Эмбриондық даму кезеңдері. Биология, 8 сынып, дидактикалық материал.


1-қосымша

Эмбриондық даму зиготаның бөлшектенуінен басталады, яғни ұрықтанған жұмыртқажасушалардың бірнеше рет бөлінуінен басталады. Бөліну нәтижесінде пайда болған екі жасуша (және олардың келесі ұрпақтары) бластомерлер деп аталады. Бір бөлінуден кейін екінші бөліну басталады және бластомерлер өспейді, бөлінген сайын ұсақтала береді. Жасушалық бөлінудің бұндай ерекшелігі «зиготаның бөлшектенуі» деп аталатын терминнің пайда болуын түсіндіреді.

 Бөлшектенудің нәтижесінде бластула түзіледі. Ол қуысты шар болып табылады, оның қабырғасы жасушалардың бір қатарынан тұрады, ол жасушалар қатары бластодерма деп аталады. Бластуланың қуысы бластоцель деп аталады. Бластула қуысы немесе алғашқы қуыс сұйықтыққа толы болып табылады.

 Морула (лат. morum – тұт ағашының жидегі), губкалардың, ішекқуыстылардың, жалпық құрттардың, буынаяқтылардың, көптеген сүтқоректілердің бөлшектену кезіндегі ұрықтық дамудың кезеңі. Бұрын моруланы бластуланың алдында болатын дамудың кезеңі деп есептейтін; қазір оны бластуланың бір типі ретінде қарастырады. Сүтқоректілерде морула бластоциста кезеңіне өтеді. Морула стадиясында ұрық қуысы жоқ, жасушалары бір-біріне тығыз орналасқан шар тәрізді болып келеді.

Келесі кезеңде гаструляция үрдісі жүзеге асады, яғни гаструла түзіледі. Көптеген жануарларда ол белгілі бір полюсте жасушалардың қарқынды бөлінуі кезінде бластодерманың ішке қарай ойысуынан түзіледі. Нәтижесінде гаструла түзіледі.

 Жасушалардың сыртқы қабат эктодерма деп аталады, іл ішкісі - энтодерма. Энтодермамен шектелген ішкі қуыс алғашқы ішектің қуысы болып табылады, ол сыртқы ортамен алғашқы ауызбен немесе бластопормен жалғасады. Гаструляцияның басқа да типтері бар, бірақ барлық жануарларда (губкалар мен ішекқуыстылардан басқа) тағы бір жасуша қабатының – мезодерманың түзілуімен аяқталады. Мезодерма энто- және экзодерма арасында түзіледі.

 Нейруляция – жүйке жүйесінің бастамасы - жүйке пластинкасы түзіледі және ол хордалы жануарлар мен адамда жүйке түтігіне айналады. Нейруляция кезінде ұрық жапырақшаларының құрамында мүшелердің жеке жүйелерінің бастамалары бөлінеді. Нейруляция кезеңіндегі ұрық нейрула деп аталады (гаструладан кейін қалыптасады).

 Гаструляция аяқталған кезде үш ұрықтық қабат (экто-, эндо- және мезодерма), немесе үш ұрық жапырақшалары пайда болады.

 Ары қарай ұрықта (эмбрионда) гистогенездің (ұлпалардың түзілуі) және органогенездің (мүшелердің түзілуі) үрдістері басталады.

 

 Ұрық жапырақшаларының жасушаларының дифференциациясы нәтижесінде дамып келе жатқан ағзаның әр түрлі ұлпалары мен мүшелері қалыптасады.

 Эктодермадан жануарлардың жабындары және жүйке жүйесі қалыптасады.

 Энтодермадан ішек түтігі, бауыр, ұйқы безі, өкпе қалыптасады.

 Мезодермадан вбасқа барлық жүйелер қалыптасады: тірек-қимыл жүйесі, қанайналым, зәр шығару, жыныстық жүйелер. Үш ұрықтық жапырақшалардың ұқсастығы тіршіліктің пайда болуының бірлігін көрсетеді.

 Эмбриондық кезең өз бетімен тіршілік етуге қабілетті жаңа ағзаның тууымен аяқталады.

2-қосымша

Эмбриогенездің кезеңдеріне сәйкес суреттерді анықтаңдар:

Кезеңдер

Жүретін үдерістер

Бөлшектену немесе

морула

Бластула

Гаструла

Нейрула

2-тапсырма. Ұрық жапырақшаларынан түзілетін мүшелерді кестеде атап жазыңыз.

Ұрық жапырақшалары

Түзілетін мүшелер

Эктодерма

Мезодерма

Энтодерма

Бағалау критерилері

Дескрипторлар

  • Эмбриондық дамудың сатыларын сипаттау;
  • Ұрық жапырақшаларынан мүшелердің дамуын сипаттау

Эмбриондық даму кезінде жүретін үдерістерді сипаттайды.

Ұрық жапырақшаларынан түзілетін мүшелерді атайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.