Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Тұқымқуалаушылық- ағза белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуі.
тұқымқуалаушылықтың арқасында ағзалар өзгереді, жаңа белгілерге
ие бола алады.
Барлық ағзалар өздеріне ұқсас ұрпақ қалдырады.
Ағза белгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуін тұқымқуалаушылық дейді.
Ұрпаққа берілетін белгілер тұқымқуалайтын белгілерге жатады.
Қоршаған орта жағдайларына төзуге көмектесетін тиімді белгілердің
тұқымқуалауы ағзаның тірі қалуына әкеледі.
Өзгергіштік:
Бір ағзаның ұрпақтарында ата-енесінен ерекше белгілердің қалыптасуы
Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік эволюцияның қозғаушы күштері болып табылады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылардың жұмысын сыныптағы оқушы санына қарай жұптарда немесе шағын топтарда ұйымдастыруға болады. Тұқымқуалайтын өзгергіштіктің басқадай мысалдарын да талқылауға болады.
Оқушыларға видеоматериалдарды қарауды ұсынуға болады.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың құс тұмсықтары пішіндерінің ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалауының арқасында жаңа белгі болып қалыптасып өзгеруінің нәтижесінде құстар өз тіршіліктерін сақтап қала алғанын түсіндіре алуларына назар аударылады.
Оқушылардың талдау жасауы барысындағы талқылауларына басты назар аударылып, тұқымқуалайтын өзгергіштіктің тірі ағзалар үшін маңызды екенін айта алулары қажет. Оқушылардың тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің жаңа белгілердің дамуы арқылы ағзалардың жаңа түрлері дамитындықтан эволюция үшін негізгі қозғаушы күш болып табылатынын түсінуіне көңіл бөлінеді.
- Саралау тапсырмалары
4-қосымшада ұсынылды.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
1-тапсырма:
Құралдар | Қореқ түрі |
Торлы ау | C |
Қасық | F |
Қысқыш | E |
Пинцет | B |
Ілмек | D |
Біз | А |
2-тапсырма.
Тентекқұс –ұсақ дәндермен, тауқұдірет- құрттар сияқты жәндіктермен, бірқазан- балықтармен, колибри – гүл шірнесімен, қоқиқаз-су түбірдегі ағзалармен, сандуғаш – жәндіктермен, ементұмсық пен шоттұмсық- ағаш діңіндегі құрттармен
3-тапсырма.
А. Неліктен құс түрлерінің тұмсықтарының пішіндері әртүрлі?
Құс тұмсықтары қорек көзіне деген бәсекелестікті болдырмау үшін қоректің нақты бір түріне қарай бейімделіп өзгерген. Қоректің пішініне сай болып құс тұмсығының өзгеруі олардың қоректің әртүрлі түрімен қоректене отырып, өз тіршіліктерін сақтап қалуға көмектесетін жаңа белгіге ие болуына көмектеседі.
Б. Егерде құстар тұмсықтарының пішіндері бірдей болатын болса не болар еді?
Олардың қоректері бірдей болса уақыт өте келе қорек тапшылығы туындап құстардың көпшілігі немесе барлығы тіршілігін жойған болар еді.
В. Ұрпақтан –ұрпаққа берілетін өзгергіштіктің нәтижесінде ағзалардың тіршілік ортасына бейімделуінің салдарына талдау жасап, әрбір бейімделушіліктің эволюцияға әкелетіндігіне көз жеткізеді.
Эволюция тірі ағзалардың қоршаған ортадағы өзгерістерге сай тиімді қасиеттерінің дамуының арқасында өзгергіштікке ие болып, бейімделіп тірі қалуына тәуелді.
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің эволюциядағы рөлін түсіндіреді |
|
- Сілтемелер мен ресурстар
Өзгергіштік
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.