Популяция санының өзгеру себептері. Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4D Биосфера, экожүйе, популяция

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Популяция санының өзгеру себептері (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.3.1.5 жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы мысалында популяция санының өзгеру себептерін орнату

 Сабақтың мақсаттары

  • Популяция санының өзгеру себептерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • Популяция санының өзгеру себептерін түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Жыртқыш-құрбан қатынасының мысалында факторлардың популяция санына әсерін тиісті терминологияны қолдана отырып, ауызша жазбаша сипаттай алады

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы, популяция саны, популяция тығыздығы, популяция санының өзгеру қисығы

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жыртқыш-құрбан қарым-қатынасы жыртқыш популяциясының санын...құрбан популяциясының санын....

Жыртқыш саны артқан сайын құрбан саны...

Құрбан саны артқан сайын жыртқыш саны...

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділік, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс атқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Популяция санының өзгеруі, графиктерді қарастырған кезде математика пәнінен алған білімдерін, ағзалардың таралу аймағы туралы түсініктер арқылы география пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 7-сыныптан экожүйе құрамы мен құрамбөліктерін, ондағы ағзалар санының өзгеруіне әкелетін абиотикалық, биотикалық факторлар туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында популяция дегеніміз не, оның санына қандай жағдайлар әсер етеді деген сұрақтар талқыланады. Популяция санына қоршаған ортаның абиотикалық және биотикалық факторлары әсер етеді. Оқушылардың жауаптарынан соң мұғалім ендеше бүгінгі сабақта популяция санының өзгеруіне әкелетін себептерді қарастырайық деп сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін бірлесіп анықтайды.

  • Популяция   дегеніміз не?

Белгілі бір аумақта мекендейтін, шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан біртүрге жататын организмдер жиынтығы.

  • Популяцияға тән қасиеттер

Өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгерісіне бейімділігі, генетикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлар жатады.

  • Популяция тығыздығы дегеніміз не?

Белгілі бір аймақтағы немесе кеңістіктегі даралар санының жиілігі

  • Популяция саны дегеніміз не?

Нақты бір аумақтағы дарақтардың жалпы саны

1 -3 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Мұғалім таныстырылымның көмегімен жыртқыш-құрбан қатынасы кезіндегі жыртқыш пен құрбан популяциялары санының өзгеруін сипаттап шағын түсіндірме береді.

Оқушылар ұсынылған жыртқыш пен құрбан популяциясы санының өзгеру графигін ауызша сипаттап береді.

Графиктерді оқу және талдау алгоритімі: Мұғалім оқушыларға графиктерді талдау алгоритмін көрсетіп, оны бағалауға арналған дескрипторларды ұсынады.

Графикті сипаттау алгоритмі.

1. Графикте тәуелді және тәуелсіз айнымалыларды анықтау.

2. Максималды және минималды көрсеткіштерді көрсетіп құру (мысалы, температура, даралар саны).

3. Координата нүктелері (мысалы: 2000 жылы, 200 адам, 300 дара 2010жылы.)

4. Графиктегі қисықтарды анықтап, олардың төмен не жоғары болу себебін сипаттау

Оқушыларға қосымша ақпарат көздері, видеоматериалдар ұсынылады.

Оқушылар жұптарда популяция санының өзгеруіне әкелетін факторларды талқылайды.

Мұғалім бірнеше жұптың жауабын тыңдап тиісті кері байланысты ұсынады.

Мұғалім оқушыларға популяция санының өзгеру себептерін Блум түймедағына толтырып жазу тапсырмасын ұсынады.

1 - қосымша

4-10 слайдтар

27-36 мин

Мұғалім оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындауды тапсырады.

2- қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Мен ...түсіндім

Мен...үйрендім

11-слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір оқушылар қосымша ақпараттар тауып өз білімдерін тереңдете алады.

Кейбір оқушылар тақтада популяция санының өзгеру қисықтарын сипаттай алады.

Оқушыларға ресурстың әртүрлі түрлерін ұсыну арқылы

Кейбір оқушылардың өз бетінше ағылшын тіліндегі ресурстарды пайдалануына мүмкіндік беру арқылы

Қосымша тапсырма орындау арқылы

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың ауызша жазбаша жауаптары арқылы

Жыртқыш-құрбан графиктерін талдау арқылы

Популяция санының өзгеруіне әкелетін факторларды атау арқылы

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындаулары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу