Күзгі уақыт. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Ещанова Б.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Күзгі уақыт

Оқу мақсаттары

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алады;

Көптеген оқушылар:шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпаратты таба алады, өз ойын көркем – бейнелі сөздер арқылы жеткізеді.

Кейбір оқушылар: шығарманың мазмұнына сәйкес дереккөздерден ақпаратты тауып, сызбаға түсіреді және өз ойын көркем –бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

-дерек көздерден ақрапатты табады және сызбаға түсіреді;

-өз ойын білдіруде көркем бейнелі сөздерді қолданады,

- ұйқас бойынша өлең құрастырады;

- сөздерді қатесіз жазады.

Тірек сөздер

Мәтінмен танысу барысында оқушылардың сөздік қорын байыту мақсатында жомарт күз сары ала тон, балбырап піскен өнім, қурап солған жапырақ, маужырап сөздерін таныстырып, қолдануға болады.

Құндылықтарды дарыту

Мәтінді таладу барысында табиғаттың сыйын құрметтеу, табиғат әсемдігін бағалау құндылықтары дариды.

Пәнаралық байланыстар

Күз мезгілінің басты белгілерін атаған кезде дүниетану пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізе біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 мин

Топтастыру

Сынып қабырғаларына айнала суреттер ілінеді (Қосымша 1). Оқушылар осы суреттер арасынан өздеріне ұнағанын таңдап, соның тұсына тұрады. Неліктен бұл суретті таңдағанын түсіндіреді. Тапсырма оқушылардың айтылым дағдыларын дамытуға, сабақтың тақырыбын анықтауға, психологиялық қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Тапсырманың соңында оқушыларды тұрған бойымен немесе біріктіру арқылы 4 топқа бөлу ұсынылады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Күз мезгіліне байланысты суреттер. Қосымша 1.

Слайд 1-2

Сабақтың ортасы

8-12 мин

13-20 мин

21-27 мин

28-32 мин

33-37 мин

1-тапсырма

(Ж,Т) Т. Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңін жеке түсініп оқиды, түсінгендерін ортаға салады. Келесі тапсырманы орындауға дайындалады.

2-тапсырма.

(Ж, Т) Барлық топқа бір тапсырма беріледі, оқушылар оқулықтағы материалға сүйене отырып кестені толтырады.

(Т) Оқулықтағы №1 тапсырмадағы мақал-мәтелдерді оқып, күздің басты белгілерін сипаттайды, кестені толтырады. Толтырып біткен соң, парақтарымен ауысып, бірін - бірі тексереді

(Б) «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы жүзеге асады.

Мақал-мәтелдер

Күз мезгілінің басты белгілерін ата

Сәйкес келетін тірек сөзді тауып жаз

Саралау: тапсырма барлық оқушыға бірдей ұсынылады, қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

3- тапсырма 1-3топ: оқулықтағы №2 тапсырмадағы мәтінді оқып, кестені толтырады.

Күзгі жаңбыр

Жәндіктер

Құстар

Ағаш

Күзгі еңбек

Күз

2-4 - топ: оқулықтағы 81 беттегі суретке қарап, өз әсерлерін кестеге түсіреді.

Ауа райы

Жер беті

Өсімдіктер

Күз

(Б) Әр топ өз жұмысын қорғайды, «Екі жұлдыз , бір тілек» әдісі арқылы топтар өзара бағалайды, толықтырады.

4- тапсырма.

(Ұ) мұғалім қосымша ақпарат көздерінен автор туралы қысқаша таныстырып кетеді. Автор туралы мәліметті беріңіз.

5-тапсырма

(Ө) Күзге қатысты көркем бейнелі сөздерді қолданып, өлең құрастырады. Бұл тапсырма оқушылардың жазылым және айтылым дағдыларын жетілдіреді. Тапсырма арқылы оқушы өз ойын көркем бейнелі сөздер арқылы жеткізуді үйренеді.(мая шөп, жомарт күз, алтын күз, қоңыр күз, балбырап піскен өнім, маужырап)

Үлгі:

Сары ала тон киіп,

Келді ауылға алтын күз..

Мол астыққа кенеліп,

Диқаншылар қуанды.

Дескрипторлар:

  • Өлең тақырыпқа сәйкес келеді;
  • Өлеңде сөздер мен сөз тіркестерін қолданған;
  • Өлеңнің ұйқастары бар;

Бағалау: «Смайликтер» арқылы бағаланады.

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап,бағалайды. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Оқулық 79-80 бет.

Кесте сызылған парақтар. Қосымша 2.

А4 парақтар.

М. Дулатов туралы мәтін. Қосымша 3.

Стикер

https://www.google.com/search?biw=1536&bih=879&tbm=isch&sa=

слайд №8

Слайд №9

Слайд №

Слайд №

Сабақтың соңы

37-40 мин

Сабақтың соңында мақсатқа оралып, сабақты қорытындылау. «Бағдаршам» әдісі.

• Мен көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойымды жеткізе аламын – жасыл түс;

• Мен өз ойымды толық жеткізе алмадым – сары түс;

• Маған ойымды жеткізу қиын болды – бағдаршамның қызыл түсі.

Слайд №

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыста әртүрлі тапсырмалардың берілуі арқылы жүзеге асады.

Бағалау критерийлері бойынша жүзеге асады

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу