Абайдың қарасөзі. 3 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Абайдың қарасөзі | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 3.2.9.1шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманы іштей саналы түрде түсініп оқып, қажетті ақпаратты табады. Көпшілік оқушылар: түрлі дереккөздерден апаратты табады, салыстырады Кейбір оқушылар: дереккөздерден тапқан ақпаратты сызба түрінде береді | |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тірек сөздер | Надандық, еріншектік, залымдық | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру, жаман әдеттерден аулақ болу | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сөз мағынасын түсініп, қолдануда қазақ тілімен байланыс жасалады | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта,үнтаспа | |||||||||
Алдыңғы білімді игеру | Мәтіннен ақпаратты табады, дереккөздермен жұмыс жасай біледі | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 1-5 минут | Ширату тапсырмасы: «Шаттық шеңбері» Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады. Топтарға бөліну: Қағаз қиындыларындағы сөздер арқылы топтарға бөліну. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру. | Қосымша 1 Слайд №1-3 | ||||||||
Сабақтың ортасы 6-15минут 16-20 минут 21-25 минут
26-31 минут 32- 36 минут | 1-тапсырма Абайдың қарасөзі (ЖЖ,Т) «Үштік» әдісі (Ойлан, жұптас, бөліс) Топ бойынша тапсырманы оқиды. Топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады. Мәтінді талдағаннан кейін әр топқа тапсырма беріледі. Білімсіз- Өнерсіз- Жалқау- Сараң- Өтірікші- Әдепсіз- Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы тіркестер тауып жаз. Саралау: Топтағы барлық оқушы жұмыс жасайды. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады ҚБ «Жұлдызша» Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату 2-тапсырма (Ж) «Қағаздағы сұрақтар» Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді -Абай ата атаған жат қылықтарды санамалап айт. Оларға қандай ортақ ат берер едің? -Абай атаның сөзі неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың? Түсіндіріп көр Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау 3- тапсырма (Т) Оқушыларға түрлі дереккөздер ұсынылады.Абайдың қарасөздерін мазмұны бойынша сызбаға түсіреді. 4-тапсырма (Ұ) «Ой бұлты» әдісі Тақырыпқа қатысты әрбір топ оқиғалар(жағдаяттар)ойластырады. Оқиғаларын ортаға шығып сахналап көрсетеді. Саралау: Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша жағдаяттар ойластырады ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын. Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны Бір тілек - жақсартуға болатыны 5-тапсырма (Ж,ЖЖ) Анықтайық «Сұраққа жауап бер» әдісі Абай Құнанбаевтың өмірі, шығармашылығы туралы бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер. Сызбаны пайдалан.
Саралау:Сызбаны пайдалана отыра, бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Оқушылар жұмыстарының барлығы бағаланады ҚБ «Бір-бірін бағалау» Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды. | Оқулық 48-50 беттер Слайд №4 Слайд №5 Қосымша 2 Слайд №6 Слайд №7 Қосымша 3 Слайд №8 | ||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | «Бір ауыз сөз» әдісі Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б | Слайд №9 | ||||||||
Саралау 1-тапсырмада Топтағы барлық оқушы жұмыс жасайды. Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады 2-тапсырмада Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. 3-тапсырмада Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша жағдаяттар ойластырады 4-тапсырмада Сызбаны пайдалана отыра, бір-бірлеріне сұрақтар қояды. Оқушылар жұмыстарының барлығы бағаланады | Бағалау «Жұлдызша» әдісі Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі «Бір-бірін бағалау»әдісі Дескриптор
ақпаратты таба алады
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру