Қанайналым жүйесінің аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2А – Заттардың тасымалдануы

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қанайналым жүйесінің аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау

 Сабақтың мақсаттары

  • Қанайналым жүйесі ауруларының себептері мен белгілерін сипаттау

 Бағалау критерийлері

  • Қанайналым жүйесінің ауруларын сипаттайды;
  • Аурулардың себептерін түсіндіреді;
  • Қанайналым жүйесінің ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жүрек-қан тамыры ауруларын атайды;

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт ауруларының туындау себептерін түсіндіреді;

Осы аурулардың алдын алу жолдарын ұсына алады;

Оқушылар тиісті терминологияны пайдалана отырып, аурулардың себептері, белгілері мен алдын алу шараларын ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт, коронарлы артерия, тамырдың бөгелуі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Инсульт кезіндегі белгілерге... жатады.

Корнарлы артериялар оттегіні ...тасымалдайды.

Инсульттың алдын алу үшін..., ..., ... қажет.

Ишемиялық ауру...себептен туындайды.

Атеросклероздың себептеріне ...жатады.

Тахикардия ...байланысты туындайды.

 Құндылықтарды дарыту

 Пәнаралық байланыс

Қан қысымы, ағу жылдамдығы, қан тамырларының кеңеюі, тарылуы түсініктері арқылы физика пәнімен байланысады.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының себептерін қарастырғанда тамақ құрамындағы әртүрлі химиялық заттардың табиғаты туралы білім арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

7-сыныптан оқушылар жұқпалы аурулардың себептері микробтарға байланысты екенін, 8-сыныптан асқорыту жүйесі мүшелерінің аурулары мен жұқпалы аурулардың туындау себептері мен алдын алу шараларын біледі. 8-сыныптан қанайналым жүйесінің түрлері, қанның құрамы мен қызметтері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Оқушыларға жүректің құрылыс бөліктерін атап жазу тапсырмасы ұсынылады. Біз жүректің құрылысы, қанайналым жүйелерінің түрлері, қан тамырларының ерекшеліктері, қызметтерін білеміз. Осы мүшелер туралы тағы нені білу қажет деп ойлайсыздар сұрағын қоя отырып, осы мүшелерде кездесетін ауытқулар, яғни аурулары туралы сабақ болатынына назар аудартылады. Аурулар туралы қандай білім сіздерге қажет сұрағы арқылы сабақтың мақсаттары анықталады.

1– қосымша

1-3 слайдтар

Сабақтың ортасы

4-17 мин

Мұғалім аурулардың ерекшеліктері туралы шағын түсіндірмелер береді.

Оқушыларға тақырып мазмұнын жұптарда/топтарда жұмыс жасап, әр ауруға байланысты постер жасау тапсырмасы ұсынылады. Бір топтың жасаған постеріне келесі топ толықтыру жасайды. Осылайша оқушылар барлық постерлерді аралап, толықтырады.

Мұғалім оқушылардың жұмысына бағыт сілтей отырып, кері байланыс ұсынады. Оқушылардың тиісті ақпаратты жинақтауына назар аударылады.

4-9 слайдтар

2 - қосымша

17-27 мин

Білім жинақтаудан кейін оқушылар үлкен топтарға бірігіп, тақырып төңірегінде талқылау жүргізеді. Талқылаудан соң оқушылар топтарға бөлініп, аурулардың себептері, белгілері мен алдын алу жолдары туралы ашық сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарды бір-бірлеріне қойып жауап береді.

Критерийлер:

  • Қанайналым жүйесінің ауруларын сипаттайды;
  • Аурулардың себептерін түсіндіреді;
  • Қанайналым жүйесінің ауруларының алдын – алу шараларын ұсынады.

Дескрипторлар:

  • Берілген аурулардың белгілерін біледі
  • Аурулардың себептерін түсіндіреді
  • Аурудың белгілерін сипаттайды;
  • Барлық аурулардың алдын-алу шараларын ұсынады.

27-36 мин

Оқушылардан аурулардың сипаттамаларын сәйкестендіру тапсырмасын орындау сұралады.

Кейбір оқушыларға аурулар туралы кесте толтыру тапсырмасын ұсынуға болады.

Мұғалім қосымша сұрақтар қойып, толықтыруларға бағыттай отырып, кері байланыс ұсынады.

3- қосымша

10 слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта мен ...білдім

Алдағы уақытта ... туралы толықтырамын

11 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушылардың ақпарат жинақтау тапсырмасын орындау кезінде ақпаратты мазмұны бойынша топтастырып жинақтауы арқылы

Оқушыларға ақпаратпен жұмыс жасау барысында өз білімдерін қосымша ақпараттармен толықтыру мүмкіндігін беру арқылы

Оқушылардың сұрақтарды әртүрлі тереңдікте құрастыруы арқылы

Оқушылардың талқылау барысында сұрақтар қоюлары мен жауап берулері арқылы

Кейбір оқушылар қосымша онлайн тапсырмалар орындап, ақпараттар оқып өз білімдерін тереңдете алады.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың сәйкестендіру тапсырмасын орындаулары

Ауызша жауаптары арқылы

Сұрақтар құрастырулары мен жауап берулері арқылы

Сабақ барысындағы постерлер жасап, сыныптастарының постерлерін толықтыру кезіндегі іс-әрекеттері арқылы

Сабақтың соңындағы қорытынды тапсырманы орындауы, таныстырулары арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Постер жасау кезінде оқушылар белсенді қозғалыс жасайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.