Арифметикалық прогрессия анықтамасы. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тізбектер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Арифметикалық прогрессия анықтамасы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.2.3.4 сандар тізбектерінің арасынан арифметикалық және геометриялық прогрессияны ажырату; 9.2.3.5 арифметикалық прогрессиялардың n-ші мүшесін, алғашқы n мүшелерінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиетін білу және қолдану; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Жетістік критерийлері | Оқушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - теориялық материалды ауызша қайталауда сөйлемдерді толықтырады; - сандық тізбектердің түрлері туралы талқылау жүргізеді. Пәнге тән лексика мен терминология: Тізбек, сандық тізбек, аралық, мүше/элемент, алдыңғы мүшесі/элементі, келесі мүшесі/элементі. Заңдылық, заңдылықты жалғастыру. Өседі, кемиді. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Элементтердің бір ғана санға өзгеруі ... көрсетеді. - Тізбек кемімелі/өспелі болып табылады .... - Тізбектің келесі мүшесін алдыңғы мүшесі арқылы беріңіз .... | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқи алу дағдысы, өздігімен ақпарат іздестіру, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қоя және оларды шеше білу, топта, жұпта жұмыс жасау, өз уақытын тиімді ұйымдастыра білу, өз жұмысының сапасына жауап беру. Аталған құндылықтар сабақта жоспарланған жұмыстар арқылы орындалады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Метеорология, биология. Пәнаралық байланыс есептер шығаруда көрсетілген. | |||||
Бастапқы білім | Тізбек, сандық тізбектердің берілу тәсілдері, тізбекті аналитикалық әдіспен ұсыну, аналитикалық тәсілмен берілген тізбектің кез келген мүшесін анықтау. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақ басы 0-3 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқуға ынталандыру. Әңгімелесу. Терминдердің үш тілдегі аудармасымен жұмыс:
Миға шабуыл. Оқушыларға элементтер тізбектерін салыстыруды ұсыныңыз: Бұл арқылы оқушыларды сандық тізбектердің бәр түрі – арифметикалық прогрессияға алып келеміз. | |||||
Ортасы 4–14 мин 15 – 20 мин 21 – 31 мин 32 – 38 мин | І. Жаңа материалды оқып-үйрену. Жалпы сыныппен жұмыс. Мұғалім мағыналарын түсіндіре отырып жаңа терминдерді енгізеді, мысалдар келтіреді. 1. Арифметикалық прогресся дегеніміз екінші мүшесінен бастап әр мүшесі алдыңғы мүшесіне нөлден өзге бір ғана санды қосқанға тең болатын тізбек. - арифметикалық прогрессия, ; , мұндағы – нөлден өзге қандай да бір сан; - арифметикалық прогрессия айырымы, яғни арифметикалық прогрессияның екінші мүшесінен бастап кез келген мүшесі мен алдыңғы мүшесінің айырымы. 2. Арифметикалық прогрессия мысалдары қарастырылады. 3. Арифметикалық прогрессияның сипаттамалық қасиетін қорытып шығару. II. Ауызша жұмыс. Жұптардағы жұмыс. Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. 1-қосымшаның тапсырмаларын талқылауды ұсыныңыз. Уақыт белгілеңіз. Нәтижелерін бірігіп тексеріңіздер. III. Жаттығу тапсырмалары. Өздік жұмыс.
IV. Қолданбалы есептер. Топтардағы жұмыс. Оқушыларға 3 оқушыдан топтарға бірігулерін ұсыныңыз. Оқушылар есеп шарттарын талқылайды, топтарда шығарады. Мұғалім жауаптарын тексереді, кері байланыс береді, есеп нәтижелерін жалпы сыныппен бірге талқылайды. | 1-қосымша 2-қосымша 3-қосымша Мордкович А.Г. Алгебра 9 класс. Задачник. М. 2002г. 4-қосымша Солтан Г.Н. и др. Алгебра: учебник 9 класса общеобразовательной школы. Кокшетау.2019г | ||||
Сабақтың соңы 39 - 40 мин | Рефлексия. Сабақты қорытындылау кезінде оқушыларға келесі ұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз: - не білдім, не үйрендім? - не түсініксіз болып қалды? - немен жұмыс жасау керек? Мұғалім жауаптарын толықтырады. Мұғалім үй тапсырмасын орындау бойынша нұсқаулар береді. | 5-қосымша | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Мұғалім оқушыларға есеп шығару барысында жеке көмек көрсетеді. Тапсырмалар қиындық деңгейінің өсу ретімен таңдалған. | 1. Жалпы сыныппен әңгімелесу кезінде мұғалім оқушылардың жаңа терминдер мен ұғымдарды түсінуін, жаңа материалды саналы түрде ұғынуын бақылайды; 2. Жұптарда өзара бағалау жүзеге асады; 3. Сабақ соңында оқушылар сабақ мақсаттарына жету бойынша рефлексия жасайды. | Үзіліс уақытында оқу кабинетін желдетіп алу керек. Парталар мен орындықтардың дұрыс орналасуына назар аудару керек. | ||||
1-қосымша.
- Берілген тізбек арифметикалық прогрессия бола ма екендігін анықтаңыз:
- Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесін және айырымын табыңыз:
2-қосымша.
А деңгейі | Б деңгейі |
| |
| |
3-қосымша. Есептерді шығарыңыз:
- Өспелі тізбек 5-ке бөлгенде 3 қалдық қалатын барлық натурал сандардан құралған. Ол арифметикалық прогрессия болады ма екендігін анықтаңыз. Егер иә болса, онда оның бірінші мүшесін және айырымын анықтаңыз.
- сандары арифметикалық прогрессияның тізбектелген мүшелері болатындай x-тің мәндерін табыңыз.
- сандары арифметикалық прогрессияның тізбектелген мүшелері болатындай y-тің мәндерін табыңыз.
- сандары шектелген арифметикалық прогрессияның тізбектелген мүшелері болатындай x-тің мәндерін табыңыз.
Жауабы: 1) 8; 5; 2) -1; 3) 1; 4) 7.
4-қосымша.
- Демалушы дүйсенбі күні 10 минут, ал әрбір келесі күндері алдыңғы күннен 5 минут артық күнге күюді шешті. Ол аптаның әр күнінде неше минут күнге күйетін болады?
- Метеорология маманы наурыз айының бір аптасының әр күнінде ауа температурасының өзгерісін бақылай отырып, бірінші күні болғанын, ал әр келесі күні алдыңғы күнмен салыстырғанда 1 төмендеп отырғанын байқады. Осы күндері ауа температурасы қандай болды?
Жауабы: 1) 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40. 2)
5-қосымша.
- 5, x, 19 сандары арифметикалық прогрессияның тізбектелген мүшелері болып табылады. x-ті табыңыз.
- Өспелі тізбек 11-ге еселік болатын барлық натурал сандардан құралған. Ол арифметикалық прогрессия болады ма екендігін анықтаңыз. Егер иә болса, онда оның бірінші мүшесін және айырымын анықтаңыз.
Жауабы: 1) 12; 2) 11, 11.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.