Тыңдарманның назарын аударту Е.Елубаев «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі. 3 сынып. Әдебиеттік оқу
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | 1.4 Тыңдарманның назарын аударту Е.Елубаев «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі. | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) таба алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін біледі, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді біледі. Көптеген оқушылар: шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) анықтай алады, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін салыстыра алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді айтады.. Кейбір оқушылар:. әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) қолданып, өз ойын айтады, шығарма жанрының айырмашылығы мен ерекшелігін салыстырып, қорытынды жасай алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар келтіре алады.. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады. Пәнге тән лексика мен терминология: көктем туады, жаз шығады, күз түседі, қыс келеді. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Халқымыз неліктен көктемді «туады», жазды «шығады», күзді «түседі», қысты «келеді» деп айтқан? Сен тағы қандай ой қосар едің? | |||||||||||
Құндылықтар ды дарыту | Ұжыммен жұмыста өз ойларын еркін айтуға жетелеу арқылы ашықтыққа, өмір бойы білім алуға, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасауға, тілтабысуға бағыттау. | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын жеткізуде сөйлемдердегі қосымшаларды дұрыс қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. Жыл мезгіліне байланысты табиғат құбылысындағы ерекшеліктерді, адам еңбегін еске түсіру кезінде дүниетану пәнімен байланыс жасалады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | «Қыс осылай келеді» әнін тыңдау https://www.youtube.com/watch?v=BWRHc3c-lJI | |||||||||||
Бастапқы білім | Шығарманың жанрлық ерекшелігін ажырата алады, шығарманың мазмұнын түсінеді, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады,өз ойын жеткізуде көркем бейнелі сөздерді қолданады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | ||||||||||
Сабақтың басы 3 мин. | Сабақ басында: (Ұ) Ширату жаттығуы «Eкi қoлды бір жұмыcқa жұмылдыpy» әдісі. Oқyшылap eкi қoлынa дa қaлaм aлып, бip мeзгiлдe eкi қoлмeн әpeкeттepдi aтқapaды. 1.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec төpтбұpыш caлaды. 2.Oң қoлымeн бec үшбұpыш, aл coл қoлымeн бec жұлдыз caлaды. Oқyшылapғa caлғaндapы мeн жaзғaндapының oлқы шыққaндығынa нaзap ayдapмayлapын ecкepтіледі. Ocы тaпcыpмa apқылы oқyшылapдың жeкe жұмыc жacay дaғдылapы дамиды. Мидың eкi бөлiгi дe қaтap жұмыc жacayын дамыта отырып, шaпшaң oйлayлapын жeтiлдipіледі. Бастапқы білімді қайталау. (Ұ; МК) «Қарлы кесек» әдісін қолдану арқылы мәтін мазмұнын талқылауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Мұғалім белгілі бір тапсырма берер алдында оқушылардың сұрақтарды анық түсінгеніне назар аударады. Сұрақтар өтілген тақырыптың мазмұнына байланысты болу керек. Үлгі сұрақтар:
Оқу мақсатын хабарлау: Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ажырата отырып, мәтіннен әдеби көркемдегіш құралдарды табу. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру. | ақ парақтар, қаламдар Қосымша №1 Слайд №-1-4 | ||||||||||
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма (Ұ; Ж) Оқылымның «Бірлескен оқылым» әдісін қолданып, «Туады, шығады, түседі, келеді» мәтінін түсініп оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Мәтін мазмұнына байлданысты талдау жасау үшін бір партадағы жұптарға сұрақтар ұсынылады. Үлгі сұрақтар:
Өлеңдегі қарамен жазылған сөздерге жеке жауап беру тапсырылады. Саралау: Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға мәтіннің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі. (ҚБ) «Бағдаршам» әдісі. Оқушылар мәтінді түсінгендігін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекілік ретінде пайдаланады. Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкаларды өз парталарына қояды және жоғары көтере отырып (қызыл түсті-түсінбедім, жасыл-түсіндім, сары түсті-толық түсінбедім) топ бірін-бірі бағалайды. 2-тапсырма (Ұ; МК; Т) Оқушыларға мәтінді ұжыммен талқылауға шамалы уақыт беріледі. «Салыстыру картасына» әр топқа мұғалімнің көмегімен шығармада кездесетін әдеби көркемдегіш құралдарды тауып белгілеу тапсырылады. «Салыстыру картасы» үлгісі.
