Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. Биология, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарау 9.2С Координация және реттелу, биофизика | Мектеп: | |||||
Күні: ___ | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. | |||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары | 9.1.7.1 жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату | |||||
Сабақтың мақсаттары | Нейрондардың құрылымдық компоненттерін атап, оларды суретте анықтай білу. Нейрондар типтерін ажыратып, олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарын сипаттай білу. Нейрондар қызметтерін атай білу. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -нейрондардың типтерін анықтау; -аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтарын салыстыру Пәнге қатысты лексика мен терминология: ядро, өсінділер, дендриттер, миеленді аксон, миеленсіз аксон, нейроциттер, синапс, медиатор, сезгіш нейрондар, қимыл нейрондары, аффрентті нейрондар, эфферентті нейрондар, ендірме нейрондары/ интернейрон Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Әр жүйке жасушасы ..., ... және ... тұрады. Жүйке ұлпасының құрамында жасушалардың ек түрі ...және ... бар Жүйке ұлпасы екі түрлі болады: ... және ... Миеленсіз жүйке талшықтары миеленді жүйке талшықтарына қарағанда ... болады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. | |||||
Пәнаралық байланыс | Тірі ағзалардағы электр процестерін зерттеу кезінде физикамен пәнаралық интеграция | |||||
Алдыңғы білім | Жүйке жүйесінің түрлері, жүйке жүйесінің қызметтері және оның құрылымдық компоненттері-7 сынып. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақ қезеңдері | Жоспарланған іс-әрекеттер | Оқыту көздері мен ресурстар | ||||
Сабақтың басы | ||||||
Ой шақыру Интербелсенді тақтадан нейрондардың суреті көрсетіледі.Оқушыларға мына төмендегі сұрақтар қойылады. 1.Суретте не бейнеленгенін анықтаңыздар 2.Нейрон деген не? 3. Нейрондардың құрылыс ерекшеліктері неде? 4. Нейрон түрлерінің қызметі қандай? Осы сұрақтарға жауап ала отырып сабақтың тақырыбын, мақсатын және бағалау критерийлерін қалыптастыру. Жұптық жұмыс: Оқушылар карточкаларды толтыра отырып, жүйке жасушасының құрылымы мен қызметін еске түсіруді ұсыну. Өзін-өзі бағалау.Тақтадан оқушыларға нейронның дұрыс нұсқасын ұсыну. | 1-2 слайдтар
1-қосымша Жүйке жасушасы бейнеленген карточкалар. Презентация: слайд 3-4-5 | |||||
Сабақтың ортасы | ||||||
Глоссарий Мұғалім оқушыларға терминологиялық сөздік ұсынады. Оқушылар тақырыпқа байланысты термин сөздермен үш тілде танысады, термин сөздердің мағынасын дәптерлеріне жазады. Жеке жұмыс Оқушыларға қимыл, сезгіш және байланытырушы нейрондар суреттері таратылады, дерек көздерін пайдаланып құрылысын анықтайды. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен оқушылар бір-бірімен тапсырмаларын ауыстырып тексереді, ең жақсы орындаған екі жұмысын атап көрсетеді және бір ұсыныс жазады. Жеке жұмысты бағалау критерийі:
Топтық жұмыс:Оқушыларға постер құруды ұсыну, суреттерінде нейрондардың құрылымдық компоненттерін көрсете отырып, нейрондардың үш түрінің құрылысының ерекшеліктері мен олардың функцияларын сипаттайтын тапсырмаға бағалау критерийлерін құруды ұсыну Оқушыларға белгілер мен құрылымдардың/дайын ресурстардың сәйкестігін таңдау үшін үш түрлі нейрондар мен сілтемелерге арналған дерек көздерді ұсыныңыз
Ескерту кинестетиктердің жеке тобына пластилиннен немесе қолдағы материалдардан нейрон моделін жасау арқылы жұмысын таныстыруды ұсынуға болады. Дескрипторлар • нейрон түрін анықтайды; • сурет-сызбанұсқада нейрон құрылысының ерекшеліктерін көрсетеді; • нейрон қызметін атайды Жұмыстарды таныстыру. Оқушылардың жұмысын талқылау барысында кері байланысқа уақыт беріледі. Мұғалім қорытындысы . | Презентация: слайд 6-7-8 Нейрон құрылысы мен қызметі http://www.ivyroses.com/HumanBody/Tissue/Tissue_Nervous-Tissue.php Нейрон жасушаларының суреті Презентация: слайд 9 Презентация: слайд 10-11-12-13 нейронның үш түрінің сызбасы бейнеленген карточкалар, үлестіруші материал, ноутбук, флип –чарт/плакаттар, маркерлер. | |||||
Жеке жұмыс:Оқушыларды нейрондардың үш түрін және олардың қызметтерін салыстыру үшін кесте ұсыну (Венн диаграммасы). Оқушылардың жұмысын талқылау барысында кері байланысқа уақыт беріледі Мұғалім қорытындысы
| Презентация: слайд 14 және 17-29 | |||||
(Ж) (ҚБ) оқушыларға «жүйке жасушасының құрылысы және оның қызметтері» тақырыбы бойынша тапсырмалар жасауды ұсыну | Презентация: слайд 15-16 3-Қосымша | |||||
Сабақтың соңы | ||||||
37-40 мин | Кері байланыс Сабақта алған сіз үшін ең маңызды ақпарат? Сабақ кезінде қиындық тудырған мәселе? Тағы нені көбірек білгіңіз келеді? | \ | ||||
Қосымша ақпарат | ||||||
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Қабілеті жоғары оқушылар қосымша ақпараттар тауып өз білімдерін тереңдете алады. Кейбір оқушылар үш түрлі нейрондар туралы дайын ресурстар мен сілтемелерге арналған дерек көздерді қолдана отырып олардың құрлысы мен қызметтерін сипаттау тапсырмалары арқылы Сондай-ақ оқушыларға бейнероликтің транскриптін ұсынуға болады. 1.Ресурстар 2. Әртүрлі деңгейлі тапсырмалар 3. Ақпаратты қабылдау және өңдеу ерекшеліктері әртүрлі оқушыларға бейне - және аудиоматериалдар, сондай – ақ пластилин/қол астындағы материалмен жұмыс істеу ұсынылады | |||||
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? | Талқылау кезіндегі оқушылардың жауаптары арқылы Сәйкестендіру тапсырмаларының жауаптары арқылы Моделде ауызша сипаттаулары арқылы Сұрақ қоя білуы мен сұраққа жауаптары арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды орындау кезінде. Кері байланыс – жүйке жасушасы құрылысы мен жүйке жасушасы қызметі арасындағы өзара байланысты орнатқанда | |||||
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері | Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ескертіледі, мысалы, сумкаларын тиісті орынға қою, жеке заттарын ретті орналастыру, қабинеттегі қозғалыс кезінде қауіпсіздікті сақтау т.б. | |||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.