Вавилонның аспалы бағы. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Вавилонның аспалы бағы
Оқу мақсаттары:
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып сын тұрғысынан бағалап оқу;
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқи алады;
Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты таба алады;
Кейбір оқушылар: көркем шығарманы басқа үлгі нұсқамен салыстыра алады..
Бағалау критерийлері:
- мәтінді түсініп оқиды;
- мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
- көркем шығарманы иллюстрация нұсқасымен салыстыра сипаттайды;
- суреттердің ұқсастығын анықтайды;
- суреттердің айырмашылығын сипаттайды.
Сабақ барысы
І. Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды ескі қалалармен атауларымен «Мозайка» әдісі арқылы 4 топқа біріктіреміз.
Ескі қала атауларын өз таңдауыңызбен өзгертуге де болады.
1-топ: «Отырар»
2-топ: «Ақмешіт»
3-топ: «Сауран»
4-топ: «Сығанақ»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
ІІ. Сабақтың ортасы
1-тапсырма
Өзіңді тексер. “Ой қозғау” әдiсi: Әлемнің жеті кереметі туралы естіп, білгендерімен жұпта ой бөліседі. Баланың басынан өткен бұрынғы тәжiрибесiне сүйене отырып, берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жеке жұмыс жасайды.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
«Сана аллеясы» стратегиясына сүйене отырып, өз білімдерін YouTube желісінен «Әлемнің жеті кереметі» видеосымен танысу арқылы толықтыру. Ескерту: басқа сабақ тақырыбына сәйкес өзгертіп алуға болады, егер ұзақтығы сыймаса үзінді көрсетуге болады.
2- тапсырма
«Әлемнің 7 және 37 кереметі» атты кітаптан алынған «Вавилонның аспалы бағы» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі бойынша іштей саналы түрде түсініп оқиды. «Мұнара тұрғызу» әдісімен оқушылар өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып парақшаларға жазады. Оқыған мәтіні бойынша таңдаған көркем бейнелі сөздерін талқылап, пікір білдіреді. Әр топ өз жұмысын баяндайды. Топтар пікір алмасады.
«Суреттеуші» әдісі арқылы мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен үзіндідегі аспалы бақты қазіргі аспалы бақтың суреттегі нұсқасымен салыстырады
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
•мәтінді түсініп оқиды;
•мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
•көркем шығарманы иллюстрация нұсқасымен салыстыра сипаттайды;
•суреттердің ұқсастығын анықтайды;
•суреттердің айырмашылығын сипаттайды.
3-тапсырма
Тапсырма шығармашылық бағытқа негізделген. Шығармашылық жұмысты орындау «Суреттеуші» әдісі бойынша ұйымдастырылады.Оқушылар мәтінге сүйене отырып (судың сылдыры, тас төсейді, қамыс жаяды) көркем-бейнелі сөздерді қолдана, бақты сипаттап жазады.
(Ескерту: Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтін мазмұнындағы басты табиғилықты суреттеп жеткізе алуы маңызды.)
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
4-тапсырма
«Нұсқаумен оқу» әдісі бойынша берілген жалқы атаулардан сөздік құрастырады және жұмыс дәптерге жазады.
Сізге көмекке ұсынылған үлгі нұсқа, оқушылар басқа сөздіктермен толықтыруы да мүмкін.:
Вавилон-ежелгі мемлекет.
Мидия-тарихи аймақ. Б.з.б. 7 – 4 ғасырларда Әзірбайжанның оңтүстігі мен Иранның солтүстік-батыс бөлігінде өмір сүрген қуатты патшалық
Ефрат- Түркия, Сирия және Ирак елдерін кесіп өтетін арна, Батыс Азиядағы ең ірі өзендердің бірі
Амитис-Мидия ханының қызы
Навуходоносор-желгі дәуірде билік жүргізген Вавилон патшасы
Семирамида- Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі.
Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
ІІІ. Сабақтың соңы
Кері байланыс бутерброды
1) бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдіру;
2) Жағдаяттық мәлімдеме – Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы .....
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру