Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Математика ӘБ жетекшісі: | |||
Сабақ № 2 | Мектеп: Мұғалім: | ||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны. | Қатыспағандар саны: | |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2С Ықтималдық | |||
Сабақ тақырыбы: Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 10.2.1.2 - ықтималдықтар қасиеттерін қолданып, кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын есептеу; | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар –ықтималдықтың анықтамасымен танысады; –анықтамасы бойынша ықтималдықты есептейді; –ықтималдықтың қасиеттерін біледі және есептер шығаруда қолданады | ||
Бағалау критерийлері: | Оқушылар – ықтималдықтың анықтамын тұжырымдайды; – ықтималдықты табу алгоритмін қолданады; – оқиғалардың қасиеттерін біледі; – қарапайым жағдайда кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын таба алады | ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар – ықтималдықты табу алгоритмін түсіндіреді; – сынақтың қолайлы және ықтимал нәтижелерінің санын анықтау туралы түсініктеме беру; – қолайлы сынақ туралы түсіндіреді. Берілген ұғымдармен жұмыс жасайды: – кездейсоқ оқиға; – мүмкін емес оқиға; – ақиқат оқиға; – оқиға ықтималдығы; – оқиға нәтижесі; – ықтималдық шарттары; – толық ықтималдық формуласы; – тәуелсіз оқиға. Берілген сөз тіркестерін қолданады: оқиғаны үйлесімсіз деп атайды, егер оны …; оқиғаны ақиқат деп атайды, егер …; сынақ нәтижесі .... болса, мүмкін емес оқиға деп атайды берілген сынақта оқиға үйлесімсіз деп аталады, егер …; ақиқат оқиғаның ықтималдығы …; мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы…. | ||
Құндылықтарды дарыту | Жұпта жұмыс жасау барысында сыйластық және өзара сенімді қарым-қатынас құндылығын дамыту; | ||
АКТ қолдану дағдылары | Оқыту барысында қолданатын презентация | ||
Бастапқы білім | Әріпті өрнектерді оқи алуы және олармен жұмыс жасай алуы, мысал есептерді шығара алуы. | ||
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар |
Сабақтың басы. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу; б) жаңа үй жұмысын жазу: теорияны оқу; в) сабақтың жүру жоспарын түсіндіру | |
Үй жұмысын тексеру (8 мин) | Мұғалім оқушыларға өздері үйден құрастырып келген оқиғалардың жауаптарын және қай түрге жататытын түсіндіреді. Қалған оқушылар айтылған мысал дұрыс болса бас бармағын жоғары көтереді, егер қате болса төмен түсіреді. Оқиға түрлері бойынша білімді басқа да жолдармен тексеруге болады. Мысалы, Слайд №3 Берілген оқиғалар үшін, қай түрге жататынын анықтаңыз.
| Оқушылардың бағаларын қадағалай отырып, оқушыларға сыныптастарының жұмысына дұрыс баға бермегендерді уақытылы түзетулерін ұсынамыз |
Жаңа тақырыпты түсіндіру (5 мин) | Мұғалім дайындалған презентация бойынша классикалық ықтималдық пен оны шешу алгоритмін түсіндіреді (Слайды №4,5, Слайд №7) Ықтималдықтың классикалық анықтамасы Оқиға ықтималдығы - бұл оқиғаны эксперименттің барлық қарапайым ықтимал нәтижелерінің санына теңестіретін тәжірибенің қарапайым нәтижелерінің санының қатынасы: , мұндағы А –оқиға, m –сынақтың таңдалынып алынған таңдамасы, n – сынақтың жалпы таңдама саны, P(A) – А оқиғасының ықтималдығы
Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын анықтау алгоритмі.
