Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану. Зертханалық жұмыс «Анықтағыш көмегімен өсімдіктер мен жануарлар түрлерін (жергілікті аймақтың) анықтау». Биология, 9 сынып, презентация.
9.4В – Тірі ағзалардың көп түрлілігі
Сабақтың тақырыбы:
Тірі ағзалардың әртүрлілігі. Бинарлы номенклатура.
Оқыту мақсаттары:
9.1.1.1 әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану
9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
Бағалау критерийлерін жазыңыз
Біліміңді тексеріп көр!
Проблемалық сұраққа жауап беріңіз
Неге қазіргі заманғы органикалық әлемнің әртүрлілігі биологиялық эволюцияның нәтижесі болып табылады?
Эволюциялық үдеріс соңында неге әкелді?
БИНАРЛЫ НОМЕНКЛАТУРА —тірі ағзаны атауда латынша екі сөзді қолданып, ағзаларды жүйелеу системасы.
Бірінші сөз-зат есім- туысын, екіншісі сын есім- түрін білдіреді.
Түр - тұқым қуалауда морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктері ұқсас, еркін будандасып, өнімді ұрпақ беретін, белгілі тіршілік жағдайларына бейімделген және табиғатта белгілі аймақты – ареалды алып жататын популяция дараларының жиынтығы.
Түрлердің көптүрлілігі – ұзақ уақытқа созылған тарихи дамудың немесе эволюцияның нәтижесінде түрлердің біреулерінің өлімге ұшырауы, екінші біреулерінің тіршілік жағдайларына бейімделіп өзгермеуі, үшіншілерінің ағзалардың құрылысы күрделенген жоғары топтарына бас болуы
Тапсырманы орындаңыз.
Жүйелеуді дұрыс ретімен орналастырыңызЖануарлар:тип---отряд-----тұқымдас------туыс------топ-----түр---патшалық
Өсімдіктер:қатар ----патшалық---бөлім-----түр-------тұқымдас---туыс
Жіктеу мысалы
Патшалық — жануарлар
Тип — хордалылар (желілер)
Тип тармағы — бассүйектілер
Класс — сүтқоректілер
Отряд — жыртқыштар
Тұқымдас- иттер
Туыс - ит
Түр – үй иті
Тапсырма: Берілген тізбектегі өсімдіктердің жүйелік систематикасын құрыңыздар
Дүние, тип, бөлім, класс, қатар, отряд, тұқымдас, туыс, түр, жануарлар, өсімдіктер, жоғары сатыдағы, төменгі сатыдағы, споралы, тұқымды, ашық тұқымды, жабық тұқымды, дара жарнақты, қос жарнақты, раушангүлділер, бұршақ, асқабақ, астық, раушантәрізділер, бұршақтәрізділер,итмұрын, жабайы итмұрын
Дүние: Өсімдіктер
Бөлім : Жоғары сатыдағы тұқымды өсімдіктер
Бөлім асты: Жабық тұқымдылар
Класс: Қосжарнақтылар
Тұқымдас: Раушангүлділер
Туыс: Итмұрын
Түр: Жабайы итмұрын
Жауабын тексеру:
КАРЛ ЛИННЕЙ (1707-1778), швед натуралисті
Атақты ғылыми жұмыстары үшін оған «Ботаниктер Князі» титулы берілген
К.Линней бинарлы номенклатураны енгізген
Систематика (от греч. systematikos — жинақталған, жүйелеуге қатысты), белгілі бір объектінің арнаулы реттеуге және қасиеттеріне байланысты топтастырылуы мен классификациялануы.
Систематика – түрдің қандай туысқа,түрге,тұқымдасқа және т.б. жататынын анықтайтын биология ғылымының саласы.
Биологиялық жүйені құру жолдары
Қазіргі кезде түрді жүйелеуде төмендегідей ерекшеліктер ескеріледі:
Ағзаның құрылысы мен жасуша ерекшелігі
Қазба қалдықтары арқылы зерттеу;
көбею ерекшелігі мен эмбрионалды дамуы;
нуклеотидті құрамы ДНҚ және РНҚ;
нәруыз құрамы;
қоректену типі;
қор затын жинау типі;
ағзаның таралуы т.б.
Патшалық — Өсімдіктер- Planta
Бөлім— Жабық тұқымдылар Angiospermae
Класс — Қосжарнақтылар Dicotyledones
Қатар — Раушантәрізділер Rosales
Тұқымдасы — раушан гүлділер -Rosaceae
Туысы— Алма Malus
Түр — бақша алмасы
Malus domestica L .
ПАТШАЛЫҚ Жануарлар
ТИП Желілер (омыртқалылар)
КЛАСС Сүтқоректілер
ОТРЯД Жыртқыштар
ТҰҚЫМДАС
Қасқыртәрізділер
ТУЫС Ит
ТҮР: жабайы ит
Тірі табиғат патшалықтарының салыстырмалы кестесі
Зертханалық жұмыс
Жергілікті аймақтың өсімдіктері мен жануарларын анықтауыш көмегімен анықтау
Ресурстар
https://www.youtube.com/watch?v=wic5unxEhDA
https://www.youtube.com/watch?v=06gBRO3EsUQ
https://www.youtube.com/watch?v=Wu7zlU75utIhttp://school-collection.edu.ru/catalog/res/93e17730-1066-9085-726a-0191a49b4104/?from=6b7682f5-a3ad-39b0-be0b-cb4046204c07&interface=electronic
http://www.pereplet.ru/obrazovanie/stsoros/717.html
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.