Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері. Биология, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1В: Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері

Мектеп: ФМБ НЗМ Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дырынбаева Б.К

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.2 адам тіршілігінің экожүйеге кері әсерін тигізетін салаларының мысалдарын келтіру

 Сабақ мақсаттары

  • «экожүйе» ұғымын қайталау арқылы мысалдар келтіру;
  • адам да экожүйенің бөлігі болатынын түсіндіру;
  • адамың экожүйеге «оң» және «теріс» әсер ететіндігін талдау;
  • адам тіршілігінің экожүйеге кері әсерін тигізетін салаларының мысалдарын келтіру.

 Бағалау критерийлері

Барлық оқушылар:

  • «экожүйе» ұғымына мысалдар келтіреді;
  • адам да экожүйенің бөлігі бола алатынын өз сөзімен түсіндіреді

Көпшілік оқушылар:

  • адамның күнделікті тіршілігінде экожүйемен қатынасына баға бере отырып, оның «оң» және «теріс» болуы мүмкін екенін ажыратады.
  • адам тіршілігінің экожүйеге кері әсерін тигізетін салаларының мысалдарын келтіреді;

Кейбір оқушылар:

  • деректерді өңдеп, қорытындысын график түрінде ұсынады;
  • «экожүйені қорғау» жаңа идеялар мен шешімдер ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

 

Айтылым және тыңдалым дағдылары

адамның іс-әрекетінің экожүйеге әсері туралы өз ойларымен бөліседі, басқаларды тыңдайды

Жазылым дағдылары

  • ақпаратты қолдана отырып, график сызыды, қорытынды жазады

Пәнге қатысты лексика мен терминология

адам тіршілігі, экожүйе, мекен ету ортасы, ормандар, қалдықтар, климаттық өзгерістер, атмосфера, қазба отын, түрлер,

өліп біту, жойылып кету, қоршаған ортаның ластануы, туындату, қоршаған ортаны ластау, өлтіру, әкелу, құрту, бүлдіру, өзгерту, өліп жоғалу, жасау

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Адамдар У-тің .......... әкелетін Х-тің өзгеруі үшін жауапты

Тағы бір рет түсіндіріңізші, өтінемін?

Бұл қалай айтылады?

Бұл нені білдіреді?

Сізде қосымша ақпарат бар ма?

Құндылықтарды дамыту

 

 

Оқушылар топта, жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне көмек көрсетуге, сенімді ,әділетті ,шыншыл болуға үйренеді.

Тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде қабылдау арқылы көптілді орта қалыптастырады.

Пәнаралық байланыстар

Математика

Берілген деректерді өңдейді, осы деректер негізінде график салады

Бейнелеу өнері

Деректерді пайдаланып сызба жасайды

АКТ қолдану дағдылары

Берілген тақырып бойынша қосымша материал қарастыру үшін ноутбукты пайдаланады, қажетті ақпарат жинақтайды

Бастапқы білім

Табиғаттың тірі және өлі құрамдас бөліктері туралы түсінік және олардың мысалдары – 5 сынып

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

«Ыстық орындық» әдісі арқылы «экожүйе» ұғымын қайталау.

Ол үшін бір оқушы келіп «Ыстық орындықа» отырады, басқа оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қояды, отырған оқушы жылдам жауап беруі керек. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда, басқа оқушы орын ауыстырады.

Қалыптастырушы бағалау

Осы тапсырма арқылы оқушылардың «экожүйе» ұғымы туралы білімін бағалауға болады.

«Миға шабуыл»

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

Сұрақтар мысалы:

  • Адам да экожүйенің бөлігі бола алама?
  • Мысал келтіру арқылы дәлелдей аласыз ба?
  • Адам мен экожүйе арасында қандай қатынас болуы мүмкін т.с.с

Оқушыларға тақырыпты хабарлағаннан кейін оқушыларға етістіктер тізімін беру:

Мысалы: (білу,анықтау, түсіну,дәлелдеу, жинақтау, жүйелеу,салыстыру,баға беру, істей алу..).

Оқушылар бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды.

Оқушыларды 3 топқа бөлу.

Ол үшін сынып бөлмесінің қабырғаларына адамның ауа, топырақ, сумен әрекеттерінің суреттерін ілу (суреттер тек адамың кері әсері емес жағымды әсерін білдіруі және саны оқушыларды тең 3-ке бөлуге сай болуы шарт). Оқушылар суреттерді алады, мазмұны бойынша бірігеді.

Тапсырма: «Адам және экожүйе» постер құрастыру.(таңдап алған суреттерін қолданып коллаж жасауға болады).

Оқушылармен бірлесе отырып, постер немесе коллажға қойылатын талаптарды құрастыру және осы критерийлер арқылы бірін бірі бағалайтынын ескерту.

Әр топ өз постерін қоғайды.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар критерий бойынша бірін-бірі бағалайды.

Тапсырма: «Адам әрекетін бағала»

Оқушылар адамның күнделікті тіршілігінде экожүйемен қатынасына баға бере отырып, оның «оң» және «теріс» болуы мүмкін екенін ажыратады.

«Келісемін, келіспеймін» әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды.

Оқушыларға «Қышқылдық жауын» туралы бейне фильмді көрестіп, түсіндіру.

Слайд № 6-8

Қышқылдық жауын ауаның ластануынан болатынын түсіндіре отырып, «Ауаның ластану көрсеткіші» тапсырмасын орындату.

Оқушыларға ауаның тазалығының көрсеткіші болып табылатын қына өсімдігінің түрлері туралы ақпарат беру.

Слайд №9

Жеке жұмыс.

Оқушыларға деректері бар парақ тарату.(қосымша №1)

Тапсырма:

  • Деректерді пайдаланып қаланың (ауылдың) ортасын белгілеп сызба сызыңыз.
  • Әр қашықтықта кезігетін қыналардың санын анықтаңыз, оны сызбада белгілеңіз.(қынаның әр түрі үшін шартты белгі қолдануға болады)
  • Деректерді графикке түсіріңіз. (Х –осіне қашықтықты, У осіне қыналар санын белгілеңіз)
  • Қорытынды жасаңыз.

Оқушыларға қышқыл жауын тудыратын күкірт диоксидінің мөлшері берілген парақты тарату (қосымша №2)

  • Деректерді графикке түсіріңіз(Х –осіне қашықтықты, У осіне күкірт диоксидінің мөлшерін белгілеңіз)
  • Қашықтыққа сай қыналардың санын белгілеңіз
  • Деректерді пайдаланып, қаланың орталығынан қашықтаған сайын кезігетін қыналар туралы қорытынды жасаңыз.
  • Қыналардың қай түрі күкірт диоксидінің мөлшеріне сезімтал екені туралы қорытынды жасаңыз.

Осы тапсырмалар оқушылардың анализ, синтез сияқты жоғары деңгей дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Әр оқушының жұмысын мұғалім бағалайды.

Кері байланыс

Рефлексия

«Аргументация»

1.Мен сабақта …….. жұмыс жасадым, себебі………

2.Мен сабақ кезіндегі жұмысыма ……

3. Маған сабақ……. , себебі

4. Сабақта берілген материал мен үшін ………

6. Менің көңіл күйім…….., себебі

Үйге тапсырма

«Экожүйені қорғау», эссе жазу, жаңа идеялар мен шешімдер ұсыну.

http://study.com/academy/lesson/acid-rain-effects-causes-quiz.html (қышқылдық жауын туралы ағылшынша бейне)

https://www.youtube.com/watch?v=A6oW26trotw

(қышқылдық жауын туралы орысша бейне)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

  • «экожүйе» ұғымынамысалдар келтіреді;
  • адам да экожүйенің бөлігі бола алатынын өз сөзімен түсіндіреді

Оқушылардың көпшілігі

  • адамның күнделікті тіршілігінде экожүйемен қатынасына баға бере отырып, оның «оң» және «теріс» болуы мүмкін екенін ажыратады.
  • адам тіршілігінің экожүйеге кері әсерін тигізетін салаларының мысалдарын келтіреді;

Кейбір оқушылар

  • деректерді өңдеп, қорытындысын график түрінде ұсынады;

Оқушылардың өздеріне критерийлер құрастыру арқылы бірін-бірі бағалау;

Әр оқушының жазбаша жұмысын кері байланыс беру арқылы мұғалімнің бағалауы;

Рефлексия кезінде «Аргументация» әдісі арқылы әр оқушы өзін-өзі бағалау.

Тапсырмалар арасында сергіту сәттерін жүргізу.

Қабырғаға ілінген суреттерді алған кезде, бірін бірі итеріп, немесе шалынып құламауын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.