Табиғаттағы байланыс. 3 сынып
Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Табиғаттағы байланыс
Оқу мақсаттары
2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу
3.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу
Бағалау критерийлері:
- Мәтінді рөлге бөліп оқиды
- Мәтін бойынша сұрақтар қояды
- Сұрақтарға толық жауап береді
Сабақ барысы
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы: Сынып оқушылары ағаштардың суреттері бойынша топтарға бөлінеді
1-топ Емен
2-топ Қайың
3-топ Терек
4-топ Қарағай
5-топ Жөке
Әрбір топ ағаштардың түрін айтып,қысқаша мәлімет береді
Ағаштар туралы видеоролик қарау
Нұсқаулық
Оқушылар топтарға бөлініп отырғаннан кейін таңдаған ағаштары туралы мәлімет береді. Мұғалім берген мәліметке толықтыру енгізу үшін видеоролик көрсетеді.
Сабақтың ортасы
Автор өмірбаянымен танысу
Бейсебай Кірісбайұлы (1955-2003)-Алматы облысында туған. Балаларға арнап өлеңдер, мысалдар жазған.Оның «Піл неге жылады?», «Аппақ бақбақ» т.б өлең жинақтары бар
1-тапсырма
(ЖЖ,Т) «Үштік» әдіс(Ойлан, жұптас, бөліс)
Топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді:бірінші оқушы оқиды немесе айтады, екінші оқушы тындайды, үшінші оқушы түртіп алады, кейін өз пікірін айтады.
Саралау: Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады
Нұсқаулық
Мұғалім топтардың жұмыстары қаншалықты деңгейде орындалып жатқанын қадағалап,түсіндірме береді. Топтағы оқушылардың тегіс жұмыс жасауын бақылайды.
ҚБ «Бас бармақ»
Оқушылар мәтінді оқып болған соң,қаншалықты түсінгендерін бағалайды.
2-тапсырма
(Т) «Сұраққа жетіп ал»әдісі
Мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою. 1-ші топ – сұрақ қояды, 2-ші топ сол сұраққа жауап береді
3-ші топ-сұрақ қояды,4-ші топ сол сұраққа жауап береді
Үлгі:
- Ағаш қабығына неге ашуланды?
- Терек неге қурап қалды?
- Терек қателігін түсінді деп ойлайсың ба?
- Мысал өлеңнен қандай қорытынды шығарар едің?(өмірмен байланыстыру)
Саралау: Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.
Нұсқаулық
Сұрақтар мәтіннің мазмұнына байланысты қойылады. Сұраққа толық жауап беруін қадағалау. Ашық және жабық сұрақтар қойылады. Мысалды өмірмен байланыстырып, өз пікірлерін білдіреді. Оқушылар дәлелдер келтіріп, бір – бірінің ойын толықтырады.
ҚБ «Бір- бірін бағалау»
Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды
3-тапсырма
(Т,Ұ) «Жалғасын тап»»әдісі
Әр қатардағы сөздер арасында байланыс тізбегін құрып,әңгімелеу
- Гүл,ара,бал
- Бидай, тышқан,түлкі
- Жемістер,адам, денсаулық
- Жапырақ,ағаш,табиғат
Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.
Нұсқаулық
Топтар сөздердің байланысын анықтап,әңгіме құрастырады. Құрастырған әңгімелерін оқып береді.
ҚБ «Смайликтер»
4-тапсырма
(Ұ) «Оқиғалар желісі» әдісі
Әр топқа оқиға желісі көрсетілген сурет қиындыларын беріп, суреттерді ретімен орналастыруды тапсырады. Оқушылар оқиға желісіне сүйеніп, сурет қиындыларын орналастырады
Саралау: Тапсырма барлық топқа ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Көмек қажет ететін топқа қосымша уақыт беріледі.
Нұсқаулық
Әрбір топқа сурет қиындылары беріледі. Сурет қиындыларынан сурет құрастырып әңгімелейді.
ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»
Екі жұлдыз-жұмыстарындағы ұнағаны (жетістіктері туралы айтады)
Бір тілек-жақсартуға болады (нені жақсатуға болатыны туралы ұсыныс айтады)
Сабақтың соңы
«Шеңбердегі доп» шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен өз ойын айтады.
Ескерту: сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмалардың ретін ауыстырып орындатуына болады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру