Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс «Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті аймақтың) анықтау». Биология, 9 сынып, дидактикалық материал.


Тірі ағзаларды жүйелеу

 Тірі ағзаларды екі сөзбен атау, біреуі зат есім оның туысын білдіреді, екіншісі сын есім оның түрін білдіретін қосарлы атауды бинарлы номенклатура деп атайды. Ағазаларды қосарлы атау К.Линнейге дейін 100 жыл бұрын (К. Баугин) орын алған, бірақ К.Линней бинарлы номенклатураны ғылымғы енгізіп, қосарлы атаутізімді кеңінен қолданған. Мысалы: Қатты бидай мен жұмсақ бидай, жіңішке көкнәр мен апиын көкнәрі т.б.

К.Линнейдің есептеуі бойынша 6 сын есім мен үш зат есімнен, яғни тоғыз сөзден 100 түрдің атауын анықтауға болады.

Түр - тұқым қуалауда морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері ұқсас, еркін будандасып, өнімді ұрпақ беретін, белгілі тіршілік жағдайларына бейімделген және табиғатта белгілі аймақты – ареалды алып жататын популяция дараларының жиынтығы. 

Түрлердің көптүрлілігі – ұзақ уақытқа созылған тарихи дамудың немесе эволюцияның нәтижесінде түрлердің біреулерінің өлімге ұшырауы, екінші біреулерінің тіршілік жағдайларына бейімделіп өзгермеуі, үшіншілерінің ағзалардың құрылысы күрделенген жоғары топтарына бас болуы (яғни олардан күрделі құрылысты жоғары деңгейдегі ағзалардың шығуы).

Жүйелеу мысалдары:

Патшалық — жануарлар

Тип — хордалылар (желілер)

Тип тармағы — бассүйектілер

Класс — сүтқоректілер

Отряд — жыртқыштар

Тұқымдас- иттер

Туыс - ит

Түр – үй иті

Патшалық: Өсімдіктер

Бөлім : Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер

Бөлім асты: Жабық тұқымдылар

Класс: Қосжарнақтылар

Тұқымдас: Раушангүлділер

Туыс: Итмұрын

Түр: Жабайы итмұрын

Биологиялық жүйені құру жолдары

Қазіргі кезде түрді жүйелеуде төмендегідей еркшеліктер ескеріледі:

Ағзаның құрылысы мен жасуша ерекшелігі, қазба қалдықтары арқылы зерттеу, көбею ерекшелігі мен эмбрионалды дамуы, нуклеотидті құрамы ДНҚ және РНҚ, нәруыз құрамы, қоректену типі,

қор затын жинау типі, ағзаның таралуы т.б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.