Эмбриондық даму кезеңдері. Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Эмбрионалдық даму зиготаның бөлшектенуінен басталады, яғни ұрықтанған жұмыртқа жасушалардың бірнеше рет бөлінуінен басталады. Бөліну нәтижесінде пайда болған екі жасуша (және олардың келесі ұрпақтары) бластомерлер деп аталады. Бір бөлінуден кейін екінші бөліну басталады және бластомерлер өспейді, бөлінген сайын ұсақтала береді.

Бөлшектенудің нәтижесінде бластула түзіледі. Ол қуысты шар болып табылады, оның қабырғасы жасушалардың бір қатарынан тұрады, ол жасушалар қатары бластодерма деп аталады. Бластуланың қуысы бластоцель деп аталады. Бластула қуысы немесе алғашқы қуыс сұйықтыққа толы болып табылады.

Келесі кезеңде гаструла түзіледі. Бластодерманың ішке қарай ойысуынан түзіледі. Нәтижесінде гаструла түзіледі.

Гаструляция аяқталған кезде үш ұрықтық қабат (экто-, эндо- және мезодерма), немесе үш ұрық жапырақшалары пайда болады.

Ары қарай ұрықта (эмбрионда) гистогенездің (ұлпалардың түзілуі) және органогенездің (мүшелердің түзілуі) үрдістері басталады.

Ұрық жапырақшаларының жасушаларының дифференциациясы нәтижесінде дамып келе жатқан ағзаның әр түрлі ұлпалары мен мүшелері қалыптасады.

Эктодерма

жүйке жүйесі

Энтодерма

ас қорыту мүшелері, тыны салу мүшелері, бауыр, ұйқы безі

Мезодерма

тірек-қимыл жүйесі, қанайналым, зәр шығару жүйелері, жыныс мүшелері

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың биология кабинетіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауына назар аударылады.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Эмбриогенез сатылары көрсетілген плакаттар, сызбалар және ұрық жапырақшаларынан ұлпалар мен мүшелердің дамуы көрсетілген суреттерді пайдалануға болады. Ұсынылған сілтемелер бойынша оқушылар өздігінен зерттеу жүргізе алады.

Кейбір оқушыларға эмбриогенез сатыларын моделдеп жасап, әр сатының ерекшеліктерін сипаттау тапсырмасын ұсынуға болады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Бластомерлердің зиготаның митоз арқылы бөлінуінен түзілетінін, моруланың ретсіз орналасқан жасушалар жиынтығы екенін, ал бластула кезеңінен бастап жасушалардың ортасы қуыс бір қабатты денешік түзетінін, гаструла кезеңінен бастап жасушалардың екінші қабат түзіп соңында екі қабаттан басқа мезодерма қабатының дамитынын түсінулері маңызды.

Гаструла қабаттары қалыптасқаннан соң жасушалардың мамандануы жүріліп, ең алдымен жүйке тақташасы пайда болатындықтан бұл сатыны нейрула деп атайтынын, жасушалардың белгілі бір қызметті атқаруға сай бейімделушіліктерге ие болып, мамандануының арқасында ұлпалар мен мүшелердің дамитынын түсінулеріне назар аударылады.

  • Саралау тапсырмалары

Кейбір оқушыларға эмбриогенездің кезеңдерін сызбаға түсіру немесе комикс кітапшасын жасау, кластер құру сияқты тапсырмалар орындауды ұсынуға болады.

  • Тапсырма жауаптары, критерийлері
  • 6-9-3-4-1-8-5-7-2

Кезеңдер

Жүретін үдерістер

Бөлшектену немесе

морула

Зигота митоздық бөліну арқылы бөлінеді

Бластула

Пайда болған жасушалар ортасы қуыс бластомерлер түзеді.

Гаструла

Жасушалар түзілу ретіне қарай үш қабатқа орналасып, үш қабатты ұрық жапырақшасы түзіледі.

Нейрула

Жүйке тақташасының дамуы жүреді. Жасушалардың әр түрлі қызмет атқаруға бейімделіп өзгеруі, яғни мамандануынан ұлпалар мен мүшелердің дамуы басталады.

Ұрық жапырақшалары

Мүшелер

Эктодерма

Тері, сезім мүшелері, ми, жұлын, жүйке жүйесі

Мезодерма

Қаңқа, қан тамырлар жүйесі, бөліп шығару жүйесі

Энтодерма

Ас қорыту, тыныс алу жүйелері

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  • Эмбриондық дамудың сатыларын сипаттау;
  • Ұрық жапырақшаларынан мүшелердің дамуын сипаттау

Эмбриондық даму кезінде жүретін үдерістерді сипаттайды.

Ұрық жапырақшаларынан түзілетін мүшелерді атайды

  • Сілтемелер мен ресурстар

Адам эмбрионының дамуы

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/ahzanyng-zheke-damuy/lesson/adamnyng-uryqtanudan-bosanuha-dejingi-damuy



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.