Ықтималдықты есептеу ережесі 1) Қарапайм оқиғаның ықтималдығы өрнегіне тең2) Мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы 0-ге тең. 3) Ақиқат оқиғаның ықтималдығы 1-ге тең. 4) Ықтималдықтың кез келген мәні 0мен 1 аралығында орындалады: 0 Р(А) 1. 5) А оқиғасына қарама-қарсы оқиғасының ықтималдығы 1 – Р(А) өргеніне тең. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға өтілген тақырыпты бағалау үшін сұрақтар қойып отыру керек. | Презентация |
Өтілген тақырыпты пысықтау (6 мин) | Мұғалім оқушыларға презентациядағы үш есепке көңілдерін бұруды ұсынады Мысал 1 Ойын сүйегін лақтырғанда түскен сандардың ықтималдығы а) 3 саныны түсуі? А оқиғасы 3 санының түсуі N(A) = 1 қолайлы нәтижелер саны; N = 6 мүмкін болатын оқиғалар саны Р(А) = 1/6 үш саның түсу ықтималдығы б) Жұп санның түсуі? В оқиғасы түскен санның жұп сан болуы (2,4,6) N(В) = 3 қолайлы нәтижелер саны; N = 6 мүмкін болатын оқиғалар саны Р(В) = 1/2 жұп санның түсу ықтималдығы в) Жай санның шығуы? С оқиғасы жай санның шығуы (2,3,5) N(С) = 3 қолайлы нәтижелер саны; N = 6 мүмкін болатын оқиғалар саны Р(С) = 1/2 жай санның түсу ықтималдығы Мысал 2 Жәшікте 8 қызыл, 2 көк, 20 жасыл шар жатыр. Сіз қарамай шар аласыз Сол шардың қызыл шардың шығу ықтималдығы? А оқиғасы қызыл шар шығуы N(A) = 8 қолайлы нәтижелер саны; N = 30 мүмкін болатын оқиғалар саны Р(А) = 4/15 қызыл шардың шығу ықтималдығы Қызыл шардың шықпауы ықтималдығы? В оқиғасы қызыл шардың шықпауы В оқиғасы және А оқиғасы бір-біріне қарама қарсы, сондықтан Р(В) = 1 - Р(А) = 11/15 қызыл шардың шықпау ықтимадығы Оқушылар берілген тапсырмалардың шығару жолын ұсынады және дайын жауаптары бойынша өздерін тексеріп бағалайды Оқушылардан қолайлы нәтижелер мен мүмкін болатын нәтижелер санын табуының түсінедірмесін беруді сұрау | Презентация |
Бекіту (16 мин) | Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі (партада отырғаны бойынша) және ресурста берілген есептерді шығарады. Есеп шығарып біткен соң оқушылар дәптерлерімен алмасып, бір-бірін тексереді.
А) 2 санының түсуі; Ә) 1 немесе 2 санының түсуі; Б) 4 ,5 немесе 6 санының түсуі; В) жұп санның түсуі. Жауабы: А) ; Ә) ; Б) ; .
А) Р(А) =1; ә) Р(А) = 0; б) Р(С) = 0,5; в) г) Р(В)=. Жауабы: а) жалған; ә) ақиқат; б) ақиқат; в) ақиқат; г) ақиқат. 3 . 100 лоторея билетінің 15-інде ұтыс бар. Бір билет сатып алынды. Сатып алынған билетте: А) ұтыс болуының; ә) ұтыс болмауының ықтималдығын табыңдар. Жауабы: A) ; ә) 1 - =.
Б) Үш тиын бір мезгілде лақтырылды. Екі «елтаңба» түсуінің ықтималдығын табыңдар. Жауабы: а) ; б) . | Алгебар және анализ бастамалары. А.Әбілқасымова, Т.Кучер, В.Корчевский, З.Жұмағұлова. – Алматы: Мектеп 2018 |
Сабақ соңы Қорытындылау (3 мин) | Мұғалім оқушыларға сабақтағы жақсы орындалған үш жағдайды атауын сұрайды Үй жұмысы: 1. Такси фирмасында дәл қазір 35 машина бар: 11 қызыл, 17 көк, 7 жасыл. Тапсырыспен бір машина шығып кетті. Осы шыққан машинаның жасыл болуының ықтималдығын табыңыз. 2. Кездейсоқ сынақта үш ойын сүйегін лақтырды. Осы үш сүйектен шыққан сандардың қосындысы7 ұпай шығу ықтималдығын табыңыз. 3. Телефон пернетақтасында 10 цифр бар, 0 ден 9 дейін. Кез-келген басылған санның 4 болуының ықтималдығы. | Презентация |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Топтар «жоғары-орташа-төменгі» схемасы бойынша ұйымдастырылды. Өйткені төмен деңгейлі оқушы өзінің қабілетін арттыру үшін, ал жоғарғы деңгейлі оқушы өзінің қабілетін одан ары дамыт алады. | 1. Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты, жаңа терминдерді түсіну деңгейін қадағалайды; 2. Оқушылар топтық жұмыс кезінде бағалауды бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды; 3. Кестемен жұмысты оқушылармен талқылау кезінде мұғалім оқушыларды бағалау критерийлеріне мән беруді ұсынады, осы арқылы оқушы өзінің мақсатқа жеткенін көре аллады; 4. Сабақ соңында оқушылардан оқу мақсатына жету туралы ауызша рефлексия алынды. | Жұмыс басталмас бұрын «көзге арналған гимнастика» жасалады |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.