Қанның құрамы мен қызметі (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, қосымша материал.
- Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал
Қан формалы элементтер: эрирофиттер, тромбоциттер және лейкоциттерден тұрады. Эритроциттер ядросыз, екі жағы қысыңқы, гемоглобин нәруызымыен байланысқан гемнен тұратын қызыл түсті қан жасушалары. Оларда ядроның болмауы (көп гемоглобин сияды) мен диск тәріздес пішіні жасушаның беттік ауданын ұлғайтып, газдар диффузиясының жылдамдығының артуына қолайлы. Бұл эритроциттердің құрылысы мен қызметі арасындағы байланысты көрсетеді. Ал лейкоциттер ядролы, қозғала алатын, түссіз жасушалар. Олардың негізгі қызметі ағзаны микробардан тазартып, қорғау, иммунитетті сақтау. Олардың атқаратын қызметі мен кездесетін орнына, түйршіктің болу болмауына қарай бірнеше түрлері болады. Ал тромбоциттер қанның ұюына жауапты.
Қанның сұйық бөлігі қан плазмасы су, глобулин, фибриноген, альбумин нәруыздары, глюкоза, тұздардан тұрады. Оның негізгі қызметі қоректік заттарды тасымалдау. Қан қорғаныш, тасымалдау, дене жасушаларының арасындағы байланысты қамтамасыз ету қызметтерін атқарады.
- Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылардың өз заттарын сабақ барысында кедергі келтірмейтіндей қауіпсіз орналастырып қоюына назар аудару.
- Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар
Оқушылар қанның формалы элементтерін қарастырған кезде олардың құрылыс ерекшеліктерінің атқаратын қызметімен байланысына назар аудару қажет. Әр құрылымның құрылыс ерекшеліктерін қызметін атқаруға байланысты бейімделушіліктерімен байланыстырып түсіндіру қажет. Мысалы, лейкоциттер амебалар сияқты жалған аяқтар шығарып қозғала алады, бұл олардың жарақат сияқты микробтар түскен жерге тез жетуіне, микробты қоршап алып фагоцитоздауына қолайлы.
Қанның құрамын қарастырғанда қан плазмасының рН және ондағы электролиттер балансының сақталуының маңыздылығына тоқталу қажет. Мысалы, плазманың қышқылдығы артқан сайын ағзадағы тұрақтылық бұзылып, ауруға бейім болады. Сондықтан ауырған кезде адам қанына физиологиялық ерітінді құйылады. Яғни плазманың рН бейтарап күйде ұстау маңызды.
Қанның формалы элементтерінің бұзылатын және түзілетін орындарын айту қажет. Себебі бұл арқылы қозғалыс бөлімімен байланыс орнатылады. Сүйектің қызметімен байланыс жасалады.
Қан жасушаларың түзілетін орнын 8-слайдтан көрсетіп, түсіндіру қажет. Осы жерде алда сүйектің құрылысы мен қызметін өткен кезде қан жасушаларының түзілетін орнына назар аударыңыздар деп пәнішілік байланыс орнатылады.
Эритроциттерді қарастырған кезде 11-слайдтағы гемоглобин туралы көрсетіп, ондағы гем затының құрамындағы темір иондарының көмегімен газдар тасымалданады деп түсіндіру қажет.
Лейкоциттердің қозғалысына тоқталған кезде 13-слайдтағы фагоцитоз құбылысын түсіндіру қажет.
- Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар
Оқушылардың тиісті пәндік терминологияны қолдана білулері тексеріледі. Қан мен қан жасушаларының қызметтерін түсіндіре білулері, эритроцит, тромбоцит пен лейкоциттердің айырмашылықтарын анықтауы, қан плазмасын сипаттай алуына кері байланыстар беріледі.
Сабақтың басталуынан бастап соңындағы рефлексия жүргізуге дейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақтың басындағы талқылау кезінде қанның қызметтерін түсіндірулеріне назар аудартылып, кері байланыс беріледі. Мысалы, оқушы термин сөзін қолданса, осы термин орынды қолданылды, мына терминді атағаныңыз жақсы болды деген сияқты... Оқушылардың ақпарат жинауы кезінде әр оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың дұрыс бағытта жұмыс жасауына көмек көрсетіледі.
Кесте толтырған кезде оқушыларға ұсынылған дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.
- Саралау тапсырмалары
- 3-қосмышада деңгейлік тапсырма ұсынылды.
- Тапсырма жауаптары, критерийлері
2. қызыл қан жасушалары, тромбоциттер, лейкоциттер, қан плазмасы, қан тамырлары.
3. Кесте толтыру
Белгілері |
| |||
Түсі | қызыл | түссіз | ||
Ядросы | жоқ | бар | ||
Түзілетін орны | Сүйектің қызыл кемігі | сары жілік майы | ||
Бұзылатын орны | көкбауыр мен бауыр | көкбауыр мен бауыр | ||
Атқаратын қызметі | Газдарды тасымалдау | Микробтардан қорғау | ||
3- қосымша
А-деңгей: Тапсырма. Дұрыс жауапты таңдаңыз
- плазма – қанның мөлдір, түссіз сұйықтығы;
- плазма құрамында 90 – 92 cу бар;
- фибриногені жоқ қан плазмасы сарысу деп аталады.
- плазма құрамында 7 – 8% нәруыз бар;
- плазма барлық қанның 55% - ын құрайды;
В- деңгей: Тапсырма. Эритроциттерге тән жауаптарды таңдаңыз.
1 | 3 | 7 | 9 | 10 |
С- деңгей: 1-тапсырма. Себебі көміртек диоксидімен байланысқан карбоксигемоглобин оттекпен байланысып оксимгемоглобин түзілмей қалады. Қанда оксигемоглобин жеткіліксіз болғандықтан оттегі жетіспейді.
2-тапсырма. Сәйкестігін анықтаңыз
1-б, 2- а, 3-в, 4-г.
Бағалау критерийлері | Дескрипторлар:
|
Эритроциттер мен лейкоциттердің ерекшеліктері мен қызметтерін түсіндіреді Тромбоциттердің ерекшеліктері мен маңызын сипаттайды Қан плазмасының құрамын біледі Қанның қызметтерін түсіндіреді | 1.Қанның құраушы компоненттерін суреттен анықтайды. 2.Қанның құраушы элементтерінің сипаттайды. 3. Эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің қызметтерін түсіндіреді 4. Қан плазмасының құрамын біледі 5. Қан плазмасының қызметін түсіндіреді 6. Ағзадағы қанның қызметін біледі. |
- Сілтемелер мен ресурстар
https://www.youtube.com/watch?v=6ALyEeBrnRg -қанның жасушалары көрсетілген анимация
1.40 ттан бастап соңына дейін қан жасушалары туралы: https://twig-bilim.kz/film/blood-6198/
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.