Қанның құрамы мен қызметі (жаңа тақырыпты меңгерту). Биология, 8 сынып, презентация.


Ауруға шалдыққан адамға 0,9 % ас тұзының судағы ерітіндісін, яғни физиологиялық ерітінді құяды. Неліктен осы концентрациядағы ерітінді құйылады?

Сабақтың тақырыбы: Қанның құрамы мен қызметі

Сабақтың мақсаттары:

Қанның формалы элементтерін сипаттау

Қанның қызметтерін түсіндіру

Бағалау критерийлері:

Эритроциттер мен лейкоциттердің ерекшеліктері мен қызметтерін түсіндіреді

Тромбоциттердің ерекшеліктері мен маңызын сипаттайды

Қан плазмасының құрамын біледі

Қанның қызметтерін түсіндіреді

60%

40%

Қанның ақ түйіршіктері- лейкоциттер 

ядросы бар және белсенді амеба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар.

Эритроциттер – ядросы жоқ. Олардың орташа

d – 7, 2 - 7, 5мкм – құрамында қызыл түсті беретін гемоглобин нәруызы бар

Тромбоциттер немесе қан пластинкалары – қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері. Олар сүйек кемігінде түзіледі, мөлшері 2 – 4 мкм, дұрыс емес дөңгелек пішінді.

ФАГОЦИТОЗ

ФАГОЦИТОЗ ДЕГЕНІМІЗ – «ФАГОЦИТ» ДЕП АТАЛАТЫН ЛЕЙКОЦИТТЕРДІҢ БӨГДЕ ДЕНЕЛЕРДІ ЖҰТЫП, ОЛАРДЫ ЖОЮ ПРОЦЕСІ. БҰЛ НЕГІЗІНЕН “ЖАСУШАНЫҢ ЖЕУІНІҢ” БІР ТҮРІ БОЛЫП САНАЛАДЫ, МҰНДА БӨЛШЕК ЖҰТЫЛЫП, ФЕРМЕНТТЕР АРҚЫЛЫ ҚОРЫТЫЛМАС БҰРЫН, ФАГОЦИТ ОНЫ ӨЗ ЦИТОПЛАЗМАСЫМЕН ҚОРШАЙДЫ.

Эритроциттерқанның қызыл түсті жасушасы

Қанның басқа жасушаларына қарағанда салмақты болғандықтан, ыдыстың түбіне тұнады.

Жаңа түзілген кезде ғана ядросы болатын, толық қалыптасқан кезде жойылып кететін, митохондриясы жоқ қан жасушасы. (сүтқоректі жануарлардан басқа жануарлардың эритроцитінде ядро болады)

Екі жағы ойыс табақша тәрізді.

Қанның 1 мм3 4-5млн. эритроцит болады.

Өздігінен қозғалмайды, тек қан ағынымен ағады.

Тіршілік ұзақтығы 120-127 тәулік. Көкбауыр мен бауырда жойылып, сүйек кемігінде түзіледі.

ТРОМБОЦИТТЕР

Тромбоциттер – қанды ұйытушы жасушалар. Домалақ сопақ пішінді, түссіз ядросыз.

Тіршілік ұзақтығы 7 күн.

Сүйек кемігінің майында жасалады. 1ммқанда 180-350 мың тромбоцит болады

ҚАННЫҢ ФОРМАЛЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ ТҮЗІЛЕТІН ОРНЫ

Қан плазмасы

Плазманың құрамы:

90-91% -су;

7-8%- нәруыз;

0,2 %- глюкоза;

0,7-0,8 %- май;

0,9 %- тұздар;

Бұдан басқа ферменттер, сүт қышқылы, гормондар болады.

Плазманың электролитті құрамы: катиондар К+ ,Са+ , Мg2+ , Na+ . Аниондар Cl- , HCO3- , HPO42- , SO4 . Электролиттер қанның осмостық қысымын реттейді, буферлі ортаны қалыптастырады.

Қанның рН-ның тұрақтылығы рН 7,3-7,4

Қан сарысуы- қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі

Ресурстардың көмегімен постер дайындау

Эритроциттер

Лейкоциттер

Тромбоциттер

Қан плазмасы

Жұппен сағат тілінің бағыты бойынша айнала қозғалып постерлерді толтыру.

Алдыңғы жазылған ақпаратты жаңа ақпартпен толықтыру

Сұраққа жауап беру

Эритроциттерде неге ядро, митохондрия, Гольджи жиынтығы, рибосома жоқ?

2) Егер жануарда бір уақытта барлық эритроциттері жарылып кетсе не болады?

1) Эритроциттерде неге ядро, митохондрия, Гольджи жиынтығы, рибосома жоқ?

Жауабы: Бұл құбылыс эритроциттің қызметімен тікелей байланысты. Эритроцитте осы органоидтар алатын орынды гемоглобинге босатады, ал митохондрияның болмауы, митохондрия қызметімен байланысты (тыныс алу)

2) Егер сүтқоректі жануарда бір уақытта барлық эритроциттері жарылып кетсе не болады?

Жауабы: Ағза гемолитикалық күйзеліске ұшырап, ақыры өлімге душар болады. Себебі:

1.Гемоглобин оттегін тасымалдай алмайды.

2.Эритроциттер тұтастығы бұзылған соң гемоглобин плазмаға өтіп, пішін өзгереді;

3.Қалыпты жағдайда қанмен тек 5% СО2 тасымалданады, ал 70 % жуық СО2 бикорбонат ионы түрінде тасымалданады. Эритроцитте осы қосылыс түзетін фермент бар, плазмада жоқ.

Қанның қызмет тері

 

Мен үшін күрделі

Мен үшін қызықты

Мен осы сабақта өзіме …………..қоямын, себебі ………

Кері байланыс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.