Сәулетті біздің Алматы. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақтың тақырыбы: Сәулетті біздің Алматы
Абдрахман Асылбеков «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын», «Алматының жолдары»
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: шығармалардан көркем бейнелі сөздерді таба алады.
Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат таба алады.
Кейбір оқушылар: нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде бере алады.
Бағалау критерийлері
-өлеңдерден көркем бейнелі сөздерді таба алады;
-сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;
-өлеңдегі ақпаратты сызба түрінде көрсетеді.
Сабақ барысы
І. Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды орындықтарының артына жапсырылған сурет бойынша 4 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Медеу»
2-топ: «Алатау»
3-топ: «Саябақ»
4-топ: «Шымбұлақ»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
ІІ. Сабақтың ортасы
1-тапсырма Суретпен жұмыс
«Болжау» стратегиясы бойынша слайдта көрсетілген суреттер туралы ой бөліседі, тақырыпқа болжам жасайды, суреттермен толықтырады (алдын ала берілген тапсырма бойынша әкелген суреттерімен толықтырады).Өздері әкелген суреттері мен слайдта көрсетілген суреттерге қосып толықтырады. Кір қыстырғышқа іледі.
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
Суретпен жұмыс
Абдрахман Асылбек- ақын. Ол 1938 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған. мұғалім болған. «Жазушы», «Жалын» баспаларында, Қазақстан Жазушылар одағындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросында, республикалық «Әділет», «Мәдениет», «Заң», «Көзқарас» газеттерінде қызмет істеген. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.
2- тапсырма
Абдырахман Асылбектің «Сәулетті біздің Алматы», «Мұзайдын», «Алматының жолдары» өлеңін «Түртіп алу» әдісіне сүйеніп, іштей оқу барысында көркем бейнелі сөздерді белгілей отырып оқиды, өлең мазмұнына қажетті ақпаратты сызба түрінде көрсетеді.
1-топ: «Медеу» - «Мұзайдын» өлеңімен
2-топ: «Алатау»- «Сәулетті біздің Алматы» өлеңімен
3-топ: «Саябақ»- «Алматының жолдары»
өлеңімен
4-топ: «Шымбұлақ» басқа да ақындардың Алматы туралы дереккөздерден өлеңдер тізімін жасайды, сызбаға түсіреді.
Өлеңдерді әр топ мәнерлеп оқып шығады. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Әр топ өз өлеңін көркем бейнелі сөздерді қолданып, өз ойы мен сезімін жеткізеді. Нақты ақпараттарды сызба түрінде ұсынады. Топтар пікір алмасады. Өлеңге қатысты ақпаратты сызбаға түсіреді.
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
-өлеңдерден көркем бейнелі сөздерді таба алады;
-сөйлеу барысында көркем сөздерді қолданады;
-өлеңдегі ақпаратты сызба түрінде көрсетеді.
3-тапсырма
Кестемен жұмыс жасайды. Топтар «Бірге ойлаймыз» әдісіне сүйеніп өлең жолдарын өз түсініктерімен жеткізеді.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
4- тапсырма
Тапсырма «Идея туралы пікір» әдісі бойынша бірге ойланып, басқалардың пікірін сұрай отырып ұжымда орындалады. Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін оқушылар дереккөздерден (кітап, ғаламтор т.б.) мәліметтер жинастырады. Онан соң бір-бірімен ақылдасып, жинастырған мәліметтері мен өз ойларын біріктіріп жоба ережесіне сүйене отырып дайындайды.
Жоспары:
1.Қаланың сызбасын жасауға дайындық
2.Сызба ұсыну
3.Сөзбен көркемдеу
4.Жобаны қорғау
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады. Жобаны жоспарға сүйене отырып жасайды. Үйде толықтырып аяқтауға беруге болады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
Үйге тапсырма: жобаны толықтыру, аяқтау.
«Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысын пайдалануына болады.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру