Тұрақты коэффициентті екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеу. Алгебра, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Дифференциал теңдеулер

Мектеп :

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні:

Сынып:11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тұрақты коэффициентті екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.3.2 гармоникалық тербелістің дифференциалдық теңдеулерін құру және шығару;

 Сабақтың мақсаты

«Тұрақты коэффициентті екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеу (гармоникалық тербелістің дифференциалдық теңдеулерін құру және шығару)» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін, біліктілік деңгейін анықтау

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

- , мұнда a, b, c тұрақтылар болатын, түріндегі дифференциалдық теңдеулерді таниды;

- гармоникалық тербелістің дифференциалдық теңдеулерін құрады және шығарады;

- есептің негізделген және дәйекті шешімін жазады.

 Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

гармоникалық тербелістің дифференциалдық теңдеулерін құруды және щешуді ауызша және жазбаша түрде түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминологияны қолданады:

- бірінші ретті дифференциал теңдеу;

- айнымалысы ажыратылатын дифференциал теңдеулер;

- бірінші/екінші ретті туынды;

- тұрақты коэффициентті екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеу;

- сипаттамалық теңдеу.

 Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бір – біріне көмектесуіне ықпал ету; кішіпейілділікке, ынтымақтастыққа баулу.

 Пәнаралық байланыс

Физика

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар бірінші ретті дифференциалдық теңдеулерді, тұрақты коэффициентті екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеулерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

8 мин

Сәлемдесу.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бағалау критерийлерін талқылау.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптері

Сабақтың ортасы

7 мин

20 мин

Сабаққа «кіріспе» ретінде келесі есепті оқушылар өз дәптерлерінде орындап, тақтадағы Балл қою кестесі бойынша тексереді

Есеп. Бөлшек қарапайым гармониялық қозғалыс жасайды. Бөлшектің тербелес центрінен ауытқуы t секунд уақыт мезетінде x метрге тең.

а) x = Acos10t + Bsin10t келесі дифференциалдық теңдеудің жалпы шешімі болатынын көрсетіңіз: .

b) Дифференциалдық теңдеудің болғандағы дербес шешімі келесідей: x = − 2 және . A мәнін және B мәнін табыңыз, осы дербес шешімді анықтаңыз.

Берілген схема бойынша оқушылар өздері өз шешімін тексеруді ұсыныңыз.

Балл қою кестесі

Жауабы

Балл

a) λ2 + 100 = 0 түріндегі теңдеу шығады;

λ = ± 10i шығады;

x = Acos10t + Bsin10t жазылған

b) х-ке қойылған және A = 2 шыққан.

-ға қойылған және B = - 1 шыққан.

x = 2cos 10t – sin 10t анықталған

B1

B1

B1

[3]

B1

B1

B1

[3]

Өзіндік жұмысы

Есеп 1. Функция қанағаттандыратын гармониялық тербелістердің теңдеуін табу:

1) x(t) = 2sin3t + cos3t;

2) x(t) = 2sin(2t + /4).

Жауап: 1) x + 9x = 0; 2) x + 4x = 0.

Есеп 2. T = π/6 периодымен және 4 амплитудасымен маятниктің шағын тербелестерінің дифференциалдық теңдеуі жазыңыз.

Шешімі: T = 2π/ω периоды маятниктің шағын тербелесі дифференциалдық y'' + ω2 y = 0 түріндегі теңдеумен сипаттайтын болғандықтан, онда T = π / 6 периодымен маятниктің тербелесі ω = 2π/T = 12 параметрімен теңдеу арқылы сипатталады:

y'' + 144y = 0.

Тербелестердің амплитудасын y(0) = 4, y'(0) = 0 бастапқы шарттардан анықтаймыз.

Шын мәнінде, y(t) = C1cos(ωt) + C2sin(ωt), то y(0) = C1cos(0) + C2sin(0) = С1 = 4, y '(0) = − ωC1sin(0) + ωC2cos(0) = ωC2 = 0, С1 = 4, С2 = 0, y(t) = 4cos(12t)болғандықтан , яғни тербелестердің амплитудасы 4.

Сонымен, тербелестердің периоды T = π/6 және амплидудасы 4 маятниктің кіші тербелестері y(t) = 4cos(12t) Коши есебінің шешімімен сипатталады.

y'' + 144y = 0, y(0) = 4 , y '(0) = 0.

Есеп 3.

Материалдық нүктенің гармоникалық тербелісінің теңдеуін жазыңыз, егер тербеліс амплитудасы 8м болса және нүкте 1 мин- та 120 тербеліс жасаса. Тербелістің бастапқы фазасы .

Шешімі:

s=Acos(ω0t+φ)

ω0=2π/T

T=t/n=60/120=0,5

ω0=4π

s=8cos(4πt+π/4)(м) 

Есеп 4.

Массасы m болатын материалдық нүкте серіппеге ілулі тұр (рис. 2). Ол серпімді күш әсерінен гармоникалық тербелістерді орындайды. Осы материалдық нүктенің Ep – потенциалдық энергиясын табыңыз.

Шешімі:

F=ma

x=Acos(ω0t+φ)→a=d^2x/dt^2 =−Aω0^2*cos(ω0t+φ)

F=−mAω0^2*x 

Ep= (mω0^2*A^2*cos^2(ω0t+φ))/2

Сыртқы жиынтық бағалау оқушылардың жауап үлгілерінің жинағы

математика

12 – сынып, Астана, 2016ж.

https://www.webmath.ru/poleznoe/fizika/fizika_14_garmonicheskie_kolebanija.php

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырмасы

Егер сипаттамалық теңдеуі белгілі болса, бекіту үшін оқушыларға жұпта дифференциалдық теңдеудің шешімін кестеге толтыруды ұсыныңыз.

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар ауызша рефлексия жүргізеді:

– Мен үшін қиындық туғызған… .

– …бойынша жұмысты жалғастыру қажет.

– …келесі сабақта көңіл аудару керек.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс барысында баяу оқушылар мұғаліммен кеңеседі немесе өз бетімен жұмыс істейтін математикалық қабілеті жоғары оқушылардан қолдау алады.

Оқушылар есептер шығаруда бір-бірін бағалайды. Мұғалім сынып ішінде ауызша түсініктеме беріп, оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға, жалпы пікірталастарға қатысуын байқау арқылы бағалау жүргізеді.

Сабақта техникалық қауіпсіздік ережесінің сақталуы.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу