Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару. Алгебра, 7 сынып, дидактикалық материал.
Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Бұрыш деп бастапқы нүктелері ортақ болатын әртүрлі жарты түзулерден құралған фигураны айтады.
Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал өзге екі қабырғасы бір-біріне толықтауыш сәулелер болса, онда бұл бұрыштарды сыбайлас бұрыштар деп атайды.
АОВ және ВОС бұрыштары – сыбайлас бұрыштар. ОА және ОС толықтауыш сәулелер жазыңқы бұрышты анықтайтын болғандықтан, сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең. сыбайлас бұрыштар – supplementary angles – смежные углы | Егер бір бұрыш қабырғалары екінші бұрыш қабырғаларының толықтауыш сәулелері болса, онда бұл бұрыштарды вертикаль бұрыштар деп атайды. 1 және 3 бұрыштар, 2 және 4 бұрыштар – вертикаль бұрыштар. Вертикаль бұрыштар өзара тең болады. <1=<3 және <2=<4
вертикаль бұрыштар – vertical angles – вертикальные углы |
Шамасы 900 –қа тең бұрышты тік бұрыш деп атайды. 900 –тан кіші бұрышты сүйір бұрыш деп, ал 900 –тан үлкен бұрышты доғал бұрыш деп атайды.
Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800-қа тең болғандықтан, сүйір бұрышқа сыбайлас бұрыш доғал, ал керісінше, доғал бұрышқа сыбайлас бұрыш сүйір болады. Осы сияқты тік бұрышқа сыбайлас бұрыш та тік болады.
Геометрия, 7кл. Ә.Н.Шыныбеков. Алматы «Атамұра», 2011
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру