Бастауышпен қоштасу (сценарий)


Бастауышпен қоштасу мерекесі

Мақсаты:

  • Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу;2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу;3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу;Көрнекілігі: шарлар, білім кілті, фотомонтаж, слайдтар, видео-ролик, мақал-мәтелдер, нақыл сөздерВидеоролик «Шуақты 4 жыл …»

Мұғалім:

Бүгін, міне, жақсы күн жарқыраған,Көңілдер қуаныштан сарқыраған.Қоштасатын күн келді бастауышпен,Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,Именіп ұлы ұяға енген еді.4 жыл бойы сусындап білімменен,Ұшатын қанат қағып келді кезі.

Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!

Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміз , енді міне, қанаттары қатайып, білімнің негізі болатын бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Олай болса 4-сыныптың «Қош бол, бастауыш» атты мерекелік салтанатына қош келдіңіздер!

Бесіктегі баланың,Күлгенін көрген — бір мұрат.Алдына түсіп ананың,Жүргенін көрген — бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! (Оқушылар ортаға шығады)

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.Қол соғып, қошеметтеп отырайық,4-сынып оқушылары ортамызда!

Мұғалім:Армандасаң да , қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

(Музыка «Жазамын жүрегімнен»)

1 — жүргізуші: Р

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар! Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.Көз салып қараңызшы бойымызға,Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2 — жүргізуші: А

Бала шаққа болашақты жырлатып,Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!

1 — жүргізуші: Р

Армысыздар, әжелер мен аналар!Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.Ел дәстүрін мәңгі сыйла, оқы деп,Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

2 — жүргізуші: А

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!Қыран құстай балапанын мәпелер.Бүгін, міне, бастауышпен қоштасады,Азамат боп, кешегі сәби-еркелер!

1 — жүргізуші: Р

Армысың сен, алтын ұя мектебім,Саған айтар жыр-алғысым көп менің.Жүректерге жаққан білім шырағын,Мектебіме арналады бұл әнім!

2 — жүргізуші: А

Дұрыс айтасың Расул! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді, міне мен де мектептен тәлім алудамын.

1 — жүргізуші: Р

«Мектеп — білім» кемесінБасқарып бүгін келесіз.Ата-ана, ұстаз, балағаАқ жарқын сәлем етесіз.Шақырып едік, келдіңіз,

Ғалымжан Серікбайұлына

Сөз кезегін береміз.Мектеп директорының құттықтау сөзі

2 — жүргізуші: А

Құрметті Индира әпкей, қош келдіңіз,Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,Сөз береміз құрметпен өзіңізге,Түлектерге арналсын тілегіңіз.

1 — жүргізуші: Р

— Балалар, айтыңдаршы біздің мерекеге келген қонақтар біз жайлы білгілері келіп отырған шығар, өзімізді таныстыра кетсек артық болмас еді.1-оқушы: 4 сыныпты 8 бала бітіргелі отыр (Сая)2-оқушы: Сыныптың орта жасы – 9 жас (Абзал)3-оқушы: Бойлары – 130 см, 4 жылда әр бала 15 см-ге өсті (Инабат)4-оқушы: Салмақтары — 30 кг, 4 жылда әр бала 4 кг-нан салмақ қосты. (Ерзат)5-оқушы: Сынып оқушылары мейірімді, ақкөңіл, алғыр (Балнұр)

6-оқушы: Сыныпта 3 оқу озаты мен 2 екпінді бар (Ерасыл)

1-жүргізуші: — 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып, мыңдаған сабақтар оқыдық.2-жүргізуші: — ондаған ережелер жатталып, жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.1-жүргізуші: — басымызға көптеген ғылыми түсініктер қалыптасып, ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр2-жүргізуші: — үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде, мыңдаған сағатымыз партада отырумен өтіпті.1-жүргізуші: — 6560 дәптер жазып тастаппыз2-жүргізуші: — қосымша парақтарды айтсаңшы1-жүргізуші: — 4 жылда 6600 қоңырау соғылды. 4 жыл еңбектендік.2-жүргізуші: — Ал ол дегеніміз — 2 904 сабақ1-жүргізуші: — 102 сынып сағаты2-жүргізуші: — 2 433 шулы да, көңілді үзілістер1-жүргізуші: — тау-тау оқылған кітап беттері2-жүргізуші: — реніштер мен қуаныштар, қызықты оқиғалар.Оқушылар хормен: Бұған тек әлділер ғана шыдайды.

1-жүргізуші: Десек те, біздің сыныпта ешкім де, екінші жылға оқуға қалған жоқ қой.

2-жүргізуші: Әрине, барлығымыз бәйгеге қосқан тұлпардай жүйткіп келеміз!

1-жүргізуші: Ия, Ақмаржан мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.

2-жүргізуші: Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларына кезек берейік.

1 — оқушы: Ерзат

Мектeп деген – білім кені жыр кені,Мектеп деген – ғылымның ең үлкені.Мeктеп деген – тәрбиеші адамға,Мектeп деген – даналардың мекені.

2 — оқушы: Балнұр

Мектебім білім берер алтын ұям,Бой жетіп сенде сөзім артты санам.Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдайӘрқашан қасиетті атың маған.Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,Өзіңе борыштармын өмір бойы,Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

3-оқушы: Ерасыл

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,Алтын ұя, ақ босаға киелі,Қанат қаққан білім алып өзіңнен,Күллі шәкірт саған басын иеді.

4-оқушы: Сая

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

5-оқушы: Инабат

Мектеп – үйім, ұстаздарым – ата-анам,Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,Тамырланып, сан тарапқа тараған.

6-оқушы: Абзал

Алтын ұя мектебім аялаған,Бар балаға білім беріп, сая болған,Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,Жаманға да, жақсыға да пана болған.

1-жүргізуші:Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Ақмаржан?2-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз ғой. «Мұғалім — мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

1-жүргізуші:Ия, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», — деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, 42 әріпті танытқан , оңымыз бен солымызды айырып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім.

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, Расул, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі — бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.1-жүргізуші: Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де — ұстаз өсіреді» деген екен.

2-жүргізуші: Олай болса келесі жырымызды қолымызға қалам ұстатып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстазымызға арнаймыз!

1-оқушы: Ерзат

Маған ұстаз үйретті,Әліппесін өмірдің.Жан жүйемді билетті,Күйі шалқып көңілдің.Қиялымды кездірді,Таптым ойдың тұрағын,Маған ұстаз сездірді,Алдағы өмір шырағын.

2-оқушы: Балнұр

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсіз,Әр балаға сіз ана-әкедейсіз.Болашақтың көктеген жас шыбығын,Бағбанындай аялап, мәпелейсіз.

3-оқушы: Инабат

Көңілін бар шәкірттің таба алатын,Кеуделерге намыс отын жаға алатын.Өзіңіздей болса, шіркін, барлық ұстаз,Жез таңдай, күміс көмей, сөзі алтын.

4-оқушы: Ерасыл

Есімде ерен ұстазым,Шашымнан сипап өткенің.Аянбай бізге қыс-жазы,Молынан мейір төккенің.

5-оқушы: Сая

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.Сағына әркез суреттерді парақтап.Шәкірттерін жиі еске алатын.

6- оқушы: Абзал

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан ,Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.Жатталады жан жүректе есіміңіз,Анамның аяулы үні сияқтанған.

7- оқушы: Расул

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанады,Бейнеңіз жүректерде сақталады.Біз әлі биіктерден көрінеміз,Үміт пен сеніміңіз ақталады.

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

Ән: «Ұстаз-Ана!» Балнұр

1-жүргізуші: Р

Қағылды, міне, әуенге бөлеп,Қағылды соңғы қоңырау.Қалайша 4 жыл тез өтіп кеткенШындық па осы, япыр-ау !

2-жүргізуші: А

Расында да, 4 жыл деген 4 күндей боп өте шықты ғой. Олай болса, мына бізге білім берген ұстаздарға деген шәкірттердің тілегін қабыл алыңыздар!

1-оқушы: Ақмаржан

Байсалды мінезіңіз бірқалыпты,Менің де көкейімде із қалыпты.Роза әпкей неткен мықты төзімдісіз,Шәкіртім білім алсын, білсін дейсіз.

2-оқушы: Сая

Үйреткен сөз өнердің қыр-сырларын,Гүлденткен үлес қосып бала бағын.Жансая әпкейге шексіз алғыс,Жүріңіз шәкірттерге беріп дәріс.

3-оқушы: Ерзат

Орыс тілді оқытып,Тілімізді ширатқан.Сыныпқа кіріп келгенде,Қимылдамас еш пенде.Айгүл апай тәртіпті,Ұғындырған біздерге

4- оқушы: Ерасыл

Үйренеміз жалықпай,Ағылшын тілін шарықтай.Тіл сындырып,ән айтып,Шаттанамыз қалықтай,Құралай апай тәліміСәулесін шашқан жарықтай.

5-оқушы: Балнұр

Ұстаздардың арқасында шаттандық,Сөзін ту ғып, болашаққа аттандық.Еңбек пәні мұғалімі Күлпаш әпкейБарлығымыз жүретұғын мақтан ғып.

6-оқушы: Инабат

Музыка атты пәніміз,Айтылар онда әніміз.Еркінбек ағай үйретсеШырқатамыз бәріміз.

1-жүргізуші: Иә, осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы бүлдіршін едік, сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттағанбыз.2-жүргізуші: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.1-жүргізуші: Иә, міне, сағымдай боп өте шыққан 4 жыл ішінде біздің ұстаз-анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.2-жүргізуші: Ендеше, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа!

1-оқушы: Сая

Бастауышым – бал бұлағым,Лаулап жанған шам-шырағым.Өзің берген біліміңмен,Самғап ұшар тау қыраның.

2-оқушы: Ерасыл

Бастауышым- бал бұлағым,Алдым сенен балдың дәмін.Әріп танып, білім алыпРахметімді жаудырамын.

3- оқушы: Балнұр

Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,Бір мектептің ұлы менен қызымыз.Бірдей өстік оқуда да, еңбекте,Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.

