Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару. Алгебра, 9 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бөлім/Тақырып: Тізбектер. Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару.

Оқу мақсаты

9.2.3.7 арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару

Жетістік критерийі

Прогрессия қасиеттерін қолдана отырып теңдеулер құрады

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

1. -5 және 7 сандарының арасына берілген сандармен бірге арифметикалық прогрессия құрайтындай a, b, c сандарын қойсақ, прогрессия айырмасы неге тең?

[2]

2. Адина, Амина және Асем үшеуі блокноттар және 30 теңгелік қарындаштар сатып алды. Адина екі блокнот және төрт қарындаш, Амина бір блокнот және алты қарындаш, Асем бір блокнот және үш қарындаш алды. Сонда олардың жұмсаған ақшалары геометриялық прогрессияны құрса онда блокнот қанша теңге тұрады?

[3]

3. Алғашқы он мүшесінің қосындысы 155 ке тең болатын арифметикалық прогрессияның айырмасы алғашқы екі мүшесінің қосындысы 9- ға тең болатын геометриялық прогрессияның бірінші мүшесіне тең, ал геометриялық прогрессияның еселігі арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесіне тең болатын тізбектердің айырмасымен еселігін табыңыз.

[5]

Тапсырмалар

Балл

Ескертулер

1

B1

A1

Дұрыс жауап көрсетілген

2

B1

B1

A1

Дұрыс жауап көрсетілген

3

B1

M1

M1

Альтернативті әдіс қабылданады

A1

Дұрыс жауап көрсетілген

A1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.