Керемет күмбез. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Бөлім: Сәулет өнері

Сабақ тақырыбы: Керемет күмбез (Қожа Ахмет Йассауи кітабынан )

Оқу мақсаттары:

3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады, мәтінді түсініп оқи алады.

Кейбір оқушылар: нақты ақпатты тауып, өз ойын айтады, сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.

Бағалау критерийлері:

-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды;

-шығарманың кейіпкеріне хат жазады;

-сұрақтардың негізінде ой бөліседі;

-хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтайды;

-сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.

Сабақ барысы

І.Сабақтың басы

Оқушыларды кесенелер атауымен 4 топқа бірігеді.

1-топ: «Айша Бибі»

2-топ: «Домалақ Ана»

3-топ: «Арыстан баб»

4-топ: «Қожа Ахмет Йассауи»

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

«Ойлан,тап» ойынын ойнай отырып сөзжұмбақты шешу, мақал-мәтелді аяқтау. Тақырыпқа болжам жасайды. Шоқан туралы білетініндерін «Топтастыру» әдісі арқылы еске түсіру.

Үлгі: Шоқан- зерттеуші, ғалым,суретші, саяхатшы, тарихы, жазушы, этнограф.

(Б) «Смайлик» әдісі арқылы бағалау

2- тапсырма

«Миға шабуыл» әдісі арқылы интербелсенді тақтадан (YouTube) «Қожа Ахмет Йассауи кесенесі» туралы бейнебаянды көсетіп, жетелеуші сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.

Үлгі сұрақтар:

1. Бұл кесене таныс па?

2. Қалай аталды?

3. Қай өңірде орналасқан?

4. Неліктен бұл кісіге кесене орнатқан деп ойлайсыңдар?

«Бірлесіп оқу» әдісіне сүйеніп мәтінді толық түсініп оқып шығады.

1. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпарат іздейді.

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

3. Шығарма кейіпкеріне хат жазады.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

-мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

-мәтіннің мазмұнына сәйкес ақпараттар жинақтайды.

-шығарманың кейіпкеріне хат жазады

-сұрақтардың негізінде ой бөліседі;

-хаттағы сөйлемдердің байланысын сақтайды;

-сөздерді/сөйлемдерді сауатты жазады.

3- тапсырма

Оқушылар жұптаса отырып «Тұжырымдамалық картаға» сүйеніп оқылған шығармадан алынған ақпаратты сызбаға түсіреді.

Үлгі жауаптар:

Туған жері

Түркістан

Оқыған жері

Иран

Йассауи аталу себебі,

Йасы жеріне қоныс тебуі

Күмбез туралы мәліметАқсақ Темір оның басына теңжесі жоқ биіктігі 37 м-ден асатын күмбез салдырады.

Кесене туралы сенің ойың--Ұлы адамға құрмет белгісі ретінде күмбезді кесене салынады.

(Б) «Шапалақ» әдісімен бағалау

4-тапсырма

Әр топ «Карусель» стратегиясы бойынша мұғалімнің бастамасымен шығарманың мазмұнына сәйкес «Қазақстанда тағы қандай сәулетті ғиматарттар бар?» сұрағына жауапты түрлі дереккөздерден іздеу арқылы жұмыс жасайды. «Кластер» әдісімен ортада топтар постер жасап қорғайды.

ІІІ. Сабақтың соңы

Кері байланыс: «Желпуіш» әдісі

Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлемнен желпуіштің әр бөлігіне жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу