Әділетті Қазақстан сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт тәрбие сағаты
Әділетті Қазақстан сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт 7-11 сыныптарға арналған тәрбие сағаты
Педагогтің Т.А.Ә. | ||
Күні: 01.09.2023 | ||
Сынып: 9 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» | |
Құндылық | Ұлттық мүдде | |
Мақсаттары | Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру. адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру; оқушылардың адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; |
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Сабақтың басы Сабақтың ортасы Сабақтың соңы | Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Қызығушылықты ояту. Адамның ниеті, ойы, іс - әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез - келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан - дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Адалдық өмірінде керек нәрсе, Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе. Халыққа өз пайдасын тигізе алмай, Адам боп, өзін - өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен, ата - анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» атты пікірталасу сағаты. «Құпия хаттарға» жауап беруӘр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады. Соңғы тыныштық сәтi. Балалар,бүгінгі сабағымыз аяқталды. Адамгершілік қасиет - жеке адамның басындағы емес, жалпы қоғамның қордалы байлығы.Сабақтан алған әсерлеріңізді стикерге жазып тақтаға жабыстырамыз.Адамдық борыш ар үшін,Барша адамзат қамы үшін.Серт берген еңбек етем деп,Алдағы атар таң үшін. Деп сабағымызды аяқтаймыз! Қош, сау болыңыздар! | Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи. Ғибадат пен адалдық ар үшін жи. Шәкәрім Құдайбердиев Оқушыларға сұрақтар ұсынылады:
Хаттардың мазмұны: 1 хат. Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші көзбе – көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба? 2 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы? 3 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап – ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» – дейді. Мен не істеуім керек? Оқушылар хатты талдап сабақты қорытындылайды. | Плакаттар Презентация Таратпа қағаздар Стикерлер |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру