті түйіндер шығады. Кейін олар бір-бірімен тұтасып бірігіп кетеді де, қабыршақтанып, терінің беті жарылады. Экзема түскен жер қатты қышиды. Біртіндеп экзема пайда болған тері қабаты қатайып, қалыңдай түседі. Ересек адамдарда экземалық бөртпелер саусақтың, өкшенің, білектің сырт жағынан, ал балаларда бетінен, мойнынан және кеудесінен шығады. Экземаны дерматолог-дәрігер емдейді.
Экземаның алдын алу шаралары:
Экземаның белгілерін байқасаң өз бетімен емделуге болмайды, онда бірден дәрігерге қаралуың керек. Неғұрлым кеш басталған емнің соңы қолайсыз жайттарға әкелуі мүмкін.Аурудың ушығып кетпеуі үшін төмендегі ұсыныстарды ескеріңіз:
Теріні зақымдайтын вирус және бактериядан тарайтын ауруды жұқтырып алмау үшін жеке бас гигиенасын сақтау.
Өте жиі душ қабылдамау, қабылдаған жағдайда судың кермектігін азайту үшін түймедақ немесе емен қабығының қайнатпасын қосу керек;
Рационнан аллергия тудыратын өнімдерді (цитрус дақылдары, қызыл түсті жемістер) алып тастау керек, олар экземаны өршітуі мүмкін. Алкоголь, тұзды, ащы, тұздалған және консервіленген өнімдерден бас тартқаныңыз жөн болады.
Ісік, тін өсіндісі, бластома (tumoz) – өзінің қалыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі.
Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, ісікке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, ісік ауруына әкелуі мүмкін.
Себептері: 1.Физикалық факторлар:радиация яғни радиоактивті элементтер шығаратын сәулелер,ультракүгін сәулесінің( жасанды загар алушыларға) шамадан тыс көп болуы. 2.Химиялық факторлар:Канцероген заттардың әсері.( Қуырылған , маринадталғантағам түрлері,темекі,калян,насыбай,нашақорлық т.с.с.) 3. Биологиялық факторлар: кейбір қауіпті вирустар, мысалы: әйелдер жатыр мойнының қатерлі ісігін вирус тудырады және сол вирусқа қарсы екпе де бар. Бұл үшеуі де сыртқы ортаның әсерлері. Бұдан басқа ішкі ортаның да әсері бар. Олар:иммунитеттің төмендеуі, әсіресе вирустық ауруларға. Сосын зақымданған ДНК- ның яғни бұзылған геннің қайта қалпына келу қасиетінің төмендеуі. Белгі ісіктердің болуы. Көп жағдайларда ісік қалыптастыру білінеді. Бұл кішкене ісік, жаралар, сүйелдер, т.б. ұқсас нәрсе болуы мүмкін Алайда, барлық ісіктер қатерлі емес. Рактың негізгі белгілерінің бірі - бұл ісіктің біртіндеп және тұрақты үлкеюі болып табылады. Онкологиялық белгі - белгілі бір мүшенің толып кеткен сияқты болуы ыңғайсыздық тудыруы (асқазан ісігі, тоқ ішектің ісігі, өңеш жолдар ісігі). Онкологиялық белгі - тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы және басқа да белгілері. Сондай-ақ, әлсіздік және салмақ жоғалту дене интоксикация (улану) белгілері. Сол себепті ауырған адамдарда төмендегідей белгілер пайда болады:
-қою тағамдардың анда-санда түйіліп өтуі.
- тамақ жұтқанда тырнап ауруы.
- кекірік, сілекей шұбыру.
- уақыт өте келе қою тағамдардың жиі түйіліп, тіптен сұйық тағамдардың өтуініңде нашарлауы.
- тамақ ішкеннен кейін қайта құсып тастау.
Алдын алу шаралары: Әр уақытта өз денсаулығыңыз өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!Яғни зиянды әдет- ғырыптардан арылу керек; дереу дәрігерге көрініп, түрлі тексеруден өту керек; арнаулы рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеулерді қолдану ісік ауруларының диагнозын анықтауға жағдай жасайды.
Лейкоз лейкемия (грек. leukos — ақ) — қан түзетін органдар жүйесінің қатерлі ісіктері. Ісік жілік майындағы жасушалардың тоқтаусыз өсуімен және сол жердегі қалыпты қан жасалу процесінің бұзылуымен сипатталады. Соның нәтижесінде қан түйіршіктерінің (эритроцит, тромбоцит) саны азайып, ал жетілмеген лейкоциттер саны көбейіп кетеді. Себептері: Лейкоз иондаушы сәулелердің (радиацияның), кейбір хим. заттардың (бензол, бензпирен, т.б.), вирустардың әсерінен дамиды. Лейкоздарды жедел және созылмалы деп бөледі. Жедел лейкоздер кенеттен басталады.
Белгілері: Науқастың дене қызуы көтеріліп, қызыл иектің қанап қабынуы, ауыз шырышты қабықтарының қанталауы, мойындағы, қолтық астындағы лимфа түйіндерінің шошынып ісінуі байқалады. Қан тамырларының қабырғасына лейкоз клеткаларының сіңіп қалуы — миға қан құйылуына әкеледі. Науқас адам қалтырап тоңады, қаны азаяды. Адамды әр түрлі инфекциялардан қорғайтын қалыпты лейкоциттердің, лимфоциттердің тапшылығы — организмде екіншілік инфекциялардың, өкпе қабынуының (пневмония), денеде іріңді ошақтардың, сепсистің дамуына алып келеді. Лейкоз клеткаларының ми қабықтарына таралуы науқасқа өте қауіпті жағдай туғызады. Тыныс алуы, жүрек соғуы жиілейді, адам әлсірейді. Созылмалы лейкозға көк бауырдың, бауырдағы лимфа түйіндерінің өте ұлғайып кетуі жатады. Мыс., көкбауырдың салм. 5 — 8 кг, бауыр — 3 кг-ға дейін жетеді. Аурудың дене қызуы көтеріледі, тәбеті болмайды, қатты жүдеп әлсіздік пайда болады. Науқас тез шаршап, қатты тер басып, ентігеді, басы айналып, сүйектері сырқырайды. Қанда лейкоциттер саны ерекше көбейіп кетеді (1 мл қанда 1 млн-ға дейін жетеді). Лейкоздың бұл түрі бірнеше жылдар бойы (кейде 5 — 8 жыл) дамиды. Егер ауру қатерлі ісік түріне ауысса, науқас 3 — 6 айдың ішінде өліп те кетеді.
Емі: Науқас ауруханаға жатқызылып, арнайы (стерильдік) жағдайларда емделеді, себебі олар иммундық жүйесі әлсіз болғандықтан жұқпалы ауруларға өте бейім тұрады. Емге әр түрі лейкоз клеткаларының бөлініп көбеюін тежейтін дәрілер қолданылады. Бұл ауруды химиотерапия, радиотерапия арқылы анықтайды.
ЖИТС (СПИД) Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса қатерлі вирустық дерт. Себептері: ЖИТС қоздырады АИВ Қоздырушы - адамның иммундық дефицит вирусы (АИВ). Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС) пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын аурулар пайда болады.
Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:— жыныстық қатынас; Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖИТС адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомосексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады. Ең қауіптісі — гомосексуальдық анальдық қатынас, өйткені партнерлердің жыныс мүшелерінің терісі, шырышты қабатының жарақаттануы жиі болады
— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда); Егерде ЖИТС-пен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін
— анасынан нәрестеге жұғу арқылы. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖИТС-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі
Алдын алу шаралары
— ЖИТС тасымалдаушыларды анықтап, жұғу арнасын сенімді түрде жауып тастау. Осы мақсатта көптеген елдерде мынадай шаралар жүргізіліп жатыр: халықтың (тұрғындардың) кейбір топтарын сөзсіз және жоспарлы түрде лабораториялық тексеруден өткізу; донорлык, қанды, сперманы, органдарды тексеру; гемофилиямен ауыратындарды, нашақорларды, гомосексуалистерді, жезөкшелерді тексеру; ауырғандарды арнайы ауруханаға жатқызу және емдеу; сенім телефондарын ұйымдастыру; ЖИТС-пен ауырғандарға консультация және көмек беретін комиссия жұмысын ұйымдастыру; диагностикалық орталықтар, кабинеттер ашу т. б Әркім аурудың қалай тарайтынын, одан қалай сақтану қажет екенін жетік білуі тиіс. Жалпы халықты, әсіресе балалар мен жастарды өнегелілікке, дұрыс жыныстық қатынас жасауға тәрбиелеу мәселесін жолға қоймайынша, ЖИТС-пен күресу мүмкін емес. Жеке бас профилактикасы қарапайым әрі денсаулық үшін ұтымды. Оларға мыналар жатады:
— салауатты, әдепті өмір сүру;
— кездейсоқ жыныстық қатынастан және гомосексуалист, жезөкшелермен жақындасудан сақ болу (жыныстық партнер көп болған сайын ЖИТС жұқтыру қаупі арта түседі. Г. В. Сколубовичтін. (1989) айтуы бойынша, «Жыныстық тәртіпсіздік, нашақорлық және жезөклелік — ЖИТС вирусын жұқтыру кепілі»);
— стерильденбеген немесе кездейсоқ біреудің шприцін, қайшысын, сақал алғышын және басқа да құрал-жабдықтарын пайдаланбау;
— әсіресе терісі, шырышты қабаттары зақымданған жағдайда бөтен біреудің қанымен, бөлінділерімен жанасудан абай болу;
— презервативті дұрыс пайдалану (ол ЖИТС-тен қорғайды);
— қан құйғанда немесе донор қанынан дайындалған препараттар қабылданғанда олардың АИВ-ке тексерілгеніне көз жеткізу (ол үшін қолданылған қанның сериялык нөмерін жазып алыңыз);
— маникюр, педикюр жасайтын құралдардың стерильдігіне көңіл аудару;
— ЖИТС вирусын жұқтырып алдым-ау деген күмәнді жағдайда міндетті түрде дәрігерге көріну.
Белгілері:
Аурудың негізгі белгілері:Вирус жұққан адамдардың 35-50%-ы ауырады. Қалғандары дені сау, вирус тасымалдаушы болып қалады. ЖИТС немесе қазіргі кезде АИВ инфекциясы деп аталатын індеттің тиісті кезеңдеріне қарай әртүрлі белгілері болады. Жұққан сәттен бастап алғашқы белгілері пайда бола бастағанға дейінгі уақыт инкубациялық кезең – бастапқы АИВ-инфекция) 2-3 аптадан 6-12 айға, кейінгі кездегі мәліметтер бойынша бірнеше жылға дейін созылады. Инфекция кейде белгісіз түрде дамиды. Негізінде науқастанғандардың 1/3-нің дене қызуы көтеріліп, баспа (ангина), бас ауыруы, лимфабездерінің ісінуі, әлсізденуі, терісіне бөртпе шығу сияқты жедел ауру белгілері пайда болуы мүмкін. ЖИТС те әзірге толықтай жазылып кетпейді, алайда күн сайын әлемде әлдеқайда тиімді, өмірді ұзартып, денсаулықты сақтауға көмек беретін дәрі дәрмектер пайда болуда.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.