Қанайналым жүйесінің аурулары (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

АТЕРОСКЛЕРОЗ

 Атеросклероз қанайналымның бұзылуына әкелетін, холестериннің жиналуының нәтижесінде ірі және орташа артериялардың зақымдалуы.

Себептері

Атеросклероздың пайда болуы мен қалыптасуында мыналар маңызды рөл атқарады:

  • майлар алмасуының бұзылуы;
  • тұқымқуалайтын генетикалық фактор;
  • қантамыр қабырғасының жағдайы.

Атеросклероздың дамуына келесі факторлар топтары әсер етеді:

- өзгертуге болатын;

- өзгертуге болмайтын.

Өзгертуге болатын факторлар:

1.Өмір салты:

- аз қозғалу,

- холестеринге бай, майлы тағамды көп жеу,

- алкогольді қабылдау,

- темекі шегу.

2. Артериялық гипертензия, артериялық қысым 140/90мм.сын.бағ. және одан жоғары.

3. Қант диабеті.

4. Қандағы холестериннің жоғары деңгейі.

5. Семіздік.

Өзгертуге болмайтын факторлар:

1. Жас ерекшелігі: 45 асқан ер адамдар мен 55 асқан әйел адамдар.

2. Ер жынысы (ер адамдар атеросклерозбен әйел адамдардан 10 жыл ерте ауырады).

3. Отбасыда ерте атеросклероз болған жағдайлар.

Белгілері

Қантамырлар жүйесінде орналасуына байланысты атеросклероз келесі аурулардың негізі болады:

1. Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, миокард инфаркті, аритмия, жүрек кемістігі).

2. Ишемиялық инсульт

3. Аяқтар артерияларының атеросклерозы.

4. Аорта атеросклерозы.

5. Бүйрек артерияларының атеросклерозы т.б.

  • Аортаның құрсақ бөліміндегі атеросклерозында іштің ауыруы, іштің кебуі, іш қату болады. Бүйрек артерияларының атеросклерозында тұрақты жоғары қан қысымы, несеп талдауындағы өзгерулер байқалады. Шеткі артериялардағы атеросклероз аяқ бұлшықеттерінің шаршауына, аяқ-қолдардың тоңуы, кейбір кездері ақсап қалу байқалады.

Алдын-алу

  • Холестерин деңгейін қадағалау;
  • Темекі, алкоголь, есірткіден бас арттыру;
  • Сәйкес дене жүктемелері;
  • Дене салмағын қалыпқа келтіру;
  • Қандағы глюкоза мөлшерін бақылау;
  • Артериалық қысымның 140/90 мм сын.бағ. төмен болуы;
  • Антиатеросклероздық диета сақтау.

ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫ коронарлы артериялар арқылы жүрек бұлшықетіне аз мөлшерде оттегінің баруымен байланысты ауру.

Себептері (қатерді туғызатын факторлар)

 Көп жағдайда себеп – коронарлы артериялардың атеросклерозы мен пайда болған төмпешіктер. Осы ауру шиеленіскен және созылмалы болады. ЖИА түрлері: стенокардия, миокард инфаркты, жүрек аритмиясы, және аяқ астынан жүректен қайту.

 ЖИА қауіптері және оның асқынуы: тұқымқуалаушылық, ер жынысы, қартаю, өмір және еңбек жағдайы, аз мөлшерде физикалық жүктемелер, сирек – физикалық жүктемелер, қантты көп қолдану, майлы тамақ, темекі және алкоголь, семіздік, қант диабеті, гипертония.

Белгілер

 Әдетте жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын адамдарда белгілер 50-ден асқаннан кейін білінеді. Олар дене жүктемесі кезінде ғана пайда болады.

  • Кеуде қуысының ортасындағы ауру сезімі (стенокардия);
  • Ауа жетіспейді және тыныс алу қиындық туғызады:

Жүректің тым тез соғуына (минутына 300 рет) байланысты қанайналымның тоқтауы. Бұл жағдайда аталған белгі бірінші және соңғы болады.

Алдын-алу

  • Диета
  • жүйелі түрдегі жүктемелер.
  • Зиянды әдеттерден арылу,
  • салауатты өмір салты

АРТЕРИАЛДЫ ГИПЕРТЕНЗИЯ, гипертония тұрақты жоғары артериалды қысым, оның нәтижесінде жүрек пен артериялар функциялары бұзылады.

Қалыпты қан қысымы – 120/80 мм сын.бағ.

Артериалды гипертензияның дәрежелері:

  • 1 дәрежесі – 140-159/90-99 мм сын.бағ.
  • 2 дәрежесі – 160-179/100-109 мм сын.бағ.
  • 3 дәрежесі – 180 және жоғары/110 және жоғары

Себептері: Қазіргі кезде гипертензияның 90% себептері анықталмаған. 10% түрлі аурулардың асқынуларының нәтижесінде болады. Алайда гипертензияның дамуына әкелетін факторларды атап айтуға болады:

Аз қозғалу;

D дәруменінің аздығы;

Семіздік;

Тұзға сезімталдық;

Тұқымқуалаушылық;

Алкогольді ішу;

Холестериннің жоғары деңгейі;

Темекі тарту;

Калий аздығы;

Стресс.

Белгілері

Бастың айналуы;

Қол саусақтарындағы жансыздану

сезімі;

Төбе аймағындағы ауырсыну;

Баста лүпілді сезу;

Жүректің айнуы;

Құлақтағы шу;

Жоғары тершеңдік;

Беттің қызаруы;

Жүректің тез соғуы.

  • Ұйқыдан кейінгі ісініп кету;

Алдын-алу

 Салауатты өмір салты

 Дұрыс тамақтану

 Қысымды жүйелі бақылауда ұстау

 Жүйелі дәрігерге қаралу.

ИНСУЛЬТ- бұл ми бөлігіне қан келмеуіне байланысты, сол ми бөлігінің өлуі.

Себептері: Қантаратудың тоқталуының себебі – артерияның атеросклеротикалық түйіндік (бляшка) немесе тромбпен бітелуі. Немесе артерия қабырғасы жарылып, миға қан кетуі мүмкін.

 Белгілері

  • Қимыл қозғалыстың, көбінесе аяқ-қолдың қозғалысының бұзылуы,
  • Сезімдердің бұзылуы: ауырсыну, температураны сезінбеу;

Көру сезімін жоғалту;

Сөйлеудің бұзылуы;

Тік тұра алмауы;

  • Сананың бұзылуы:

Ұйқышылдықтың және толық естен танудың байқалуы.

Алдын-алу жолдары: Инсульт емдеуден гөрі, алдын-алуы оңай аурулар қатарына жатады. Ол үшін еңбек пен тынығу режимін дұрыс ұйымдастыру, дұрыс тамақтану, жеткілікті мөлшерде ұйықтау, қалыпты психологиялық ахуалды сақтау, тамақта ас тұзын шектеу, жүрек-қантамырлары ауруларын ( жүректің ишемиялық ауруы мен гипертензияны) уақытылы емдеу қажет.

 Инсультті болдырмаудың ең жақсы тәсілі – атеросклероз бен басқа жүрек-қантамырлары ауруларының алдын-алу. Қан қысымын бақылау және қант диабетіне уақтылы тексерілу маңызды.

 Қажет болған жағдайда ми қантамырларының микроциркуляциясын жақсартатын дәрілерді, сонымен қатар, миға оттектің жетіспеушілігін алдын алатын препараттарды қабылдау қажет.

МИОКАРД ИНФАРКТІ

 Миокард инфаркті көбіне коронарлы артерияның тромбозынан туындаған жағдай. Алғашқы 2 сағатта бұл аурудан қайтып кету қаупі өте жоғары, егер науқасты тез арада ауруханаға жеткізіп, тромбты ерітіп жіберсе, бұл қауіп төмендейді.

Себептері

 Тамақты көп ішу, дұрыс тамақтанбау, тағамда жануар майларының көп болуы, аз қозғалыс, гипертониялық аурулар, зиянды әдеттер.

 Жүрек бұл бұлшықтетті қапшық, ол өзі арқылы насос сияқты қанды айдайды. Бірақ жүрек бұлшықетінің өзі сырттан келген қантамырлардан оттегіні алады. әр түрлі себептердің арқасында бұл тамырлардың бір немесе бірнеше бөлігі атеросклерозбен зақымдалып, қажетті қан мөлшерін өткізбейді. Жүректің ишемиялық ауруы туындайды. Миокард инфарктісінде коронарлы артерия толық күрт бітеледі. Қан келмеген, қоректенуден айрылған жүрек бөлігі жансызданады. Латын тілінен инфаркт – өлі ұлпа.

Белгілері

  • кеуде қуысындағы жүректің өте қатты ауруы;
  • 15 минуттан артық аурудың басылмауы;
  • нитроглицеринді қабылдаудан кейін де аурудың басылмауы.

Ауру дамуына әкелетін факторлар

  • жас ерекшелігі, ұлғайған сайын қауіп артады;
  •  темекі шегу;
  •  артериальды гипертония;
  •  бұрын бастан өткерген инфаркт;
  •  холестериннің жоғары деңгейі;
  •  қант диабеті;
  •  семіздік немесе артық салмақ.

Алдын-алу

Жүректің ишемиялық ауруының алдын-алу шаралары сияқты.

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Сабақ барысында оқушылардың жеке бас қауіпсіздігін сақтау ескертіледі.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Дәрігер, сарапшы, тұрғындар рөлдерінің жұмысына байланысты нұсқаулықты нақтылап түсіндіру қажет.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Оқушылардың әр аурудың туындау себептерін түсіндіре білулері, аурулардың белгілерін сипаттай алуы және аурудың алдын алу шараларын ұсына білулері маңызды. Оқушылардың тақырыпты басқа тараулар мен пәндерден алған білімдерімен және өмірлік жағдайлармен байланыста сипаттаулары мадақталады. Оқушылардың фактілер мен дәлелдерге сүйене отырып, тиісті пәндік терминологияны қолданып сипаттауларына назар аударылады.

  • Саралау тапсырмалары
  • 3-қосымшада ұсынылды
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

3-қосымша. True: 1, 4, 6.

  • Сілтемелер мен ресурстар

Аурулар туралы:

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhurek-qan-tamyry-zhujesi/lesson/zhurek-qan-tamyr-zhujesining-aurulary-men-gigienasy

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/zhurek-qan-tamyry-zhujesi/lesson/qan-ajnalym-zhujesining-aurulary



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.