Көркем шығарма элементтерін салыстыру. «Алып бала» Қалқаман Әбдіқадыров. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
«Алып бала»
Оқу мақсаттары:
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: шығармаға сәйкес иллюстрациялар, суреттер көрсете алады; мұғалімнің көмегімен эпизодтерді салыстырады; шығарманы сурет түрінде ұсынады;
Көптеген оқушылар: шығармаға сәйкес суреттер ұсына алады; эпизодтерді салыстыра отырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістер туралы айтады; шығарманы сурет түрінде ұсынады;
Кейбір оқушылар: шығармаға сәйкес суреттермен мысалдар келтіре алады; сюжеттің дамуындағы өзгерістерді дәлелдей отырып анықтайды; шығарманы сурет түрінде ұсынып, әңгімелейді.
Бағалау критерийлері:
- сөйлеу барысында суреттер/иллюстрациялар қолданады;
- оқиға барысында болған өзгерістерді анықтайды;
- ойын сурет арқылы жеткізеді.
Қажетті ресурстар: Қажымұқан суреті, ақ парақтар, қалам, таныстырылым, Қажымұқан туралы мультфильм.
Сабақ барысы
Сабақтың басы:
Сабақтың басында ширату жаттығуы «Ассоциация» жатығуы арқылы орындалады.
Сабақтың тақырыбына байланысты «күш» сөзі жазылады. Брлық оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: мықты, әлді, күшті, салмақ, т.б. Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойлары қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырылады.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма
«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы орындалады.
Оқушыларға бүгінгі сабақта қарастыратын мәтінге байланысты сурет беріледі. Ұжыммен сурет бойынша ой жинақтау, болжам жасау, білетіндері және білігісі келетіндері туралы ойларымен бөлісу ұсынылады.
Жеткеші сұрақтар:
- Суреттегі оқиғаға дейін не болуы мүмкін?
- Суреттегі оқиғадан кейін не болуы мүмкін?Оқушыларға тақырыпқа байланысы идея жинақтап, талқылауға дереккөздердер қосымша материалдар ұсынуға болады.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыларды ынталандыра отырып, сөзбен қолдау көрсетіледі.
(Б): «Бағдаршам әдісі» бойынша тиісті түсін көрсету арқылы сурет бойынша болжам жасап, ойларымен бөліскендір үш түрлі түспен бағаланады.
2-тапсырма
«Бірлескен оқылым» әдісімен Қалқаман Әбдікәрімовтың «Алып бала» әңгімесін түсініп оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Оқиғаның даму барысындағы өзгерістерді анықтау тапсырлады.
Мәтін мазмұнына байланысты талдау жасау үшін сұрақтар беріліп, бір партадағы жұптарға талдау ұсынылады.
Сұрақтар:
- Қай оқиға саған ерекше әсер етті? Себебін түсіндір.
Оқушыларға Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы қосымша мәліметтер презентация арқылы беріледі.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы жұптағы қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.
(ҚБ) «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың жауабын ұжымда бағалау ұсынылады.
3 – тапсырма
«Кейіпкерлер әлемі» ойыны арқылы оқушылар жұптасып мәтіндегі кейіпкерлерді таңдап алып, мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру ұсынылады. Сұрақтардың мазмұны әңгімедегі кейіпкерлермен, орын алған оқиғалармен байланысты болу мүмкін немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша құрастыруы да мүмкін.
1. Кейіпкерлерді таңдау (Кейіпкерді әр оқушы өзі таңдайды)
2. Жұптар бір –біріне сұрақ қояды. (оқиғаға байланысты немесе өзгеше болуы мүмкін)
Үлгі сұрақтар:
- Өгізді ауылға жеткізудің тағы қандай басқа шешімі бар?
- Бала Мұқан неге өгізді көтеріп апармақшы болды?
- Бала кезіндегі бұл әрекетіне қарап, Қажымұқан қандай адам болған деп ойлайсың?
Саралау: диалог және қолдау көресту тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырып, сұрақтар құрастыруға қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.
(Б) Мадақтау арқылы мұғалім кері байланыс беріліп, ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. «Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз».
4-тапсырма
«Суретшілер шеруі» ойыны арқылы жоғарыда қарастырылған мәтін мазмұнындағы оқиғаның даму барысындағы өзгерістерді анықтап, өзіңе ұнаған бөліктің суретін салу тапсырылады.
Оқушыларға мәтіннен өзіне ұнаған бөлігін таңдау ұсынылады. Әр оқушыға жеке А4 парағы таратылады. Өздігінен жеке отырып сурет салуға уақыт беріледі. Бұл тапсырмада сурет салу шеберлігі емес, оқу мақсатына сәйкес мәтінді түсініп, түсінгені бойынша шығармашылық жұмысты сурет түрінде ұсыну маңызды. Оқушылар сурет салып болған соң орындарынан тұрып, (ортаға шығып) суреттер шеруін көрсетеді.
Саралау: қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам оқушылар деңгейін ескеріп, сурет салуды аяқтаған оқушыларға Қажымұқанды сипаттап айту тапсыруға болады.
(ҚБ) Оқушылардың шығармашылық жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.
5-тапсырма. Қалыптастырушы бағалау
Оқушыларғы «Алып бала» әңгімесі бойынша эпизотерді салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау үшін кестені толтыру тапсырылады.
Кесте үлгісі:
Мұқан | Ауыл бақташысы | |
бақташының мұңы | ||
Мұқанның іс-әрекеті |
Кестеге сүйені оқиғаның бөліктері арасындағы өзгерістерді сипаттап айту тапсырылады.
Саралау: қорытынды тәсілі арқылы сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау әртүрлі болады деп күтіледі. Өзгерістерді сипаттап айтуға қиналатын оқушыларға ынталандырып, қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау
Дескрипторлар:
-мәтінді жүйелі мазмұндайды;
-сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.
-мәтін мазмұнына сәйкес сурет салады;
-мәтіннің негізінде кейіпкерлердің іс-әрекеттерін анықтайды;
-оқиға бөліктерінің арасындағы өзгерістерді сипаттайды.
Сабақтың соңы
Рефлексия
«Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі арқыл рефлексия жасалады.
Бүгінгі сабақта тақырып бойынша алған ақпараттар қажетті болса, чемоданның тұсына жазу, әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазу, сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазу тапсырылады.
Үйге тапсырма.
Дереккөздерден ел ауызында Қажымұқанның ерлік істері туралы басқа да шығармалар қарастырып келу тапсырылады.
https://www.youtube.com/watch?v=tLMmFCB0ARg
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.