Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B: Геометрияның алғашқы мәліметтері | Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Акиева А.Б. |
Сынып:7 | Қатысқандар саны: |
Сабақ тақырыбы: | Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7.3.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу; 7.3.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану; |
Сабақ мақсаттары | сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын және қасиеттерін біліп, есеп шығару барысында қолдану |
Бағалау критерийлері | Сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамаларын біледі, оларды анықтайды және кескіндейді, қасиеттерін есеп шығаруда қолдана алады. |
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Оқушылар орындай алады: Бұрыштардың түрлерін біледі. Оқушылар топпен талқылауға қатысып, ұсынылған идеяларды негіздеу үшін математикалық тілді пайдаланып, зейінмен тыңдайды және жетекшілікке еріп отырады. Пәндік лексика және терминология: сыбайлас бұрыштар – supplementary angles вертикаль бұрыштар – vertical angles Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері : |
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысуы керек, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысуы керек. Оқушыларға интегралдау есептерін шығару үшін шығармашыл болу керек, талап қою білуі, жұппен жұмыста қолдау көрсете алуы керек. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді. |
Пәнаралық байланыстар | сызу сабағымен |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтамен жұмыс жасау |
Бастапқы білім | Сыбайлас және вертикаль бұрыштары және олардың қасиеттері |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | |||
Сабақтың басы 5 минут | №1 Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою /2 мин №2 Стартер. «Кім жылдам» ауызша орындау / 3 мин Қосымша №1 | |||
Сабақтың ортасы 33 минут | I. Практикум // Презентация 1. Математикалық диктант // 5 мин Қосымша №2 2. Дайын сызба бойынша есептер шығару // 5 мин Қосымша №3 Оқушылар дайын сызбаларды қолданып, сұрақтарға ауызша жауап береді, мұғалім олардың жауаптарын тыңдап бағалайды, керек жағдайда дұрыстайды. 3. Жеке тапсырма // 4 мин Қосымша №4 Оқушылар көп нүктенің орнына өз жауаптарын жазып, математикалық сөйлемдерді толықтырады. Мұғалім орындалған жұмыстарды тексеріп, кері байланысты береді. 4. Жұппен жұмыс // 5 мин Қосымша №5 Оқушылар жұптарға бөлініп, жұптық жұмысты орындайды. 5. Деңгейлік тапсырмалар // жеке жұмыс /5 мин Қосымша №6 Оқушы кез келген деңгейлі тапсырманы таңдап орындайды. Мұғалім орындалған тапсырманы тексеріп, керек жағдайда оқушыға бағыт-бағдар береді. Топтық жұмыс // 5 мин Қосымша №7 үлестірме қағаз / өзара тексеру Сынып бірнеше топқа бөлінеді. Әрбір топ үстеліне сұрақтар тізімі мен кесілген карточкалар беріледі. Оқушылар оны сәйкестендіру керек. (Тапсырмалар бір тұтас, жауаптары кесілген карточкаларда) ІІ. Сабақты бекіту Қатесі бар геометриялық диктант// 4 мин Қосымша №8 Оқушылар берілген тұжырымдардың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін анықтайды. | |||
Сабақтың соңы 2 минут | Сабаққа қорытынды/Рефлексия Кері байланыс «Жетістік ағашы» Үйге тапсырма /қайталау, сөздікпен жұмыс Тақырып бойынша теоремаларды және анықтамаларды оқып кайталау. | |||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | |||
Қосымша колдау алдыңғы жұмыстар кезінде кемішіліктер мен қателіктер жіберген оқушыларға бағытталады. Қатемен жұмыс жасалады, негізгі қиындықтар талданады, түзетіледі. Соңында тарсыпманың екінші нұсқасы қайталап ұсынылады. Жалпы қиын есептерді тек үлгерімі жақсы оқушы шығарсын деген идеяны құптамаймын. Оқушылардың барлығы қиын есептерді шығарады, мәселе тек кімнің қалай шығаратыны туралы ғана болады. Біреу тез, екіншілері баяу шығарады. Үлгерімі жақсы оқушыларға қиын есепті қалай шығарғаны туралы, оның әдістерін ашып жазғызамын. Кейде шамасы келмеген оқушыларға кеңесші болады, түсіндіреді. Кері есептер құрады. Басқа тәсілмен шешеді. | Өзара бағалау, өзін-өзі бағалау Ауызша және жазбаша жұмыстар Мәтінмен, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау үшін және қателердің бар-жоқтығын түсіну үшін мұқият қарастырылады. Қалыптастырушы бағалаудың бірнеше түрлерін пайдаланамын. Бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау, өзгенің жұмысына комментарий жасау, қадағалау, тапсырманың нәтижесін тексеру қарастырылады. Ауызша не жазбаша бағалау, светофор, смайликтер, жетістік ағашы, не? қалай және тағы басқа стратегиялар қолданылады. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||
Жалпыбаға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру