Қазақстан тарихы_6 сынып


«Қазақстан тарихы» пәнінен

жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар

6-сынып

Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл

Құрметті мұғалім!

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«VI – IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

 

Тақырып

Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер

Көне түркі жазуы

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

6.2.3.1 Көне түркі жазуының тарихи маңызын

түсіндіру

Білім алушы

  • VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді
  • VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді
  • Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына түсіндірме жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Төменде берілген мемлекеттердің дамуындағы ерекшеліктерді жазыңыз.

  • Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазыңыз.

3. Деректен үзінді оқи отырып, төмендегі сұраққа жауап беріңіз.

Күлтегін жырынан үзінді

Түркі халқы үшін

Түн ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым.

Інім Күлтегінмен бірге,

Екі шадпен бірге,

Өліп-тіріліп ұлғайттым.

Біраз ұлғайтып,

Біріккен халықты от-су қылмадым.

Сөйтіп, Тәңірі жарылқады.

Бағым болғандықтан,

Сәті түскендіктен

Өлімші халықты тірілттім.

Жалаңаш халықты тонды,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Тату елге жақсылық қылдым.

Төрт бұрыштағы халықты

Бәрін бейбіт қылдым,

Тату қылдым,

Бәрі маған бағынды.

Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлі қандай?

Көне түрік жырның тарихи маңызы неде?

Бағалау

критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді

1

Түрік қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады;

Түргеш қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады;

Қарлұқ қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады;

Қимақ қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады;

Оғыз мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазады;

1

1

1

1

1

VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

2

Оғыз мемлекетінің дамуындағы айырмашылықтарды жазады;

Қимақ мемлекетінің дамуындағы айырмашылықтарды жазады;

Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықты жазады;

1

1

1

Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына түсіндірме жасайды

3

Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін түсіндіреді;

Көне түркі жазуының тарихи маңызын дәлелдейді;

1

1

Жалпы балл

10

«VI – IX ғасырлардағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлері

Төмен

VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді

Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазуда қиналады

Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазуда қателіктер жібереді

Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазады

VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді

Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазуда қиналады

Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазуда қателеседі

Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазады

Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына түсіндірме жасайды

Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттауды қиналады

Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттауда қателіктер жібереді

Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды

II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«X – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

X ғасыр – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы саяси процестер

Орта ғасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы

Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

6.3.1.3 X ғасыр–XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау

6.2.2.4 Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру

Білім алушы

  • Мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды
  • Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін көрсетеді
  • Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығына түсіндірме береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

  • минут

Тапсырма

1. Картаны және өз біліміңізді пайдаланып, қарахан және қыпшақ мемлекеттерінің даму ерекшеліктерін жазыңыз.

Мемлекеттер

Ұқсастықтары

Ерекшелігі

Қарахан

Қыпшақ

2. Суретпен жұмыс.

Суретті қолданып, Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін анықтап, 3 дәлел келтіріңіз:

  • __________________________________________________________________________
  • __________________________________________________________________________
  • __________________________________________________________________________
  • Кестені толтырыңыз.

Ғұламалар

Еңбегінің атауы

Еңбегінің құндылығы

Махмуд Қашғари

Қожа Ахмет Яссауи

Бағалау

критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды

1

Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ мемлекетінің ұқсастығын жазады;

Қарахан мемлекетінің ерекшелігін жазады;

Қыпшақ мемлекетінің ерекшелігін жазады;

1

1

1

Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін көрсетеді

2

Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін анықтап, 1- дәлел келтіреді;

Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін анықтап, 2- дәлел келтіреді;

Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін анықтап, 3- дәлел келтіреді;

1

1

1

Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығына түсіндірме береді

3

Махмуд Қашғаридің еңбегінің атауын

көрсетеді;

Махмуд Қашғаридің еңбегінің

құндылығын көрсетеді;

Қожа Ахмет Яссауи еңбегінің атауын көрсетеді;

Қожа Ахмет Яссауи еңбегінің құндылығын көрсетеді.

1

1

1

1

Жалпы балл

10

«X ғасыр – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлім бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістігінің деңгейі

Төмен

Мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды

Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қиналады

Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтауда қателіктер жібереді

Қарахан және Қыпшақ мемлекеттерінің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтайды

Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін көрсетеді

Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін көрсетуде қиналады

Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін көрсетуде қателіктер жібереді

Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы қала құрылысының, сауданың және қолөнердің дамуына әсерін көрсетеді

Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығына түсіндірме береді

Түркі кезеңіндегі қоғамды

бейнелеуде орта ғасырлық ғалымдардың еңбегінің атауын атауда және құндылығын сипаттап жазуда қиналады

Түркі кезеңіндегі қоғамды

бейнелеуде орта ғасырлық ғалымдар М. Қашғари, Ж. Баласағұни және А. Яссауи еңбектерінің атауын атауда және құндылығын сипаттауда қателіктер жібереді

Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М. Қашғари, Ж. Баласағұни және А. Яссауи еңбектерінің барлығының атауын атап, құндылығын сипаттайды

III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Моңғол империясының құрылуы

Ақ Орда

Оқу мақсаты

6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау

 6.3.2.5 Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

• Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне сипаттама береді

• XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатына түсіндірме жасайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Төменде берілген мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, Моңғол әскерінің жеңістке жетуінің себептерін анықтаныз.

Шыңғыс-хан мемлекетті әскери тұрғыдан ұйымдастырды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ түменге бөлінді. Олардың әрқайсысы он мың адамнан тұрды, «мыңдықтар» – он «жүзден», ал «жүздіктер» «ондықтан» құралды. Мемлекеттің барлық аумағында 95 түмен болды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ»деп аталды.

2. Кестеде берілген тарихи тұлғаларды сөздерімен сәйкестендіріңіз. Цитаталармен байланысты саяси оқиғаны толықтырыңыз.

Тарихи

тұлғалар

жауабы

Тұлғалардың сөздерінен үзінділер

Цитаталармен байланысты саяси оқиғалар

1.Ұрыс хан

А. «Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді»

2. Өзбек хан

В. «Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!»

3.Тоқтамыс

С. «Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық»

4.Әмір Темір

D. «Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді...»

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне сипаттама береді

1

Моңғол әскерінің жеңіске жетуінің 1-себебін көрсетеді;

Моңғол әскерінің жеңіске жетуінің 2-себебін көрсетеді;

Моңғол әскерінің жеңіске жетуінің 3-себебін көрсетеді;

1

1

XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатына түсіндірме жасайды

2

«Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді» цитатасымен байланысты оқиғаны анықтайды;

«Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді» цитатасымен байланысты оқиғаның авторын анықтайды;

«Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!» цитатасымен байланысты оқиғаны анықтайды;

«Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!» цитатасымен байланысты оқиғаның авторын анықтайды;

«Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық» цитатасымен байланысты оқиғаны анықтайды;

«Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық» цитатасымен байланысты оқиғаның авторын анықтайды;

«Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді...» цитатасымен байланысты оқиғаны анықтайды;

«Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді...» цитатасымен байланысты оқиғаның авторын анықтайды.

1

1

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл

11

XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушыныңаты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктеріне сипаттама береді

Моңғолдардың әскери өнерінің 1/2/3 жетістіктерін анықтауда қиналады

Моңғолдардың әскери өнерінің 1/2/3 жетістіктерін анықтауда қателіктер жібереді

Моңғолдардың әскери өнерінің жетістіктерін анықтайды

XIII – XV ғасырларда құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатына түсіндірме жасайды

Ақ Орда хандары: Ұрысхан/ Өзбек хан/Тоқтамыс/Әмір Темір сөздерінің оқиғалармен байланысын сипаттауда қиналады

Ақ Орда хандары: Ұрысхан/ Өзбек хан/Тоқтамыс/Әмір Темір сөздерінің оқиғалармен байланысын сипаттауда қателіктер жібереді

Ақ Орда хандарының сөздерінің оқиғалармен байланысын сипаттайды

«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы

Оқу мақсаты

6.1.1.3 Ежелгі және орта ғасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау

6.1.1.4 «Қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді сипаттайды
  • «Қазақ» этнонимінің мағынасына түсіндірме береді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Кілтті сөздерді негізге ала отырып, қазақ халқының қалыптасының кезеңдерін сипаттаңыз.

Сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түркі, түркеш, құрлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, иран тілдес, еуропоидтық нәсіл, андрон тайпасы, моңғолоидтық нәсіл, түркі тілдес тайпалар.

Андронов кезеңі ________________________________________________________________________________

Сақ кезеңі ________________________________________________________________________________

Түрік кезеңі ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды ой

  • Кестеде "Қазақ" этнонимі туралы деректерді сәйкестендіріңіз

Ғалымдар

«Қазақ» сөзі туралы пікірлер

1

В.В. Радлов

A.«Қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар»

2

Ш.Ш.Уалиханов

B.«Қазақ күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді»

3

Ш.Құдайбердіұлы

C. Бастапқыда ол ерiктi, еркiн деген мағынада қолданылды.

4

Б.Кәрібаевтың

D.«Қазақ өз алдына ел болып жүреген халық» қазақ – түркi сөзi

5

А. Н. Бернштам

E. «Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес

6

Ибн Рузбихан

F. «қазақ» сөзі каспий мен сақ тайпасының бірігуінен тайда болған деп тұжырымдайды.

Жауаптары

1

2

3

4

5

6

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді сипаттайды

1

андронов кезеңін сипаттайды;

сақ кезеңін сипаттайды;

түрік кезеңін сипаттайды;

қорытынды ой жазады;

1

1

1

1

«Қазақ» этнонимінің мағынасына түсіндірме береді

2

В.В. Радловтың пікірін табады;

Ш.Ш.Уалихановтың пікірін табады;

Ш.Құдайбердіұлының пікірін табады;

Б.Кәрібаевтың пікірін табады;

А. Н. Бернштамның пікірін табады;

Ибн Рузбиханның пікірін табады.

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл

10

«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді сипаттайды

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін (андронов/сақ/түркі) сипаттауда қиналады

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін (андронов/сақ/түркі) сипаттауда және қорытынды ой жазуда қателіктер жібереді

Қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін сипаттайды

«Қазақ» этнонимінің мағынасына түсіндірме береді

«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді (Радлов/ Уәлиханов/Құдайбердіұлы/ Кәрібаев/ Бернштам/ Рузбихан) сәйкестендіруде қиналады

«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді (Радлов/ Уәлиханов/Құдайбердіұлы/ Кәрібаев/ Бернштам/ Рузбихан) сәйкестендіруде қателіктер жібереді

«Қазақ» этнонимі туралы пікірлерді сәйкестендіреді

«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

 Қазақ хандығының құрылуы

Оқу мақсаты

6.2.3.4 М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру

6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау

6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіреді
  • Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды
  • Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын көрсетеді

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Мәтінді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінен үзінді

 Бұл уақытта Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы тегінен тараған сұлтандарға көп зардап шектірді. Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға барды. Есен-Бұға хан оларды жылы шыраймен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округтерін берді.

 Кейбір жошылық сұлтандар Әбілхайыр хан тарапынан төніп келе жатқан қатерді алдын-ала сезіп, оны болдырмауға тырысты. Сол мақсатпен олар Керей хан, Жәнібек сұлтан және сол сияқтылар азғантай адамдары мен Әбілхайыр ханнан қашып, Моғолстанға келді.

 Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан (хижра бойынша) басталады. Аллаға бәрі мәлім.

  (М.Х.Дулати. Тарих-и Рашиди. Алматы 2003, 305-306-беттер)

 

Керей мен Жәнібек бастаған топтың Әбілқайыр ханнан кету себептері неде?

Керей мен Жәнібек бастаған қазақ елін Моғолстан билеушісі не себепті құшақ жая қарсы алды?

Еңбектің маңыздылығын дәйекпен түсіндіріңіз.

  • Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтаңыз.

Қазақ хандары

Қазақ хандығын құрудағы рөлі

Маңызды қадамдарын көрсетіңіз

Керей мен Жәнібек хандар

  • Кестеде Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын дәлелдеңіз.

Саяси маңызы

Экономикалық маңызы

Әлеуметтік-этникалық маңызы

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіреді

1

Керей мен Жәнібек бастаған топтың Әбілқайыр ханнан кетуінің себебін көрсетеді;

Керей мен Жәнібек бастаған қазақ елін Моғолстанның билеушісінің қарсы алу себебін көрсетеді;

еңбектің маңыздылығын бірінші дәйекпен түсіндіреді;

1

1

1

Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды

2

Керей мен Жәнібек хандардың Қазақ хандығын құрудағы рөлін анықтайды;

Керей мен Жәнібек ханның мемлекетті нығайтудағы маңызды қадамдарын анықтайды;

1

1

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын көрсетеді

3

Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен саяси факторды кестеге жазады;

Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен экономикалық факторды кестеге жазады;

Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен әлеуметтік-этникалық факторды кестеге жазады.

1

1

1

Жалпы балл

8

«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы»бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатыстыата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні __________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіреді

Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған қазақ елі Әбілхайыр хандығынан шығып қай елге келгенін ғана атап жазады. М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттауда қиналады

Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған қазақ елі Әбілхайыр хандығынан шығып қай елге келгенін, қазақ елін Моғолстанн билеушісінің құшақ жая қарсы себебін, Әбілқайыр ханнан қашу себептерін атауда, М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттауда қателіктер жібереді

Керей мен Жәнібек сұлтандар басқарған қазақ елі Әбілхайыр хандығынан шығып қай елге келгенін, қазақ елін Моғолстанның қай билеушісі құшақ жая қарсы алғанын, Әбілқайыр ханнан қашу себептерін атайды. М.Х.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын сипаттайды

Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды

Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін/ маңызды қадамдарын анықтауда

қиналады

Қазақ хандары Керей мен Жәнібектің мемлекетті нығайтудағы рөлін/ маңызды қадамдарын анықтауда қателіктер жібереді

Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын көрсетеді

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттауда қиналады

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығының саяси/экономикалық/әлеуметтік-этникалық факторлар бойынша анықтауда қателіктер жібереді

Қазақ хандығының құрылуының маңыздылығын факторлар арқылы сипаттайды

IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының оңтүстік шекараларының нығаюы.

Тәуке хан тұсындағы қазақтардың қоғамдық-құқықтық жүйесі

Оқу мақсаты

6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау

6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мемлекетті нығайтудағы ханның рөлін анықтайды
  • Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтаңыз.

2. Төмендегі кестеде қазақ хандарының көршілес мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынасын анықтаңыз.

 

 

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мемлекетті нығайтудағы ханның рөлін анықтайды

1

Тәуекел ханның Қазақ хандығын басқарудағы жетістіктерін анықтайды;

Тәуекел ханның тұлғалық қасиетіне сипаттама жасайды;

Тәуке ханның Қазақ хандығын басқарудағы жетістіктерін анықтайды;

Тәуке ханның тұлғалық қасиетіне сипаттама жасайды;

1

1

1

1

Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдайды

2

Хақназардың Ресей мемлекетімен халықаралық қарым-қатынасын анықтайды;

Хақназардың Ресей мемлекетімен халықаралық қарым-қатынасын анықтайды;

Хақназардың Орта Азия хандықтарымен халықаралық қарым-қатынасын анықтайды;

Тәуекелдің Орта Азия хандықтарымен халықаралық қарым-қатынасын анықтайды;

Тәуекелдің жоңғар хандығымен халықаралық қарым-қатынасын анықтайды;

Тәуекелдің жоңғар хандығымен халықаралық қарым-қатынасын анықтайды.

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл

10

«Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімібойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушыныңаты-жөні: ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Мемлекетті нығайтудағы ханның рөлін анықтайды

Тәуекел хан/ Тәуке ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтауда қиналады

Тәуекел хан/ Тәуке ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтауда қателіктер жібереді

Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды

Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдайды

Тәуекел хан/Хақназар ханның көршілес мемлекеттер: Жоңғар мемлекеті/Ресей мемлекеті/ Орта Азиямен қарым-қатынасын анықтап талдауда қиналады

Тәуекел хан/Хақназар ханның көршілес мемлекеттер: Жоңғар мемлекеті/Ресей мемлекеті/ Орта Азиямен қарым-қатынасын анықтап талдауда қателіктер жібереді

Тәуекел хан/Хақназар ханның көршілес мемлекеттер: Жоңғар мемлекеті/Ресей мемлекеті/ Орта Азиямен қарым-қатынасын анықтап талдайды

«XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың рухани мәдениеті

XVI – XVII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениеті

Оқу мақсаты

6.2.2.1 Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау

6.2.2.5 Көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктерін сипаттау

6.4.1.2 Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қазақ халқының күйлері мен шежіресін дереккөз ретінде айқындайды
  • Көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктеріне сипаттама береді
  • Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

  • Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

XVI – XVII ғ қазақ даласында кең таралған күйлер

«Шыңғыснама» қандай ақпарат береді?

2. Суретті пайдаланып, төмендегі кестені толтырыңыз.

Киіз үйдің құрылысы

Киіз үйдің жабдықтары

Киіз үйдің заманауи баспаналардан ерекшеліктері

3. Жылқының маңызын түрлі салалар бойынша сипаттаңыз.

Жылқының шаруашылықпен байланысы

Жылқының салт-дәстүрмен байланысы

Жылқы сүтінің емдік қасиеттері

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Қазақ халқының күйлері мен шежіресін дереккөз ретінде айқындайды

1

XVI – XVIIғ.ғ. қазақ даласында кең таралған күйлерді анықтайды;

«Шыңғыснама» қандай ақпарат беретінін айқындайды;

1

1

Көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктеріне сипаттама береді

2

киіз үйдің құрылысын жазады;

киіз үйдің жабдығын жазады;

киіз үйдің заманауи баспаналардан ерекшелігін көрсетеді;

1

1

1

Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтайды

3

жылқының шаруашылықтағы рөлін анықтайды;

жылқының ұлттық салт-дәстүрмен байланысын анықтайды;

жылқы сүтінің емдік қасиеттерін көрсетеді.

1

1

1

Жалпы балл

8

«XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойыншажиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушыныңаты-жөні: ___________________________________________

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Қазақ халқының күйлері мен шежіресін дереккөз ретінде айқындайды

XVI – XVII ғ қазақ даласында кең таралған күйлерді атауда,

«Шыңғыснама» туралы жазуда қиналады

XVI – XVII ғ қазақ даласында кең таралған күйлерді атауда,

«Шыңғыснама» туралы жазуда қателіктер жібереді

XVI – XVII ғ қазақ даласында кең таралған күйлерді атауда, «Шыңғыснама» туралы жазады

Көшпелілердің қолданбалы өнердегі жетістіктеріне сипаттама береді

Киіз үйдің құрылысын, жабдықтарын, заманауи баспаналардан ерекшеліктерін сипаттауда қиналады

Киіз үйдің құрылысын, жабдықтарын, заманауи баспаналардан ерекшеліктерін сипаттауда қателіктер жібереді

Киіз үйдің барлық құрылысын, жабдықтарын заманауи баспаналардан ерекшеліктерін сипаттайды

Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтайды

Жылқының шаруашылықпен, салт-дәстүрмен байланысын, емдік қасиеттерін анықтауда қиналады

Жылқының шаруашылықпен, салт-дәстүрмен байланысын, емдік қасиеттерін анықтауда қателіктер жібереді

Қазақ халқы үшін жылқы малының ерекшеліктерін анықтайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Арай
    Оқырман Арай 19.10.2022 12:32
    0 + 2 -
    Оғыз мемлекетті мен қимақ мемлекетінің ұқсастығы қандай