Саралау. Қарқын тәсілі арқылы қабілетті оқушыларға осыған дейінгі білімдері бойынша өздері толтыруға уақыт беріледі. Қосымша уақытты қажет ететін оқушылармен бірлесе отырып көркемдегіш сөздер талқыланады. (ҚБ) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы ынтaлaндыpылады. Сергіту сәті «Айя мен Әли» мульфильміндегі «Қыс» өлеңінің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар жасау. Әр жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын вербалды емес тілдік құралдарды қолданып көрсету ұсынылады. Мысалы, көктемгі күннің күркіреуі, жазғы самал, қысқы боран, т.б. 3-тапсырма (МҚ; Т) «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы оқылған шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтау тапсырылады. Өлеңнің жанрын анықтау үшін сұрақтар дайындайды, оқушылар көршілері естімейтіндей етіп топта сұрақты талқылап, өз ойларымен бөліседі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы барлық оқушы сабаққа қатысады. Мұғалім топтағы оқушы санына байланысты сандарды таратып (мысалы 1-4 сандар), талқылаудын соң біреуін таңдайды. Осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді. Сұрақтар үлгісі:
Саралау. Диaлoг жәнe қoлдay көpceтy тәciлi apқылы өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау кeзiндe көмeктi қaжeт eтeтiн oқyшылapғa ынталандыру үшін сөзбен қoлдay көpceтіледі. (ҚБ) Оқушылардың шығарманың жанрлық ерекшеліктрін анықтай алуы «Смайл» әдісі арқылы бағаланады. 4-тапсырма (МК, Т) «Венн диаграммасы» әдісі арқылы қарастырылған өлең мен мақал-мәтелдердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау ұсынылады. Әр топқа өлеңінің бір шумағы мен мақал-мәтелдер таратылады. Оқушыларға өздеріне түскен өлең шумағына сәйкес мақал-мәтелдерді таңдап, ерекшеліктерін параққа жазып, түсіндіріп айту тапсырылады. Мақал-мәтелдер:
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға қосымша бағыттаушы сұрақ қою арқылы қолдау көрсетіледі. (ҚБ)«От шашу». Әр топ бірін-бірі тыңдай отырып бағаларын береді. Жарайсыңдар! Керемет! Мадақтау сөздерімен ауызша мадақтайды. . | Оқулық – 79 бет. Қосымша №2 Слайд №5 Қосымша №3 Слайд №6 Слайд №6 Қыс туралы: https://www.youtube.com/watch?v=BWRHc3c-lJI Қоысмша №4 Слайд №8 Қосымша №5 Слайд №9 | ||||||||||
Сабақтың соңы | 5-тапсырма (МК,Ө) Өлеңді түсініп оқып, сурерт бойынша жыл мезгілдерің әр уақыттағы ерекшеліктері туралы әңгімелеу ұсынылады. Сөйлеу барысында алдыңғы тапсырмада қарастырған мақал-мәтелдерді қолдану тапсырылады.
Capaлay тәciлi: Қapқын тәciлi apқылы нeгiзгi тaпcыpмaлapды түciндipyдe көмeк қaжeт eтeтiн oқyшылapғa тaпcыpмaны opындayғa бipшaмa yaқыт бepіледі. Қapқыны жылдaм oқyшылapғa жыл мезгілдерін сипаттайтын көркем-сөздердің тізбегін мәтіннен тayып жазуды ұсынуға болады. (ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау. Рефлексия (Ұ) «Портрет» әдісі. Қатысушылар төбелеріне А4 форматтағы қағазды қойып алып, 5 минут ішіне жыл мезгілдері туралы әуен тыңдай жүріп бүгінгі үйренгендерін қортындылай келе әуенге байланысты қалаған портретін салады. Музыка тоқтаған соң, астына өз қолтаңбасын қалдырып, портретті мұғалімге табыстайды. Сабақ барысында қандай тақырыпты талдағандарын айтып, сабаққа рефлексия жасайды. Үйге тапсырма: Жыл мезгілдері тақырыбында басқа жанрдағы шығармалар қарастырып келу. | А4парағы. маркерлер Қосымша №6 Слайд №10 Қосымша №7 Слайд №11 | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
1-тапсырма. Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға мәтіннің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі. 2-тапсырма. Қарқын тәсілі арқылы қабілетті оқушыларға осыған дейінгі білімдері бойынша өздері толтыруға уақыт беріледі. Қосымша уақытты қажет ететін оқушылармен бірлесе отырып көркемдегіш сөздер талқыланады. 3-тапсырма. Диaлoг жәнe қoлдay көpceтy тәciлi apқылы өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау кeзiндe көмeктi қaжeт eтeтiн oқyшылapғa ынталандыру үшін сөзбен қoлдay көpceтeмiн. 4-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға қосымша бағыттаушы сұрақ қою арқылы қолдау көрсетіледі. | Дескрипторлар: - мәтін бойынша сұраққа жауап береді; - мәтіннен көркемдеуіш сөздерді табады; - өз ойын жеткізуде көркемдеуіш сөздерді қолданады Бағалау әдістері «Бағдаршам» әдісі. Оқушылар мәтінді түсінгендігін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекілік ретінде пайдаланады. Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкаларды өз парталарына қояды және жоғары көтере отырып (қызыл түсті-түсінбедім, жасыл-түсіндім, сары түсті-толық түсінбедім) топ бірін-бірі бағалайды. Оқушыларды оқу мақсатына байланысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіріп, өлеңдегі негізгі ойды анықтағаны үшін смайликтер таратылады. Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы ынтaлaндыpу. Оқушылардың шығарманың жанрлық ерекшеліктрін анықтай алуы «Смайл» әдісі арқылы бағаланады. | Сынып бөлмесіндегі парталар оқушылардың ыңғайына қарай дұрыс орнастырылды | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру