Популяция санының өзгеру себептері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Популяциялардың санына қоршаған ортадағы факторлар әсер етеді. Мысалы ормандағы қоян популяциясын алатын болсақ, олар қоректік зат жеткілікті, қолайлы ортада қарқынды өседі, дегенмен олардың өсуін шектеуші факторлар бар. Егер де шектеуші факторлар болмағанда қоян популяциясының тығыздығы күрт артып кетер еді. Олардың санын жыртқыштар шектейді, немесе ортадағы қорек мөлшерінің азаюы, мекен ортасының тарылуы, аурулардың таралуы шектейді. Осындай факторлардың көмегімен популяциялардың саны реттеліп отыратындықтан табиғаттағы экожүйелерде тұрақтылық қалыптасады.

2. Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Оқушылардың жұмысын жұптарда немесе шағын топтарда ұйымдастыруға болады. Сабақ барысында кейбір оқушыларға жыртқыш пен құрбан популяцияларын моделдеп көрсетіп, ауызша сипаттама беру тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылардың графикті талдай білу дағдылары дамытылады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Популяция құрылымдарының өзгеруінен популяция тығыздығы мен санының өзгеретінін және популяцияның тұрақтылығын сақтауы экожүйедегі тұрақтылықтың сақталуы үшін маңызды екенін түсінулері маңызды.

Оқушылардың қоршаған орта факторларының популяция санына әсерін жыртқыш-құрбан мысалында талдап түсіндіре білулері маңызды.

  • Саралау тапсырмалары

4-қосымшада ұсынылды

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

 Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

 Популяция санының өзгеру себептерін түсіндіреді

  • Жыртқыш-құрбан қатынасы кезіндегі популяциялар санының өзгеру графиктеріне талдау жасайды
  • Популяция санына әсер ететін факторларды сипаттайды

3-тапсырма.

1.А популяциясы алғашқы 3 жыл бойы қарқынды өсіп, келесі жылдары өсуі тұрақталған. В популяциясы алғашқы 2 жылда қарқынды өсіп, 2-4 жыл аралығында өсуі күрт төмендеп, 5 –ші жылдан бастап өсуі тұрақтанған.

2.Популяцияның өсуіне мекен ортасындағы абиотикалық және биотикалық факторлар соның ішінде популяцияның тығыздығы, қорек мөлшері, мекен ортасының жеткіліксіздігі, жастық, жыныстық құрамы, туылым және өлім жітім саны әсер етеді.

3.Популяция санының тұрақты болуы экожүйедегі қоректік тізбектің тұрақты болуына ықпал етеді. Популяция дарақтарының мекен ортасына бейімделушіліктерінің жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Популяциядаға тұрақтылық экожүйедегі тұрақтылыққа негіз болады.

  • Сілтемелер мен ресурстар

Жыртқыш пен жемтік

https://twig-bilim.kz/kz/film/predators-and-prey



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу