Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау. Мұхтар Әуезов «Бала Абай». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау Мұхтар Әуезов «Бала Абай» | ||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын біледі; Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетін бағалай отырып сиптаттайды; Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің портретін сипаттайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді. | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Мәтін мазмұны бойынша кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттай алады, Абайдың балалық шағы туралы әңгімелей алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Барлас, Байкөкше, ұғымтал, зерек. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәтін мазмұнына байланысты үлкенді құрметеуге тәрбиелеу. Қазақтың жырлары, аңыз-әңгімелерін тыңдап, насихаттау. Халықтың тарихын, әдебиетін білуді және оны құрметтеуді, ізгілікті, адамгершілікті дәріптеу | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез – құлқын сипаттауда, өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Абайдың балалық шағы туралы деректі фильм көрсету | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы туралы әңгімелей алады. Кейіпкердің портретін суреттей алады. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату жаттығуы (Ұ) «Жақсы сөз» ойыны Оқушыларға тақтадағы суретке қатысты 10 сөз айту ұсынылады. Тақтаға ана мен баланың суреті ілінеді. Оқушыларға суретке қатысты сөздерді параққа жазып, айтады. Оқушылармен бірге жазылған сөздер қорытындыланады.
Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады. Оқу мақсатын хабарлау: Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай отырып, кейіпкерлердің портретін сипаттап, оның іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. | Қосымша №1 Слайд №1-3 | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-12 минут 13-18 минут 19-25 минут 26-32 минут | 1-тапсырма (Ұ;Т) «Кейіпкерлер әлемі» әдісі қолданылады. Мұхтар Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесін үш бөлімге бөліп, «Бірлескен оқылым» тәсілімен оқып сұрақ құрастыру ұсынылады. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ әңгіме мазмұныны бойынша оқиғаның басын, дамуын, соңына байланысты сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Оқушылардың сұраққа берген мәнді жауаптары бағаланады. Сұрақтар:
Оқу мақсатына сәйкес кейіпкердің мінез-құлқын сипаттап, іс-әрекетіне баға беруде, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамытылады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере отырып, оларға сипаттама бере отырып, үлкендерге құрмет көрсету насихатталады, өмірмен байланыстырылады. Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, сұрақтарға әртүрлі жауап берулері күтіледі. Б: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылардың сұраққа жауап берулері өзара бағаланады. 2-тапсырма (Ө, Ж, Т) «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы арқылы «Бала Абай» әңгімесіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау ұсынылады. Оқушылар мәтіннің үзінділері бойынша кейіпкерлерді анықтап, кестеге жазады, олардың іс-әрекетіне қарап, мінездеме береді.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі кейіпкерге сипаттама беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. (Б) «Шаршылар» әдісі Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушыларға шаршының суреті таратылады. Егер мәтін түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса, сарымен, тақырыпты өте жақсы түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды. 3-тапсырма (МК, Ұ) «Төрт сөйлем» тәсілі «Бала Абай» әңгімесіндегі кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау тапсырылады. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
Педогогикалық тәсілдемеге сүйене отырып, ширату жаттығуы кезінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытамын, ұжыммен жұмыс болғандықтан ынтымақтастық құндылығы дарытылады. Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. (ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау. Дескрипторлар:
4-тапсырма (Т, МК) «Кластер» әдісі Оқушыларға мәтін мазмұнына сәйкес Абайдың балалық шағы туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқылған мәтін мен көрсетілген бейнеролик негізінде әр топқа кейіпкердің портретін суреттеу ұсынылады. Әр топқа кластер суреті таратылады. Оқушылар бірлесіп талқылап отырып, кейіпкерді суреттейді. Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қойыла отырып, қолдау көрсетіледі. (Б) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады. | Қосымша №2 Слайд №4 Қосыша №3 Слайд №5 Қосыша №4 Слайд №6 Қосыша №5 Слайд №7 Абайдың балалық шағы туралы деректі фильм: https://www.youtube.com/watch?v=s23iZgFsmbw | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 33-36 минут 37-40 минут | 5-тапсырма (Т) «Оқиға картасы» әдісі «Бала Абай» әңгімесінің мазмұны бойынша оқиға желісін болжап, жалғастырып әңгімелеу тапсырылады. «Оқиға картасы» үлгісі:
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. (Б). Топтар бірін бірі ауызша мадақтайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!». Рефлексия «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді. Тік көтерсе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алдым. Жанына туссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауда қиналдым. Төмен түссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алмадым. Оқушылар өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді. Үйге тапсырма беру. Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы туралы деректер қарастырып келу. Өлеңдерін, әндерін, қарасөздерін қарастыру. | Қосыша №6 Слайд№8 Қосыша №4 Слайд №9 | |||||||||||||||||||
Саралау 1-тапсырма: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, сұрақтарға әртүрлі жауап берулері күтіледі. 2-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі кейіпкерге сипаттама беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. 3-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. 4-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қойыла отырып, қолдау көрсетіледі. 5-тапсырма. «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. | Дескрипторлар:
Бағалау әдістері: «Жапондық бағалау» әдісі, «Шаршылар» әдісі, «Бас бармақ» әдісі, ауызша мадақтау. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.