Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық
1.Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Жүйке жасушалары
Жүйке жасушалары (нервные клетки, нейроны, нейроциты); (гр. neuronum, neurocytus; neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.
Жүйке жасушалары (нейроциттер) — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.
Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.
Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірөсінділі (униполярлы), жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы), екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі (мультиполярлы) болып бірнеше топқа ажыратылады.
- Униполярлы нейроциттер — жануарлар эмбрионында,
- Псевдоуниполярлы жүйке жасушалары — жұлын түйіндерінде,
- Биполярлы нейроциттер — көздің торлы қабығында, ішкі құлақта, иіс сезімі мүшесінде,
- Мультиполярлы нейроциттер — мида, жұлында, көптеген сомалық, вегетативтік интрамуральды және экстрамуральды жүйке түйіндерінде орналасады.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай нейрондар 3 түрлі болады:
- cезгіш (бұлар рецепторлер қызметін атқарып қозуды сезім мүшелерінен орталық жүйке жүйесіне жеткізеді)
- байланыстырғыш (қозуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нерондарға өткізеді)
- қозғалтқыш (қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттер мен бездерге жеткізеді)
Синапс дегеніміз - нейронның бұлшық ет талшықтарымен түйіскен жері. Жүйке синапсын - нейронның қысқа өсінділері түзіледі. Безді синапс. Синапс арқылы сигналдардың берілуі химиялық заттар - медиаторлар арқылы іске асады. Жүйке импулстарының жүру жылдамдығы 0, 5 - тен 120 м/сек жылдамдықпен жүреді. Синапстар қоздырушы, екіншісі тежеуші. Синапстар зақымданатын болса нейрон қаншалықты қозады, ол жүйке жүйесіне берілмейді.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың сабақ барысындағы және кабинеттегі жеке бас қауіпсіздіктерін сақтай білулері қадағаланады.
3.Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылар жүйке жүйесінің түрлері, жүйке жүйесінің қызметтері және оның құрылымдық компоненттері-7 сынып курсынан біледі. Бұл тарауда нейрондардың түрлері мен қызметтері қарастырылады. Тараудың басында нейрондардың түрлері мен қызметтері, жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар), миеленді, миеленсіз аксондарда жүйке импульстарының туындауы және өткізілуі оқытылады
4.Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылар бағалау критерийлері бойынша нейрондардың типтері мен нейрондар құрылысының ерекшеліктерін және нейрондардың қызметін атайды. Осыған байланысты суретті пайдалана отырып, берілген терминдерді қолданып, жасушаның құрылымдық компоненттерін көрсетеді. Жүйке жасушасының компонентін оның өзіне тән ерекшеліктерімен сәйкестендіреді. Жүйке жасушасының құрылымы мен жүйке жасушасының қызметі арасындағы қатынасты орнатады.
5. Саралау тапсырмалары
Оқушыларға нейрондардың үш түрінің құрылысының ерекшеліктері мен олардың функцияларын сипаттайтын тапсырмаға топтық жұмысты ұсыну барысында постер құру кезінде нейронның үш түрінің сызбасы бейнеленген карточкалар, дайын ресурстардың сәйкестігін таңдау үшін үш түрлі нейрондар мен сілтемелерге арналған дерек көздерді, кинестетиктердің жеке тобына пластилиннен немесе қолдағы материалдардан нейрон моделін жасау арқылы жұмысын таныстыруды ұсынуға болады.
6.Тапсырма жауаптары, критерийлері
1-тапсырма
2-тапсырма
1 -H, 2-C, 3-В, 4-E, 5-G, 6-A, 7-D, 8-F
3-тапсырма
Рецепторлық (афферентті, сезгіш ,сенсорлық) нейрондар рецепторлардан қозуды (жүйке импульстері) ОЖЖ өткізеді. Бұл нейрондардың денелері жұлын ганглийлерінде орналасқан, денеден Т-тәрізді екі тармаққа бөлінетін : аксон және дендрит бір өсінді шығады. Дендрит (жалған аксон) – миелинді қабықпен ұзын өсінділер, денеден шетке қарай кетеді, рецепторларға жақындағанда тармақталады .
Ендірме (қондырма, интернейрондар) нейрондар – афференттік нейрондардан жүйке импульстерін қабылдайтын және оларды эфференттік нейрондарға жеткізетін ең үлкен топ. Олардың денелері артқы мүйізде орналасады.Қоздырғыш және тежейтін ендірмелі нейрондар бар.
Эфферентті нейрондар (қозғалыс, моторлы) ОЖЖ-дан ағзаларға импульстер жүргізеді, бұл функцияны нейрондардың ұзын аксондары орындайды (ұзындығы 1,5 м-ге жетуі мүмкін). Олардың денелері алдыңғы мүйіздерде (мотонейрондар) және жұлынның бүйір мүйіздерінде (вегетативті нейрондар) орналасқан.
Бағалау критерийлері |
| ||
|
| ||
|
7.Сілтемелер мен ресурстар
1. ОЖЖ жасушалары; http://www.myshared.ru/slide/984090/
2. Нейрон құрылысы бойынша таныстырылым: http://www.myshared.ru/slide/653037/
3. Жүйке жүйесі: http://en.ppt-online.org/45434
4. Нейроны, классификация и возрастные особенности: http://koi.tspu.ru/koi_books/sedokova/3.3.htm
5.Structure and Functions of Nervous Tissue: http://www.ivyroses.com/HumanBody/Tissue/Tissue_Nervous-Tissue.php
6. Нейрон түрлері мен қызметі:
7.Нервная ткань - расположение, строение, функции. Классификация нейронов по функции. Нервное волокно. Рецепторы и эффекторы: http://anfiz.ru/ekzamen/item/f00/s00/z0000000/st006.shtml
8. Нервная ткань:
http://cytohistology.ru/tkani/nervnaya-tkan/
9. Видео «Нейрондар жасушалар ретжасушалар ретінде» https://www.twig-bilim.kz/ru/film/neurons-as-cells
10.Видео «Нейрондар желі ретінде » https://www.twig-bilim.kz/ru/film/neurons-as-networks
11. 1.Биология Грин, Стаут, Тейлор 1 том 248-251беттер
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.