4— оқушы: Ерзат

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,Ақылға келе алмадық ерте көніп.Бойымыз бірте-бірте үйренісіп.Мектептің ережесін үйрендік кеп.

5-оқушы: Инабат

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?Бастауыштa айтылмаған сыр бар ма?Бастaуышта алған білім, жырларым,Азық болар , әлі талай жылдарға.

6-оқушы: Абзал

Өтті сенде қызық шағым,Бастауышым- бал бұлағым.Қоштасар күн жетті, міне,Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ән: «Бастауышпен қоштасатын кез келді» Ақмаржан

1-жүргізуші: Расул

Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін әдебиет, тарих, биология, алгебра, физика, химия т.б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика, дүниетану, орыс тілі пәндерін зер салып оқып үйрендік.

1-оқушы: Балнұр

Қазақ тілі пәнінен,Білім алды балалар.Сөйлемді, сөз таптарын,Етістіктің шақтарын,Жалғаулар мен жұрнақтар.Ережесін жаттадым

2-оқушы: Расул

Анашымдай сыр шерткен,Ақыл- білім үйреткен.Ана тілін оқыдық ,Ерекше зор құрметпен.Ана тілін сүйеміз,Құрметпен бас иеміз.Ана тілмен қоштасамыз,Әдебиетпен достасамыз.

3- оқушы: Ақмаржан

Ойланып есеп шығартып,Төрт таңбаны білдірген.Ғылымдардың патшасы,Математика данасы

4-оқушы: Абзал

Ой жіберсең бәріне ,Дүниетану пәніне.Өмір сырын үйретер,Пәннің жақсы бәрі де.Жер байлығы көп екен,Игеруді қалайды.Осының бәрін білдірген,Дүниетану сабағы.

5-оқушы: Ерасыл

Үйренеміз жалықпай,Орыс тілін шарықтай.Тіл сындырып, ән айтып,Шаттанамыз қалыспай.

Хор: «Бастауыш мектеппен қоштасу»

1-жүргізуші: Расул

Біздердің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

2-жүргізуші: Ақмаржан

Олай болса келесі жыр шумақтары аяулы ата-аналарымызға арналады. Қабыл алыңыздар!

1-оқушы: Абзал

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген,Суыққа шалындырмай, мәпелеген.Өмірдің соқпағымен өрге тартып,Алдымен адам бол деп жетелеген.

2-оқушы: ЕрасылӘкешім тілеуімді тілеп жүрген,Аумайсың жарығы мол ашық күннен.Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.Ақылды балаларың оны білген.

1-жүргізуші: Әр ана өз баласын жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың Расул! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?!

1-оқушы: СаяДүниеге әкелген, ол да сенің анашың,Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

2-оқушы: Балнұр

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.Білім алып, тер төгем , еңбек етем,Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Хормен: Ата-ана сізге мың алғыс!

Ата-аналарға алғыс хаттарды табыс ету

Видео ролик

2-жүргізуші: А

Соңымыздан еріп келе жатқан мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндеріне бастауыштың білім кілтін табыс етеміз.

1-жүргізуші: Р

Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,Бәрі біздей азамат болғалы тұр.Біріншіге келетін балаларғаТапсырамыз білімнің кілтін біз.

2-жүргізуші: АОсыдан 4 жыл бұрын біз де сендер секілді бүлдіршін едік. Мектеп табалдырығын имене аттап, оқушы атандық. Енді, міне, 4-сыныпты аяқтап, бастауышпен қоштасқалы отырмыз. Мінекей, бастауыштың білім кілтін сендерге табыстаймыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, тек алда болыңдар!

1-жүргізуші: Расул

Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,Бүлдіршінді аяласын күн нұры.Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,Бүгін соңғы қоңыраудың сыңғыры.

2-жүргізуші:

Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!

Ән: «Қимай тұрмын бастауышты» Расул

1 — жүргізуші: Ақмаржан

Жетекші боп жүрдіңіз түлектерге,Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де.Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,Сіздерге арнап айтатын тілегін де — дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!

Ұстаз тілегі:Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,Сенімдердің айналыңдар серперіне.Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,Аластайтын жаныңды күз көңілден.Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Қарлығаштай қанат қағып самғаңдар,Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.Бастауыштан алған нұрлы білімді,Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, — демекшімін, бастауышта алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай түсіңдер.

Мұғалім: «Қоштасу әні»

Ұстаздың қоштасу әні

Ақ жол тілеп түлектерді шығарып салады

Мұғалім:

Жақсы шәкірт азамат атанады,Халқынан, ата-анадан бата алады.Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,Ортаға шақырайық ата-ананы.

Ата-аналардың құттықтау сөзі

Ал ата-аналарға айтарым:

Қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын.Тек биікке самғасын!

Ал түлектерге айтарым:

Алдарыңда ұзақ жолың бар,Оқумен өсіп толыңдар.Қиындыққа мойымай,Аман-есен болыңдар!

Арман-тілектерін айтып, әуе шарларын аспанға ұшыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу