Ер еңбекте сыналады. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: №45 Күшіңе сенбе, ісіңе сенЕр еңбекте сыналады
Оқу мақсаттары:
3.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: сөйлеу барысында суреттерді қолданып, мәтінді мазмұндай алады.
Көптеген оқушылар: сурет бойынша мәтін құрап айтады, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолданады.
Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады, өз ойын дәлелдеп , қорытынды жасайды.
Бағалау критерийлері:
- суреттерді қолданып, мазмұндайды;
- мәтін мамұнына сәйкес сұрақтар құрастырды;
- сурет бойынша мәтін құрап айтады;
- сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
- берілген тақырыпқа қатысты ой қорытып айтады.
Сабақ барысы
І. Сабақтың басы
Оқушыларды көлік түрлері арқылы таңдауы бойынша 3 топқа біріктіреміз.
1-топ: «Көтергіш кран»
2-топ: «Мәшине»
3-топ: «Жүк мәшине»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
ІІ. Сабақтың ортасы
1-тапсырма
«Ой шақыру» стратегиясы бойынша «Күшіңе сенбе, ісіңе сен» мақалын қалай түсінетінін сыныпта бірге талдай отырып, оқушылар мәтіннің тақырыбына болжам жасайды.
Үлгі:
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.
Автор туралы мәлімет:
Жекен Жұмақанов - жазушы, журналист, мұғалім, қоғам қайраткері. 1935ж. 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында Абай ауданында Жүрекадыр ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген (1978 ж. дүниеден өткен).
1925 жылдан бастап оқу жолына түсті. 1935 ж. Алматыда Қазақ коммунистік журналистер институтына түсіп, айрықша дипломмен бітірді. «Социалистік Қазақстан» газетінің тілшісі болып қызмет атқарады. Ұлы Отан соғысына қатысып, Армия қатарынан 1964 ж. босап, қайтадан әдеби өмірге араласты. «Әлия», «Мен жұмысшымын», «Қаракөз қарындасым» әңгімелерін жазды.
2-тапсырма
Жекен Жұмахановтың «Ер еңбекте сыналады» мәтінін «Кірпіш» стратегиясы бойынша талдау жүргізіледі. Кірпіштерге жазылған сұрақтарын талқылайды. 5 маңызды ақпаратты стикерге жазып, тақтаға іледі және түсіндіріледі. Әр топ өз жұмысын суреттерді пайдалана отырып баяндайды. Сурет бойынша мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтай отырып әңгіме құрастырып айтады және мәтіндегі оқиғаларды жүйелі байланыстыруда тілдік нормаларды сақтау назарға алынады.
1.Мәтінді түсініп оқиды. Сөздік жұмыс жұмысы жүргізіледі.
- Алқынып - ұмтылу
- Гүжілдеп - машинаның қиналған дыбысы
- Кекетіп – мұқата - күлкі қылу
- Ойпат - шұңқыр
- Белшеден батқан - батпаққа бату
2. Мәтін мазмұнына негізделген сұрақтар қояды және оған жауап береді. Сызбаны қолданады.
3.Сурет бойынша әңгіме құрастырады. (Диалог құрастыруы мүмкін)
4.Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.
Үлгі:
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
•суреттерді қолданып, мазмұндады;
•мәтін мамұнына сәйкес сұрақтар құрастырды;
•сурет бойынша әңгіме құрап айтты;
•сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданды
•берілген тақырыпқа қатысты ой қорытып айтты;
3-тапсырма
Суретпен жұмыс жүргізіледі. «Бірге ойлаймыз» әдісіне сүйеніп мәтінде берілген суреттерді пайдаланып, мәтін бойынша мультфильм жасайды және бірнеше кадрлар қосады. Мультфильмге қатысушы кейіпкерлер сөздерін дайындап ортада баяндайды.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды.
Қосымша тапсырма:
«Венн диаграммасы» әдісімен екі көлікті салыстырады.
•Кран
Күшті,
Еңбекқор, табанды
Сабырлы, қайырымды, орнын біледі, жанашыр
• Жүк машинасы
Мақтаншақ, өзімшіл, шыдамсыз, сөзі көп орнықсыз
• Екеуі де
Құрылысшының көмекшісі, көліктер
ІІІ. Сабақтың соңы
Кері байланыс бутерброды
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру